400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үйшік ертегісі технологиялық карта

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қиялын, сөздік қорын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: Қатынас

Оқу іс-әрекеті:Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі» (мнемотехниканы қолдану)

Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыра білуді қалыптастыру. Балалардың ойлау қабілетін,ой-өрісін,өзіндік көз қарасын,тіл байлығын жетілдіру. Табиғатты қорғай білуге; жануарларға деген қамқорлығын; көмекке әрқашан дайын болу керектігін тәрбиелеу.

Білімділік: Балаларға ертегі барысын эмоционалды қабылдауды, мнемотехника әдісі арқылы кейіпкерлерді тануға үйрету. Әңгімелеу барысында ойларын байланыстырып жеткізуге, сөздік қорларын ертегі мазмұнына сәйкес пайдалана білуді  жетілдіру

Дамытушылық: Балаларды ертегі мазмұнын берілген кейіпкерлердің тірек суреттер арқылы, өз қиялдарымен әнгімелеуге үйрету. Шығармашылық қабілеттерін арттыру,тапқырлыққа баулу.

Тәрбиелік: Ертегі кейіпкерлерінің жағымды,жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың іс-әрекеттерін бағалауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: ғажайып сәт, мнемотехника арқылы ертегіні мазмұндау. Сұрақ-жауап, ойын «Кім тапқыр»

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

  Баланыңң  іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиеші: Топқа тәрбиеші сиқырлы қалта ұстап келеді. Сиқырлы қалта ішінде үйшік ертегісінің кейіпкерлері салынған.

Сиқырлы қалта қызыға қарайды.

Ұйымдас-қ ізденушілік кезеңі

Ертегіні  есіне түсіріп, талқылау.

- Ертегі қалай аталады?

- Үйшікте қандай жануарлар  бар?

- Ертегіде тышқанды, бақаны, қоянды, қасқырды, аюды қалай атайды?

Тәрбиеші сиқырлы дөнгелектер назар аударады

- Балалар мына ақ қағаздан не көріп отырсыздар?

Бұл дөңгелектер жай дөңгелек емес, сиқырлы дөңгелектер. Бұл дөңгелектерді ертегі кейіпкерлеріне айналдырамыз.

- Ең бірінші үйшікке не келді?

- Бірінші дөңгелегімізді тышқанға айналдырайық, құйрығын салайық.

- Екінші болып кім келеді?

- Бақаның аузы үлкен .Аузын салайық.

- Бақадан кейін не келді?

Қоянның құлағы қандай?

- Ұзын құлақ салайық,Шеңберді қоянға айналдырайық.

- Ал түлкі қандай?Құйрығы қандай?

-Түлкіден кейін қай аң келеді?

- Қасқырдың тісі қандай?

- Аю қандай?Аюды қалай атайды?

Балалар тәрбиешінің көмегімен суреттерді тану арқылы ертегіні айтады.

 

Сергіту сәті:

Алаңда үйшік

Есікте құлып

Сәулетті үйшік тым жақсы

Үйшікте кім бар тіл қатшы

Тук, тук ,тук.

Тәрбиеші балаларға кейіпкерлерінің тірек схемалар бойынша ертегіні аяқталуын өзгертіп,қиялымен әнгімелеу.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды. ін қазған - тышқан

бақылдауық - бақа

желаяқ - қоян

Түлкіжан - сіңіліжан

Көкжал қасқыр

Қорбанбай - аю

Балалар назарын сиқырлы дөңгелектерге аударады.

- Бұл қағаздан дөңгелек көріп отырмыз.

Бірінші болып інқазған- тышқан келеді.

 

 

 

- Екінші болып бақылдауық-бақа келді.

- Бақадан кейін желаяқ-қоян келеді.

 

Түлкіжан-сіңіліжан келеді. -Түлкі қу,құйрығы ұзын.

Көкжал қасқыр келеді.

 

 

 

 

 

 

Балалар суретке қарап ертегіні айтып береді.

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін қимылмен жасайды

Рефлекстік реттеуші

Д/о « Кім тапқыр»

Ойының ережесі: балаларға тірек суреттер беріліп, жануардың екінші бөлігін немесе сәйкес келетін тірек белгілерін тауып, сызық арқылы қосу. Мысалы: қоянның ұзын құлағы-кішкентай құйрық ,торғайдың тұмсығы-т.б.

Балалар қызығушылығымен ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ертегі мазмұнын;

Игереді: Ертегі кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың іс-әрекеттерін бағалауды;

Меңгереді: Балаларға ертегі барысында эмоционалды қабылдауды, модельдеу әдісі арқылы кейіпкерлерді тануды;



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
5859
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі