Білім
беру салалары: таным,
коммуникация.
Бөлімі:
сенсорика.
Тақырыбы:
Үйшік.
Мақсаты:заттардың
өлшемі бойынша салыстыру тәсілдерін
(қатарластырып қою және беттестіру)
үйрету заттарды өлшемі бойынша (беттестіру
және қасына қою) салыстыру тәсілін
балаларға үйрету
заттардың
өлшемін сөзбен білдіру
пішіні бойынша
геометриялық
пішіндерді топтастыру икемділігін
бекіту; ұсақ қол моторикасын жетілдіру.
Қолданылатын
көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:
қалташа, шар, аңдар бейнесі (аю, қасқыр,
түлкі, қоян, тышқан), әртүрлі өлшемдегі
шаршылар (5 дана).
Сөздік
жұмыс: ғажайып.
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
Ойындық
жағдаят. Бөлмеге хат байланған шар ұшып
келеді. Тәрбиеші
хатты
алып оқиды: «Қымбатты балалар, сендерге
хат жазып отырған – аңдар. Бізге үйшік
салуға
көмектесіңдерші.
Біз оны тұрғызған болатынбыз, бірақ ол
қайта-қайта құлап, бұзыла береді».
–
Балалар,
аңдарға көмектесеміз бе?
–
Ендеше,
орманға барайық, ол жай орман емес,
ғажайып орман. Бұл орман жылы, әрі жанға
жайлы.
Сөздік
жұмыс: ғажайып.
-Бұл
не шу? Біреулер ұрсысып жатқан сияқты
(шымылдықты ашады).
–
Бұл
аңдар екен ғой. 15
–
Сәлеметсіңдер
ме, балалар, келгендерің жақсы болды.
Сендер біз жіберген хатты алдыңдар ма?
2.
Негізгі кезең.
Тәрбиеші
–Кәнеки,
балалар, аңдарды бойына қарай тұрғызайық.
–
Аңдардың
ішінде ең үлкені не?
–
Кәне,
аюды салыстырайықшы, ол шынымен де
бәрінен үлкен бе? Аюды түлкінің, қасқырдың,
қоянның,тышқанның қасына қояйық.
–
Иә,
ол ең үлкені екен.
–
Кәне,
Назгүл, оны алып ең шетіне қой.
–
Ал
қалғандарының ішіндегі ең үлкені не?
–
Кәне,
тексеріп көрейік. Басқа аңдарды салыстырып
көрейік.
–
Қалғандарының
ішіндегі ең үлкеніне?
–
Ең
кішкентай болып не қалды?
–
Қараңдаршы,
аңдар қалай тұр:ең үлкені, кішкентайы,
одан да кішкентайы, ең кішкентайы.
–
Ал
енді шаршылардан аңдарға арнап үйшік
тұрғызайық.
–
Аю
үшін ең үлкен шаршыдан тұрғызамыз. Ең
үлкенін табыңдаршы.
–
Ал
енді тексерейік: шаршыны екінші шаршының
үстіне қояйық (үстіне қою әдісі арқылы
тексереміз) және т.б.
–
Оны
жеке қоямыз.
–
Қалғандарының
ішінен ең үлкенін табайық және т.б.
–
Ал
енді ең кішкентайы қалды. Оны ең жоғарғы
жағына қояйық.
–
Енді
аңдарды үйшікке орналастырамыз. Ең
үлкеніне аюды, одан кішісіне қасқырды,
оданда кішісіне түлкіні, ең кішісіне
қоянды кіргіземіз. Қалған ең кішісіне
тышқанды кіргіземіз.
–
Міне,
қандай үйшік шықты: үлкен,кішкентай,
одан кішкентай, одан да кішкентай, ең
кішкентайы.
Сергіту
сәті.
Алға
қарай бір адым,
Артқа
қарай бір адым.
Бiр
орнымда қозғалып,
Кезек
басып тұрамын.
Жоғары-төмен
қарайық.
Орнымызды
табайық.
–
Балалар,
біздің аңдарымыздың достары көп екен,
олар да өздеріне біздің дәл осындай
үйшік салып бергенімізді қалайды.
Сендерсіз олар үйшік тұрғыза алмайды,
оларға көмектесемізбе?
–
Сендердің
үстелдеріңнің үстінде де шаршылар бар.
Олардан өз үйшіктеріңді тұрғызыңдар.
–Тәрбиеші
балалармен
жеке жұмыс жүргізеді.
3.
Іс-әрекетті
бақылау кезең
Тәрбиеші
қорытынды
жасайды. Жарайсыңдар! Біз қандай керемет
үйшіктер тұрғыздық. Астында үлкен шаршы,
сосын одан кішкенесі, одан да кішкенесі,
одан да кішкенесі, сосын ең кішкентайы.
Аңдардың барлығы риза болып, алғыстарын
айтады. Міне,сендер қандай әдемі үйшіктер
құрастырдыңдар. Ал енді үйлеріңмен және
аңдармен ойнауларыңа болады.
Күтілетін
нәтижелер:
жасайды:
аю,
қасқыр, түлкі, қоян, тышқан;
түсінеді:
өлшемі бойынша заттарды салыстыру
дағдысын
(үстіне
қою, қасына қою);
қолданады:
пішіні бойынша геометриялық пішіндерді
топтастыруды.