400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Үйшік" орыс халық ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Үйшік" орыс халық ертегісі. Сахналық қойылым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Үйшік» орыс халық ертегісі

Мақсаты: Балалардың ақыл-ойларын, сөздік қорларын дамыту. Сөзді анық айтуға, есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегі арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту. Балаларды ұқыптылыққа, жан-жануарларға қамқор болуға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдер: Сұрақ-жауап, тыңдау, мәнерлеп айту

Қажетті құралдар: кейіпкерлер киімдері, орман көрінісі, касса, автобус макеттері, театр билеттері, гүлдер.

Безендірілуі: зал екіге бөлінеді, жартылай сахна артында ертегі желісі бойынша орман бейнеленеді, орманда үйшік тұрады, музыка әуенімен аңдар кіреді. Залдың жарты бөлігінде топ балалары автобуспен театрға барады, сахна алдында касса тұрады, сахна пердесі ашылады, көрермен орындықтарында балалар отырады.

Билингвальды компонент: тышқан-мышь-mouse, бақа-лягушка-frog, қоян-заяц-hare, түлкі-лиса-fox, қасқыр-волк-wolf, аю-медведь-bear


Қатысушы балалар:

Автор: Тәрбиеші

Кассир: Малика

Тышқан: Айнамкөз

Қоян: Абдурахман

Бақа: Нұрахмет

Түлкі: Айзере

Қасқыр: Сейдулла

Аю: Искендір

Көрермен балалар: София, Мерей, Ақжарық, Раяна, Нарұл, Алдияр, Мансұр, Ержігіт, Осман














Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Здраствуйте,

Good morning, teacher

-Бүгінгі күніміз ерекше болғалы отыр.

-Сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?

-Балалар сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

-Ал сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?

Бүгін біз театрға «Үйшік» ертегісін көруге баратын боламыз. Ол үшін автобуспен барамыз.

-Міне автобусымыз дайын. Автобуста отырғанда қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек, бір-бірімізді итермейміз, орындықта түзу отырамыз.

(көңілді музыка қосылып қимылдар жасау)

-Балалар театрға жетеміз дегенше, мен сендерге қызықты жұмбақтар жасырайын

Үй ішін аралап

Түнде көп жортады

Қаптарды жарады

Мысықтан қорқады (Тышқан)

Сулы жерді мекендеп

Құрлықта да секеңдеп

Шыбын-шіркей аңдиды

Жемге қашан жетем деп (Бақа)

Өзі бір қу, жүрген жері айқай шу. (Түлкі)

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады (Аю)

Аузы бейне шалғы орақ

Шөп емес бірақ мал орады (Қасқыр)

Аппақ қардай тоны бар

Күдірейген жануар (Қоян)

-Жарайсыңдар, жұмбақтарды тез-ақ таптыңдар, біз театрға келіпте қалған сияқтымыз, балалар мен сендерге теңге беремін, оны театр кассасында отырған адамға бересіңдер. Ол бізге ертегіге кіру үшін билет береді.

- Сейдулла сенің қолыңда қанша теңге бар?

-Дұрыс айтасың театрға үш теңгемен кіреміз.

Автобустан ақырын түсеміз, бір-бірімізді итермейміз.

-Ой, балалар қараңдаршы, жолдың жиегінде бірдеме отырған сияқты (жанына жақындап барып көру)

-Міне театрғада келдік, енді кассаға жақындап билет алайық.

-Балалар билетке назар аударып қарайық, билетте әр қайсымызда әр түрлі пішіндер бейнеленген, осы пішіндер арқылы өз орнымызды тауып алайық, (орындарына жайғасып, ертегі тамашалайды)

(Сахна ашылады)

Автор: Құрметті қонақтар, «Үйшік» ертегісіне қош келдіңіздер!

Жазық далада бір үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:

Тышқан:— Үйшік-үйшік! Кім үйшік те тұрады?

Автор: Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді.

Автор: Бақылдап бақа келеді:

Бақа:— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

Тышқан:— Мен, шиқылдауық тышқанмын.

Бақа:— Ал мен, бақылдаған бақамын.

Тышқан:— Кел, бірге тұрайық!

Автор: бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді. Секең деп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды:

Қоян: — Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

Тышқан: — Мен, шиқылдауық тышқанмын.

Бақа: — Мен,..бақылдаған бақамын. — Ал сен кімсің?

Қоян:— Мен, секеңдеген қоянмын. — Кел, бізбен тұр!

Автор: Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені түлкішек-әпке тоқылдатады:

Түлкі: — Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

Тышқан: — Мен, шиқылдауық тышқанмын.

Бақа: — Мен, бақылдаған бақамын.

Қоян: — Мен, секеңдеген қоянмын. — Ал сен кімсің?

Түлкі:— Мен түлкішек-әпкемін. — Кел, бізбен тұр!

Автор: Енді олар төртеу болады. Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды:

Қасқыр:— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

Тышқан:— Мен, шиқылдауық тышқанмын.

Бақа: — Мен, бақылдаған бақамын.

Қоян: — Мен, секеңдеген қоянмын.

Түлкі:— Мен, түлкішек-әпкемін.— Ал сен кімсің?

Қасқыр:— Мен, сұр қасқырмын. — Кел, бізбен тұр!

Автор: Енді олар бесеу болады. Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты. Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп, тоқтап айқайға салады:

Аю: — Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

Тышқан:— Мен, шиқылдауық тышқанмын.

Бақа:— Мен, бақылдаған бақамын.

Қоян: — Мен, секеңдеген қоянмын.

Түлкі: — Мен, түлкішек-әпкемін.

Қасқыр:— Мен, сұр қасқырмын. — Ал сен кімсің?

Аю: — Мен, қорбаңдаған аюмын.

Аңдар бірге: — Кел, бізге, бізбен бірге тұр!

Автор: Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды.

Аю— Мен, шатырда тұрайын.

Аңдар:— Бізді басып қаласың.

Аю:— Жоқ, қорықпаңдар.

Аңдар: — Жарайды, шық.

Автор: Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп құлады. Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты!

(Барлығы бірге билейді. Өздерін таныстырады. Көрермен гүл сыйлайды)

-Рахмет сендерге, ертегі бізге өте қатты ұнады.

-Балалар осымен ертегі аяқталды, енді автобусымызға барып, бақшамызға оралайық. Бақшаға жетем дегенше бәріміз бірге жануарларды орыс және ағылшын тілінде айтып жіберейік.

Билингвальды компонент: тышқан-мышь-mouse, бақа-лягушка-frog, қоян-заяц-hare, түлкі-лиса-fox, қасқыр-волк-wolf, аю-медведь-bear

-Балалар бақшағада келіп қалдық.

-Балалар сендерге театрға саяхат жасағанымыз ұнадыма?

-Сендерге қандай жануар ұнады?

-Ертегі ұнады ма?

Балалар бәріміз бір-бірімізбен дос болуымыз керек екен.

Бірлік-түбі береке, деген сөз осыдан қалса керек. Бәріміз бірге болсақ қана әрқашан жеңіске бірге жетеміз.

Кане бәріміз достығымыз берік екенін қонақтарға көрсетіп ән шырқап берейік.

«Достық» туралы ән.


Күтілетін нәтиже

Сахналау арқылы ертегі мазмұнын біледі. Ертегі кейіпкерлерінің ролдерін ойнап, мәнерлеп сөйлей алады. Ертегіні өз беттерімен сахналай алады.


Пайдаланылған әдебиет:

https://erketai.kz «Ертегілер әлемі» сайтынан алынды.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 желтоқсан
228
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі