жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Үйшік" орыс халық ертегісін сахналау.
«Данышпан » тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: «Үйшік» орыс халық ертегісі
Мақсаты:
Білімділік:Кейіпкерлердің әрекеттерін талдап, ертегіні тыңдауға үйрету. Ертегіні сахналай білуге үйрету.
Дамытушылық: Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп, балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Жүрекше, театр түрлері, электронды ойын, сиқырлы кітап, АКТ
Сөздік жұмыс: үйшік
Билингвалды компанент: ертегі- сказка-FAIRY TALE, тышқан- мышь-mouse, бақа- лягушка-frog, қасқыр- волк- wolf, түлкі- лиса-fox, аю-медведь- bear, қоян- заяц- rabbit
Күтілетін нәтиже:
Түсінеді: Ертегі кейіпкерлерінің көңіл-күйлеріне қарай ертегі желісін сомдауды;
Үйренеді: Сахналау арқылы мазмұнын үйренеді;
Меңгереді: Ертегіні зейін қойып тыңдауды меңгереді.
|
Оқу қызметінің кезеңдері |
Машықтанушының іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
-Сәлеметсіңдер ме? Здраствуйте? Hello? -Балалар, көңіл-күйлерің қалай? Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырып, амандасу рәсімін өткізеді. Балалар шеңбер бойына тұрып, жүрекшеге қолдарын қойып, бір-біріне жылы лебіздерін, тілектерін айтады. (Жүрекшеге қойғанда, жүрекше жанады).
Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз «Драма». Біз бүгін «Үйшік» орыс халық ертегісін театрға барып тамашалайтын боламыз. |
Сәлеметсіз бе? Здраствуйте? Hello? -Тамаша! Хорошо! I m fine! Қолдарын жүрекшеге қойып, лебіздер айтады. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.Қане, шешіп көріңдер. 1.Үйін жинап ертеңмен, Мейіз тауып алыпты. Мысығы келмеген соң, Ол өкпелеп қалыпты. Бұл қай ертегі? 2.Атай өзі салғанын, Көрді өсіп қалғанын. Ары тартты, бері тартты, Бірақ тарта алмады. Бұл қай ертегі? 3.Апасынан қашып кетті, Атасынан қашып кетті. Кездестіріп біраз аңды, Біраз жолдан асып кетті. Бұл қай ертегі? -Жарайсыңдар. Сендер жұмбақтардың барлығын шештіңдер. Ертегілерді дұрыс таптыңдар. Қандай ақылды балаларсыңдар. Ғажайып сәт: «Білімді ертекші». -Сәлеметсіңдер ме, балалар? Көңіл- күйлерің қалай? Мені таныдыңдар ма? Мен білімді ертекшімін. Менімен бірге театрға барғыларың келе ме? Мен сендерге ертегі айтып беремін. Сендердің ертегі тыңдағыларың келеді ме? Олай болса, мен сендерге тапсырмамды бірге әкелдім.Алдымен менің тапсырмамды орындаңдар. Қане, сендердің білімдеріңді тексерейін.
Машықтанушы: Ой, Сәлеметсіз бе, білімді ертекші? Біздің «Данышпан» тобына қош келдіңіз. Біздің балалар өте ақылды. Білімді ертекші, біз сізбен бірге театрға барғымыз келеді. Балалар, Білімді ертекшінің тапсырмасын орындаймыз ба? ОЛай болса, барлығымыз экранға назар аударайық. ЭЛЕКТРОНДЫ ОЙЫН Түрлі- түсті цифрдағы текшелерде тышқан, бақа, қоян, түлкі, аю жасырынып тұрады. Әр текшені балалар ашқан сайын, аңдар туралы айтылады.
1.Тышқан-мышь--mouse Сәлем, достар! Мен жертесер тышқанмын. Менің даусымды сала аласыңдар ма? Менің қимылымды көрсете аласыңдар ма? 2.Бақа- лягушка- frog Сәлем, достар! Мен бақылдауық бақамын. -Мына мен туралы өлең жолдарын қайталаңдар Бақа, бақа, балпақ, Басың неге жалпақ Темір тостақ көп киіп, Басым содан жалпақ. -Жарайсыңдар! Менің қимылымды кім жасай алады? 3.Түлкі- лиса- fox Привет моя друзья! Мен түлкімін! -Мен қандай аңмын? -Менің қимылымды кім жасай алады? 4.Аю-медведь- bear Хеллоу, май френд! Мен қорбаңбай аюмын. Менің қимылымды кім жасай алады? 5.Қоян-заяц-rabbit Сәлем, балақайлар! Мен қоянмын. Сендер мен секілді қатты секіре аласыңдар ма? Менің құлақтарым қандай, қане көрсетіңдерші? Машықтанушы: Балалар, Білімді ертекшіге осы кейіпкерлерден тұратын ертегіні дұрыс тауып беруіміз қажет? Тышқан, бақа, қоян, түлкі, аю кейіпкерлері бар қандай ертегі? Білімді ертекші:-Ой, жарайсыңдар, балалар! Сендер менің тапсырмаларымды өте дұрыс орындадыңдар. Қане, көздеріңді жұмыңдар. Мен сыйқырлы таяғым арқылы сендерді қызықты театр әлеміне жеткіземін. Осы кезде жарық.матор деген дауыс шығу керек. Машықтанушы: Ой, Білімді ертекші! Сіздің арқаңызда балалар театр әлеміне келді. Білімді ертекші: Қане, балақайлар! Театр әлеміне қош келдіңдер. Қазір мен сендерге «Үйшік» орыс халық ертегісін айтып беремін. Көлеңке театры арқылы ертегіні сомдайды. Сергіту сәті: Буги-буги Машықтанушы: Балалар, біз Білімді ертекшіге «Үйшік» ертегісін өзіміз сахналап берейік. (Балалар ертегіні қуыршақ театры арқылы сахналайды.) Білімді ертекші: «Данышпан» тобының барлық балалары ақылды екен. Мен енді сендермен қоштасайын. Басқа балаларды да театрға апарып, ертегі айтып беруім қажет. Сау болыңдар, менің кішкентай достарым. |
Балалар машықтанушыны тыңдайды. Жұмбақты тауып, шешеді.
Балалар жұмбақтардың шешімін тауып, ертегілер туралы ақпарат алады.
Білімді ертекшімен сәлемдеседі. Иа, театрға барғымыз келеді. Ертегі тыңдағымыз келеді.
-Иа
Әрбір ұяшықта орналасқан аңдардың дауысын, қимыл қозғалысын келтіреді.
Машықтанушыны мұқият тыңдайды, электронды ойындағы тапсырмаларды орындайды.
Балалар театр әлеміне келеді. «Үйшік» орыс халық ертегісін тыңдайды.
Сергіту жаттығуларын машықтанушымен бірге қайталайды.
|
|
Рефлексиялық – түзетушілік |
«Сиқырлы кітап» . -Ой, балалар! Білімді ертекші мына сыйқырлы кітабын бізге тастап кетіпті. Қане ішін ашып көреміз бе? Балаларға сұрақтар беріледі. Дұрыс жауап берген балалар шармен мадақталады. -Бізге бүгін қонаққа кім келді? -Білімді ертекшімен біз қайда бардық? -Біз бүгін қандай ертегімен таныстық? -Үйшік ертегісінің кейіпкерлерін ата?
Балаларды мақтау, мадақтау. |
Балалар жауап береді. Білімді ертекшінің сыйқырлы сыйлығымен мадақталады. |
Тексерілді: Сатқынбаева Г.Д
Алматы қаласы Білім басқармасы Жетісу ауданы №3 «Алтын-Орда Шұғыла» жеке мектепке дейінгі мекемесі Алматы қаласы филиалы
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы: «Үйшік» орыс халық ертегісі
Тобы: «Данышпан» ортаңғы тобы
Машықтанушы: Кішкенбай Аружан Ерболқызы





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген