400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үйшік ұйымдастырылған ашық іс—әрекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінні балалардың кейіпкерлерге кіре отырып ертегіні сахналай білуі
Материалдың қысқаша нұсқасы




Қазыбекова Гүлжамал Нұрбаевна

«Шұғыла» ІІ корпус бөбекжай-бақшасы тәрбиешісі



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Міндеті: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі кейіпкерлерінің сөзін келтіріп айтуға дағдыландыру. Достыққа, татулыққа  тәрбиелеу.

Интеграция (лат.integratio – қалпына келтіру, толықтыру):  қоршаған ортамен таныстыру,

Әдіс-тәсілдер: салыстыру,  сахналау, көрсету, түсіндіру, шаттық шеңбері,сергіту сәті, тақпақ,ойын.

Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің  бет перделері, ертегі кейіпкерлерінің  суреттері және қыс мезгілінің суреті, үнтаспа, үлестірілмелі материал.

Сөздік жұмыс: үйшік

Барысы:                                          

Шаттық шеңбері:


Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай берсін даламыз.


Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Еш уайымды білмейміз


Ойын: «Көңіл күйдің дыбысы»


             Ренжігенде «ух» дейміз;

             Қорыққанымыз да «ой» дейміз;

             Таңырқап «о-о» дейміз;

             Қуанғанда «ха-ха-ха» дейміз;


Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:Қыс мезгілі

Тәрбиеші:Балалар, қыс мезгілінде дала қандай болады?

Балалар:дала суық болады

Тәрбиеші: Не жауады?

Балалар:Қар жауады.

Тәрбиеші: Қардың түсі қандай?

Балалар:Ақ

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар балалар

Тәрбиеші: Балалар, сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

Балалар: Жеті лақ, үш аю, Маша мен аю, Бауырсақ, Шалқан, Үйшік ертегілерін білеміз.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Бүгін біз екі топтық командалық жұмыс жасайтын боламыз, балалар біз екі топ кезегімен өз жұмыстарымызды рет - ретімен көрсететін боламыз, бір біріміздің жұмыстарымызды қолдау беріп тамашалайық.

Бірінші топ:«Үйшік» ертегісін рөлдерде ойнайтын боламыз.

Тышқан: Зере

Бақа: Бексұлтан

Қоян: Бағым

Қасқыр: Алихан

Түлкі: Адина

Аю: Ахмет

Екінші топ: «Үйшік ертегісінің» кейіпкерлерін ретімен орналастырады.

Даниэль, Балым, Алинұр, М.Арсен, Ақназар, Жанали, Н.Арсен, Ерсұлтан


Тіл ұстарту жаттығуы:


Қан-қан-қан – шиқылдауық тышқан

Қа-қа-қа- бақылдауық бақа

Ян-ян-ян- секеңдеген қоян

Кі-кі-кі- айлакер түлкі

Ю-ю-ю- қорбаңдаған аю


«Үйшік» ертегісін баяндау.

-Ерте, ерте, ертеде орманды аралап тышқан келе жатып, әдемі үйді көреді.

Тышқан: Бұл үйде кім тұрады? –дейді. Ешкім үн қатпайды. Сөйтіп тышқан сол үйде тұрып жатады.

Келесі күні орманды аралап бақа келе жатып, ол да үйшікті көреді.

Бақа: Бұл үйде кім тұрады? –деп сұрайды.

Тышқан: Мен –тышқанмын. Ал сен кімсің?-дейді.

Бақа: Мен бақамын, сенімен бірге тұрсам бола ма?

Тышқан: Кел, дос болайық-деп шақырады.

Келесі күні орманды аралап қоян  келе жатып, ол да үйшікті көреді.

Қоян: Бұл үйде кім тұрады?-дейді.

Тышқан: Мен –тышқанмын. Мен бақамын. Ал сен кімсің?-дейді.

Қоян: Мен қоянмын

Тышқан, Бақа: Кел, дос болайық-деп шақырады.

Келесі күні орманды аралап түлкі келе жатып, ол да үйшікті көреді.

Түлкі: Бұл үйде кім тұрады?-дейді.

Тышқан, Бақа, Қоян: Мен –тышқанмын. Мен бақамын. Мен қоянмын.

Ал сен кімсің?-дейді.

Түлкі: Мен түлкімін, сендермен бірге тұрсам болама?

Тышқан, Бақа, Қоян: Кел, дос болайық-деп шақырады.

Келесі күні орманды аралап аю келе жатып, ол да үйшікті көреді.

Аю: Бұл үйде кім тұрады?-дейді.

Тышқан, Бақа, Қоян, Түлкі: Мен –тышқанмын. Мен бақамын. Мен қоянмын. Мен түлкімін. Ал сен кімсің?-дейді.

Аю: Мен аюмын, сендермен бірге тұрсам бола ма?

Тышқан, Бақа, Қоян, Түлкі: сен үлкенсің ал біздің үйіміз кішкентай

Аю: мен сендермен дос болғым келеді.

Тәрбиеші: Аю достарының үйімізге сыймайсың дегеніне қарамай үйге кірген кезде үй сынып қалады, бірақ достары аюға ренжімеді. Достар бірігіп үлкен әдемі үй салып алады. Ертегі сендерге ұнады ма? Осы ертегідегідей тату, дос боламыз ба?.

Балалар: Иә, ұнады.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалды сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.


Тәрбиеші: Ал, балалар енді біз екінші топ өнерлерін тамашалайық. «Үйшік ертегісінің» кейіпкерлерін ретімен орналастырады.


Ойын: «Ертегі кейіпкерлерін тап»

Шарты: текшеде ертегілердің кейіпкерлері берілген. Қай ертегінің кейіпкері екенін табады.

( Үйшік ертегісі, Жеті лақ, үш аю, Маша мен аю, Бауырсақ, Шалқан.)

Ойын: «Қыс мезгілінің бейнесін бейнесін құрастыр»

Ойын шарты: Столда қыс мезгілінің бейнесі бейнеленген текшелер жатыр, балалар сол текшелерден қыс мезгілінің бейнесін құрастыру керек.

Тәрбиеші: Балалар біз жануарларды екіге бөлеміз. Жабайы жануарлар және үй жануарлары. Балалар жабайы жануарлар қайда өмір сүреді.

Балалар: орманда

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар балалар, ал үй жануарлары қайда өмір сүреді?

Балалар: біздің ауламызда

Ойын: «Даусынан ажырат»

Ойын шарты: Үнтаспадан үй жануарларының даусы естіледі, балалар ненің даусы екенін ажыратып тауып айту керек.

Топтық жұмыс: «Үй жануарларының төлдерін тап» (үлестірілмелі материалмен)

Тәрбиеші: Балалар енді осы жабайы жануарлар мен үй жануарларына арнап тақпақтарымызды айтып берейікші.



Тәрбиеші: Балалар біз бүгінгі оқу қызметімізде қандай ертегіні сахналадық, үйшік қайда орналасқан, үйшікті бірінші болып кім көрді, үйшікке аю сыйды ма, үйшік қандай ал аю ше, бүгінгі оқу іс әрекетіміз сендерге ұнады ма?

Балалар бізде сол аңдар сияқты бір – бірімізбен дос боламыз ба?

Балалар: біз бір – бірімізбен тату достар боламыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, олай болса біз бүгінгі оқу іс - әрекетімізді осымен аяқтаймыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
268
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі