"Үйшікей"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Үйшікей"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы

Қатынас

Бөлімі

Драма

Тақырыбы

Орыс халық ертегісі «Үйшікей»

Мақсаты

- Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.

- Сахналау барысында жағымды - жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез - құлқын келтіру.

- Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал –

жабдықтар,

көрнекіліктер

Ойынға керекті суреттер, сызба – трек, орамал театры,үйшік,конверт.

Сөздік жұмысы

сүп – сүйкімді, кіп – кішкентай,тықырлауық, бақылдауық.

Билингвалды

компонент

үйшікей –теремок.



Іс –әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің – іс -әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Достық шеңбер:

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын алайық,

Жүрекке жылу салайық.

Жиналған жылы шуақты,

Достарға біз шашайық!

Шеңберге тұрып,тәрбиешімен бірге өлең жолдарын айтады. Алақандағы «жылуларын»бір – біріне үрлейді.

Ұйымдастыру - ізденістіру

1.Дидактикалық ойын «Нені суретші жасырды»

Топтың есігіне тарсылдатып,тәрбиешіге бір үлкен конверт әкелді .Оны ашып ішіндегі суреттерді тақтаға іледі.

- Балалар осы суреттерді суретші нелерді жасырыпты?

- Бұл қандай аңдар?

- Бұл аңдар туралы ертегі барма ?

2.Сызба – трек арқылы балалар ертегіні естеріне түсіреді,тәрбиеші ертегіні әңгімелеп береді,кейбір балалар ертегінің үзінділерін айтып береді

3. Кейіпкерлерге сипаттама береді:

олардың түрлерін, дауысын, қимыл – қозғалысын,мінез – құлқын сұрақтар бойынша айтады.

4.Сергіту сәтті:

Жолдарыңа үңіліп,

Екі бақа жүгіріп,

Секіреді, бақ-бақ,

Ағаштарды аттап.

Олар ерте тұрады,

Беті-қолын жуады.

Оңға - солға шайқалып,

Бақылдайды ән салып.

Судан шіркей табады,

Өсіп үлкен болады.

Бақ-бақ, нақ-нақ,

Біздер айттық тақпақ.

5. Балалар алға жапқыштарын киіп, ертегіні сахналайды, тәрбиеші автор сөзін айтып тұрады.





Суреттерге назар аударады.


тышқан, түлкі, аю, қоян, қасқыр

Жабайы аңдар.

Ия бар.

Тәрбиешіні тыңдайды.

Сызба арқылы ертегіні әңгімелейді.




ертегі кейіпкерлерге сипаттама береді.

түлкі - жабайы аң ,ертегіде ол ақылды және қу болады.



Өлең жолдарын айтып , қимылдарды орындайды.










Балалар алға жапқыштарын киіп ертегіні сахналайды

Рефлексивті - түзетушілік

Балалар бұл ертегі сендерге ұнады ма ?

Осы ертегі біздерді неге үйретеді ?

Достық туралы қандай мақал білеміз?



Досы көпті жау алмас.

Тату елдің тамағы таусылмайды.

Ынтымақ жүрген жерде —

Ырыс жүреді.



Күтілетін нәтиже :

Нені біледі

Ертегінің мазмұнын білу керек

Нені игереді

Сызба арқылы ертегіні әңгімелей алады.

Нені білу керек

Ертегіні ұжым болып сахналай алады.











































Қатынас – драма

Орыс халық ертегісі «Үйшікей»

Жапакова А.А.



















































Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің конспекті

Драма: «Үйшікей» орыс халық ертегісі

Ортаңғы «Бұлбұл» тобы

Тәрбиеші : Жапакова А.А.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2018
644
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі