400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті" ҚМЖ 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары 5-сынып.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5.3В Үйсіндер мен қаңлылар

Мектеп: «Бобровка орта мектебі» КММ

Күні: Мұғалімнің аты жөні: Улмесекова Н. Д.

Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Сабақ №2


Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті

Зерттеу сұрағы:Үйсіндер мен қаңлылардың мәдениетінің ерекшелігі қандай?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.2.6 көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін сипаттайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Қаңлылардың биінің ерекшелігін анықтайды.

Кейбір оқушылар: Үйсіндер мен қаңлылардың мәдениетін қазақ халқының мәдениетімен ұқсастығын табады.

Бағалау критерийі

Білім алушы:

Үйсіндердің мәдени туындыларын сипаттайды.

Қаңлылардың мәдени туындыларын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар үйсіндер мен қаңлылардың мәдени жетістіктерін анықтайды.

Үйсіндер жазбасы және қаңлылар ескерткіштерінен үзінді мәтінді оқиды ( оқылым дағдысы)

«Биші бикеш» жырын талдайды (айтылым, тыңдалым)

Сұқбат алу арқылы жазу-рухани мәдениеттің бір бөлшегі екенін тұжырымдайды(жазылым дағдысы)

Пәнге қатысты терминология. Рухани мәдениет, диадема, алтын тәті, қаптырма

Талқылауға арналған тапсырмалар:

Үйсіндер мен қаңлылардың мәдени ескерткіштерінде қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?

Қарғалы диадемасы туралы қандай мәлімет алдыңыз?

Сіз неліктен екенін айта аласыз ба?

Неліктен қытай императоры қаңлы өнерпаздарын өз еліне шақырды?

жазылым/диалогқа қатысты сөз тіркесі

қытай жылнамаларында

қымыз құмар

өлеңші, биші келеді

қызыл былғары етік

қытай ақыны Бәй Жүй

«Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының қүндылықтарының бағыты: «тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы»

ұлы дала жәдігерлеріне мақтаныш сезімі қалыптасады

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, музыка

Алдыңғы білім

Сақтардың көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін біледі, түсінеді. Археологиялық деректерге сүйене отырып, андрон мәдениетінің белгілерін анықтаған, сол білімін қолдану арқылы көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсінуге назар аудару. Үйсіндер туралы жазба деректер, қаңлылардың қоғамдық құрылысы туралы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(8 минут)

1мин

5 мин










2 мин

Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, тиянақтылығын қадағалау)


Үй тапсырмасын сұрау. Үйсіндер мен қаңлылардың қолданбалы өнері («Серпілген сауал» тәсілі )

  1. Металл өндіру орталығы қай жерде болған?

  2. Зергерлік өнердің ерекшелігі неден көрінеді?

  3. Кімнің деректерінде қаңлы патшайымының қалпағы туралы айтылады

  4. Үйсіндердің ыдыстарының түрлерін ата.

  5. Қаңлылардың өміріндегі қойдың маңызы қандай?

  6. Құмыра жасау кәсібі туралы айт.

ҚБ «Серпілген сауал» тәсілі арқылы бағалау


Ширату жаттығулары:Балалар мәдениет деген не? Мәдениеттің түрлерін ата. Рухани мәдениетке не жатады? Ендеше, бүгінгі сабағымыздың мақсаты көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну және

ақпараттар арқылы үйсін мен қаңлы тайпаларының мәдени жетістіктері мен ерекшеліктерін анықтаймыз





Сабақтың ортасы

(17 минут)

1мин





8мин















8 мин

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларды саралаудың жіктеу тәсілін қолдану арқылы түрлі-түсті стикерлермен жұптастырамын.


Тапсырма 1. Оқулықтағы«Биші бикеш» мәтінімен жұмыс жасату.


Диктоглосс әдісін қолдану арқылы мәтінді 2 рет мәнерлеп оқимын, оқушылар кілт сөздер мен идеялар арқылы мәтін құрайды.

Кілт сөздер:

қытай жылнамаларында

қымыз құмар

өлеңші, биші келеді

қызыл былғары етік

қытай ақыны Бәй Жүй

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының қүндылықтарының «тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы» бағытымен

байланыстырамын.

ҚБ: Кері байланыс бутерброды арқылы бағалау

Концепт 1.1.Дәлел


«Биші бикеш» жырын оқып, Борт журналына түсіреді

Берілген тақырып бойынша бұрыннан білетінім

Мәтінді оқып жаңадан білгенім

болжамдар

Тың ақпараттар







Стикерге «екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.


оқулық, стикерлер, мақала, сурет,

өлең











Сабақтың соңы

20 минут

5 мин














5мин







10 мин

ЖБ тапсырмалары: Үйсіндер мен қаңлылар бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тапсырма 1.Үйсіндердің шығу туралы аңызды оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

«Үйсіндердің басшысын гуньмо деп атайды. Оның әкесі сюннудың батыс шекараларындағы шағын патшалықты билеген. Сюнну оның әкесіне шабуыл жасаған кезде Гуньмо туған, оны далаға тастап кеткен. Тұмсығымен ет тістеген қарғалар оның үстінде айналып ұшып жүрді, ал қасқырлар оны емізген. Шаньюй бұған таңқалып мұны таңғажайып нәрсе деп санап, оны тәрбиелеп өсірді».

Сюнну деген кімдер? Қай мемлекеттің басшысы шаньюй» аталады? Аңыз шындыққа негізделген бе? Аңыздан қандай қорытынды шығарасыз?

____________________________________________________

____________________________________________________

Тапсырма2.Ұлы жібек жолының пайда болуын түсіндіріңіз.Ұлы жібек жолының негізгі мақсатын көрсетіңіз.

Тапсырма 3. Үйсіндердің мәдениетін сипаттап, оны қаңлылардың мәдениетімен салыстырыңдар. Қаңлылар мен үйсіндер мәдениетінде қандай ұқсастықтар бар?


Үйсін мәдениеті

Қаңлы мәдениеті

1.

2.

3.

1.

2.

3.





Үйге тапсырма: Үйсіндер мен қаңлылар тақырыбына ребус құрастыру

Қосымша 1. Қазақстан тарихы 5 сынып. Жиынтық бағалау тапсырмалары

ның жинағы жобасы, 25-26 беттер




Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау







Барлық оқушылар: көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін сипаттайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Қаңлылардың биінің ерекшелігін анықтайды.

Кейбір оқушылар: Үйсіндер мен қаңлылардың мәдениетін қазақ халқының мәдениетімен ұқсастығын табады.

Қабілетті оқушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал жасауға көмектесу. Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады. Мысалы визуал оқушыларға суреттер, слайдтар көрсету арқылы.

ҚБ п/моторлық аспект: Серпілген сауал, кері байланыс бутерброды, екі жұлдыз бір тілек.

ҚБ танымдық аспект:

Жиынтық бағалау тапсырмасымен жұмыс жасату (бағалау критерийі, дескриптор) кері байланыс беру

.


Денсаулық сақтау педагогикасын. СЭС талаптарын сақтау, сыныптың тазалығын және техникалық қауіпсіздігін қадағалап шығу.

Сабақ бойынша рефлексия


Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұданда жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?






Қосымша 1. Қазақстан тарихы 5 сынып. Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы жобасы, 25-29 беттер







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
4245
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі