400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үйсіндер туралы деректер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 10 сыныпқа арналған сабақ жоспары. материалда үйсіндердің орналасу аумағы, жазба деректердегі уақыты т.б тарихи материалдар айтылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Cабақтың тақырыбы: Үйсіндер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үйсіндердің орналасқан жері, жазба деректері, қоғамдық құрылымы, мүлік теңсіздігі және шаруашылығы, салт — дәстүрі мен діни – нанымдары туралы оқушыларға түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өздігінен жұмыс істеуге және салыстырмалы талдау жасауға, өз ойын тиянақты жеткізе білуге, тарихи ойын дамыту.
Тәрбиелік: Ұлтжанды азамат болып өсуге тәрбиелеу. Өткенін біліп, келешегін болжай алатын ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі — баяндау, сұрақ — жауап, оқулықпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: География, бейнелеу өнері, технология
Көрнекілігі: Карта, тірек — сызбалар, суреттер

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Сабаққа назарларын аудару

Жаңа сабақ:
1. Үйсіндердің орналасқан жері
2. Қоғамдық құрылысы
3. Шаруашылығы
4. Кәсібі
5. Салт — дәстүрі мен діни — нанымдары

Жаңа сабақ
Мұғалімнің сөзі:
Ерте темір дәуірінде сақтардан кейін Жетісу жерінде үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орта Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі. Үйсіндер Жетісу мен Тянь —
Шаньда, Қытайдың Солтүстік батысында, Шығыс Қазақстанда, Тарбағатай тауы бөктеріндегі далалы өңірде өз ізін қалдырған. Үйсіндер б. з. б. 3 ғ. мен б. з. 5 ғ. аралығында өмір сүрген. Үйсін атауы қытай жазбаларында б. з. б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Олар “ат жақты, аққұбаша, сары шашты” болып бейнеленеді. Үйсіндердің ордасы Қызыл Аңғар қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Жетісу өңіріндегі үйсін қорымдарынан алынған бас сүйектер антропологиялық жағынан европеоидтер. Бірақ олардың бет пішіндерінде монғолоидтық белгілер барлығы да анықталған. Ертедегі қытай деректерінде көрсетілгендей “үйсіндер шөбі мен суы мол жерлерді таңдап, малмен бірге, бір орыннан екінші орынға көшіп жүреді” табиғаты жерлері тегіс, шөптесін, жаңбырлы әрі суық келеді. Өкінішке орай, үйсіндердің мәдениеті, тілі мен жазуы жөнінде де толық дерек жоқ. Деректерде “Үйсіндер де 120 мың отбасы бар, 630 мың тұрғыны бар, әскерлерінің саны 188 мың 800 жауынгерлерден құрылған” деп жазған. Ертедегі үйсіндердің түсінігінше, өлген адам тіріледі деп есептеген. Сондықтан да адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады — ау деген заттардың бәрін қоса көмген. Тірі кезінде пайдаланып жүрген заттарын жанына қоса қойған. Ертедегі үйсіндер жаратушы күшке сенген. Олар сол жаратушы күшке арнап құрбандықтар шалып отырған.

Үйсіндердің қоғамдық құрылысы
Басшысы: Гуньмо
Бағынғандар: Тайпа көсемдері Ұсақ ру басылары
Тайпа, ру басыларынан, ауқатты адамдардан, жасауылдардан, абыздар мен бұқара халықтан құралды
Үйсін қоғамында теңсіздік қалыптасты
Байлар: 4 — 5 мың жылқы болды. Балшықтан және тастан, алтын мен мыс мөрлері болған
.Жібектен, биязы жүннен, матадан киім киген
Жеке меншік: Малға, Жыл — жыма — лы мүлік. жерге суға,
Жыл — жымайтын мүлік.
Құлдар: Соғыстан түскен тұтқындар: Үй шаруашылығымен айналысты
Қарапайым адамдар: Жүннен тоқылған, былғары мен қой терісінен киім киген
Үйсіндердің шаруашылығы
Мал шаруашылығы: Үйсіндердің тұрмысында мал шаруашылығының маңызы зор болды. Жетісудың табиғаты оларға көп мал ұстауға мүмкіндік берді. Мойынқұм мен Балқаш өңірлерінде қыстаған және жаздаған. Бұл аймақтарда жайлау мен қыстау арасы 20 — 100 км болған. Үйсіндер қой, жылқы, сиыр, қос өркеш түйе, ешкі өсірген. Тұрақты үйлерде тұрған.

Егін шаруашылығы: Үйсіндердің бір бөлігі егіншілік — пен де шұғылданды. Егіншілікпен айналысқандығын қазба жұмысы кезінде тас кетпендер, орақтар мен дәнүккіштердің табылуы дәлелдей — ді. Деректер бойынша үйсіндер суармалы егіншілікпен де, тәлімді егіншілікпен де айналысқан. Бау — бақша, дәнді дақылдар өсірген.

IV. Жаңа сабақты бекіту

«Сандар сөйлейді»
630 мың
188, 800 мың
б. з. б 2 ғасыр
Б. з. б 3ғ — б. з 5ғ

«Термин сөздер»

Гуньмо
Тәті
Былғары
Тәлімді
Таңба
Бекіту сұрақтары

1.Дискуссиялық өрнек

№ 

Сөйлем 

келісемін 

келіспеймін 

1 
2

3

4

5

6 

Үйсін әйелдерінің жанына ерлері қоса жерленген

Үйсіндер әртүрлі металдарды пайдаланған

Үйсіндер қолөнермен айналыспаған

Үйсіндер баспана тұрғыза алмады

Ертедегі үйсіндер жаратушы күшке сенген

Үйсіндер Жетісуды мекендеген



V. Қорытындылау
V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма: §21 оқу
Үйсіндер туралы ізденіп келу































Сабақтың тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»

Тәрбие сағатының мақсаты:
Мақсаты:

1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

2.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту.

3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сыбайлас-жемқорлық деген не?

(оқушылардың пікірлері тыңдалады)


Баяндамашы:Сыбайлас-жемқорлық деген не?

“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды

БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халық - қ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.

1 - оқушы 
Жамандыққа тосқауылды қояйық,
Пара алғанның жолы жабық қой анық,
«Қазақстан - 2050»- айқын жол,
Күресейік, жемқорлықты жояйық.

2- оқушы 
Әр ата - ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа, даналыққа үйретсең,
Жолдан таймас ар болған соң санада.

3 - оқушы 
Пара алғандар темір тордан әрі асар,
Алса да оны мойындамай санасар,
Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан,
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.

4 - оқушы 
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер гүлденер, ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз.

5 - оқушы 
Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр - әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ»- деген ұранмен.

Топтық жұмыс: «Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?»

(Әр топ постерге өз ой-пікірлерін жазып, қорғайды)

Сахналық көрініс (Әр топтан екі  оқушы шығып, берілген мәтінге байланысты өз іс- әрекеттерін көрсетеді)

Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?

1.Пара бермеу және алмау.

2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.

3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.

Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .

1.Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
2.Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
3.Адамгершілікке арналған үш сауап бар: Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
4.Адалдық — ардың ісі.
5.ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.
6.Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7.Ақихат сөзде алалық жоқ.
8.Әділ айтқан жеңер.
9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.

Мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жатады? Басқа мемлекеттік органдар, мекемелердің жұмысына заңсыз жолмен араласу; Қызметтік лауазымды пайдалана отырып, жеке басының не туыстарының материалдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу; Мемлекеттік қызметке заңда белгіленбеген басымдықтарға ие болып өту және өсу; Шешімді дайындау мен қабылдау барысында біреуге заңсыз жолмен басымдық беру; Кәсіпкерлік қызметті не басқа табыс әкелетін саланы жүзеге асыруда заңда белгіленбеген кез келген әрекетпен көмек көрсету; Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында алынған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке мүддеге пайдалану; Заңда жариялауға рұқсат етілген деп бекітілген ақпаратты беруден бас тарту, оны кешіктіру, жалған не толық емес ақпарат беру, заңда жариялауға тиістігі бекітілмеген ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан талап ету; Жоғары тұрған ресми тұлғаларға қызметтік емес ілтипат көрсету не сый жасау (әдепті және қонақжайлылық бойынша жалпы қабылданған нормаларға сәйкес символикалық ықылас көрсету, символикалық кәдесыйлар тарту, сонымен қатар, ресми және хаттамалық шараларды өткізуді қоспағанда); Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыруға тосқауыл болу; Мемлекеттік немесе осыған теңестірліген қызметі үшін жеке тұлғалар мен мекемелерден ақшалай, қызметтік және басқа формада сый алу.

6.Сабақты қортындылау:

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар 


«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп» КММ










Тәрбие сағаты:

« Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»


















6 сынып

Сынып жетекшісі: Тұрлыханова.Қ.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
704
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі