жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұйым қаржысы пәнінен сабақ жоспары, тақырыбы "Ұйымның қаржыландыру көздері"
«Тараз техника және бизнес колледжі» мекемесі
Оқытушы: Карабаева Асия Орынбековна
Пән:«Ұйым қаржылары»
Тақырыбы: «Ұйымның қаржыландыру көздері»
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: білімгерлерге жаңа тақырыптың мәнін ашу, қолдану, талдау, жинақтау, өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: білімгерлердің ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұжымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: білімгерлерді өзіне сенімді болуға, жауапкершілікке тәрбиелеу, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: лекция материалы, слайд, қима қағаздар
Сабақтың түрі: лекция
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Блум» таксономиясы, топпен жұмыс, Инвестор ойыны, миға шабуыл, жаңартылған білім беру мазмұнында білімгерлердің оқу жетістігін критериалды бағалау (кері байланыс, бағалау парағы)
Сергіту сәтінде: қаржыгер мамандығының мәнін, пән аралық байланысты (бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп, қаржылық талдау, қаржы менеджменті және т. б. пәндерқ) «кім-кімге есеп немесе ақпарат береді» ойыны арқылы түсіндіру.
А. Көрнекті құралдар: лекция материалдары, слайд, маркер.
Б.Таратылатын материалдар: қима қағаздар.
Сабақты жүргізу кезеңдері
|
|
І. Ұйымдастыру кезеңі |
|
Сәлемдесу, білімгерлерді түгендеу, жаңа тақырыпты хабарлау, 2 топқа бөлу, бағалау парақтарын толтыру, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен таныстыру (слайд), ойын ережесімен таныстыру (слайд) |
|
«Блум» таксономиясың 6 бөлімі |
|
1. Білім (слайд, топпен жұмыс, инвестор ойыны, үш тілділік, қима қағазымыз акция) |
ІІ. Өткен материалды қайталау: «Капитал нарығының негіздері» |
Акция сату арқылы 20 сұрақ қойылады:
(1 дана)
|
|
Үй тапсырмасын қорытындылау (өзім) |
|
Жаңа сабақты болжау |
|
2. Түсіну (слад, топпен жұмыс, инвестор ойыны, миға шабуыл, қима қағазымыз акция )
|
ІІІ. Жаңа тақырып: «Ұйымның қаржыландыру көздері» |
Сұрақ: |
|
1) Ұйымды қаржыландырудың мәні |
|
2) Ұйымды ішкі көздер арқылы қаржыландыру |
|
3) Ұйымды сыртқы көздер арқылы қаржыландыру |
|
1. сұрақ Ұйымды қаржыландырудың мәні Ұйымдарды қаржыландыру - бұл жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржылық қамтамасыз ету шарттары мен қағидаларының, нысандары мен әдістерінің жиынтығы. Ұйымның жарғылық капиталын құру, ұлғайту және жаңа өнім түрін нарыққа шығару үшін, қаржыландырудың мәні зор. Ал сол қаржыландыруды қандай көздерден тартқан дұрыс деген мәселені, әр ұйым өзінің қаржылық жағдайына қарай шешім қабылдайды. Ұйымды қаржыландыру көздері – ұйымға қайдан қаржы түсіп жатқандығын және қандай түрін, әдісін қолданғандығын көрсетеді. 2. сұрақ Ұйымды ішкі көздер арқылы қаржыландыру Ұйымды қаржыландыру көздері ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып екіге бөлінеді. 1-Қысқа мерзімдіге:
2-Ал, ұзақ мерзімді ұйымның қаржыландыру көздерінің өзі екіге бөлінеді:
-Ішкі көздерге (меншікті қаражаттары):
*Бөлінбеген пайданың формуласы: Бөлінбеген пайда = Таза пайда – дивидендтер *Резевтік капитал сомасы әр ұйымда әр түрлі сомада болады және заңмен беітіліп, жарғыда көрсетіледі. *Амортизациялық аударымның формуласы: Амортизациялық аударым = Негізгі құралдар қорының орташа жылдық сомасы*аморизация нормасына (%)/100 *Алдағы кезеңдегі акцияның бағасын анықтау үшін: Алдағы кезеңдегі акция бағасы (PV)= алдағы кезеңнің дивиденд сомасы (FV)/ (1+r) n Мұндағы: r - күтілітін кірістілігі (%), n - жылдар *Жарғылық капиталды ұлғайту үшін акция шығарады. Акция сомаларының жиынтығының шектеулі сомасы бар. Мүмкін болатын шекті акция сомасын есептеу үшін келесі формуланы қолданамыз: Таза активтер – (Жарғылық капиталға+Резервтік капиталды) =Шекті акция сомасы *1 акция данасының сомасын есептеу үшін:
Шекті акция сомасына +Жарғылық капиталды/100= Нарыққа шығарылатын 1 акция данасының (штук) сомасы *Шығарылатын акция санын есептеу үшін: Шекті соманы / акцияның 1 данасына= нарыққа шығарылатын акция санын шығады -Сыртқы көздерге (тартылған қаражаттар):
Лизинг төлемінің жалпы сомасын есептеу үшін келесі формуланы қолданамыз:
Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
*Лизинг төлемінің жалпы сомасын анықтау: Лизинг төлемінің жалпы сомасы=Амортизация көлемінің орташа жылдық көлемі+лизингті қолданғаны үшін төлем+комиссия(пайызбен)+Қосымша қызметі үшін төлем (келісімшартта көрсетілген жағдайда+ққс
|
|
IV. Жаңа материалды бекіту |
|
Сабақ барысында өтілген жаңа тақырып бойынша білімгерлерге сұрақтар қою арқылы бекіту (миға шабуыл, сұрақтар акция сату арқылы қойылады) Акция сату арқылы сұрақ қойылады:
(Үй тапсырмасын қорыту, жаңа тақырыпты болжау) |
|
3. Қолдану (топпен жұмыс, инвестор ойыны, мысал есеп шығару) |
V. Жаңа материалды қолдану (4 мысал есеп) |
1. Тапсырма *бөлінбеген пайда туралы 1 мысал: (6 дана акция) Бөлінбеген пайда = Таза пайда – дивидендтер Ұйымның таза пайдасы 50 млн., төленуге тиісті дивиденттері 20 млн. Бөлінбеген пайдасын анықтаңыз? |
|
2. Тапсырма *Жарғылық капиталды ұлғайту үшін 1 мысал (10 дана акция): Ұйым жарғылық капиталды ұлғайту үшін акция шығармақшы. Оның Таза активтері 6 00 млн., жарғылық капиталы 200 млн., теңге резервтік капиталы 100 млн. теңге делік. 1. Нарыққа шығаруға мүмкін болатын шекті акция сомасын анықтаңыз? Таза активтер – (Жарғылық капиталға+Резервтік капиталды) =Шекті акция сомасы 2. Акцияның 1 данасының сомасын анықтаңыз? Шекті акция сомасына +Жарғылық капиталды/100 = нарыққа шығарылатын 1 акция данасының (штук) сомасы 3. Нарыққа шығарылатын акция санын анықтаңыз? Шекті соманы / акцияның 1 данасына= нарыққа шығарылатын акция саны шығады |
|
3. Тапсырма * Лизингке 1 мысал (10 дана акция) Ұйым лизингке техниканы 2 жылға жалға алмақшы. Жалға алынған соманы төлеп болғаннан соң лизинг тауары өзінде қалады, Техниканың бағасы 5млн теңге, амортизациялық аударым 20 пайыз, комиссия 5 пайыз, келісім шартта қосымша қызмет қарастырылмаған, қосымша құн салығы (ққс) 12 пайыз. Лизинг төлемінің жалпы сомасын анықтаңыз. Лизинг төлемінің жалпы сомасы=Амортизация көлемінің орташа жылдық көлемі+лизинг бағасы+комиссия(пайызбен)+Қосымша қызметі үшін төлем (келісімшартта көрсетілген жағдайда)+ққс |
|
Сергіту сәті |
Қаржыгер мамандығының мәнін, пән аралық байланысты (бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп, қаржылық талдау, қаржы менеджменті және т. б. пәндерқ) «кім-кімге есеп немесе ақпарат береді» деген сұраққа жауап беруүшін мамандықтар рет-рет өздері қатар-қатар тұруы тиіс |
4. Тапсырма *Инвестицияны болжауға 1 мысал (10 дана акция) Ұйым алдағы 3 жылда,1-жылы 3 доллар, 2-жылы 3,24 доллар, 3 жылы 3,50 доллар дивиденд алмақшы. Үшінші жылдың соңында акцияны 94,48 пайызбен сатып жіберу көзделіп отыр. Күтілетін кірістілігі 12 пайыз бағасын.Үшінші жылдың соңындағы акция бағасын анықтаңыз? 94,48 пайызбен сатамын деген болжамы растала ма? Алдағы кезеңдегі акция бағасы (PV)=алдағы кезеңнің дивиденд сомасы (FV)/ (1+r) n Мұндағы: r - күтілітін кірістілігі (%), n - жылдар |
|
4. Талдау (топпен жұмыс, инвестор ойыны, миға шабуыл, қима қағазымыз акция ) |
VІ. Мысалдарды талдау |
Мысал есептерді қорғау (10 дана акция) |
|
5. Жинақтау
|
VІ. Ұйымның қаржы көздері туралы білімдерін жинақтау |
- Ұйымға қай қаржы көздерінен қаражат тартқан қолайлы (5 дана акция)? |
|
- Топқа сұрақ: сіз қай қаржы көзінен қаржы тартар едіңі (5 дана акция)з? |
|
- Брокер туралы видео туралы |
|
- Ұйымға сыртқы қаржы тарту көзі ретінде «KASE» туралы видео |
|
6. Бағалау (Бағалау парағы, кері байланыс) |
VІІ. Бүгінгі сабақты бағалау |
- Жаңа тақырыпқа байланысты алған ақпараттарымен бөлісу. |
|
- Екі топ басшылары кері байланыс парағын толтырады |
|
-Өзін-өзі бағалайды |
|
- Бірлескен бағалау |
|
VІІІ. Үй тапсырмасы: |
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген