«Ұйымда дұрыс қарым- қатынас құрудың тұлға үшін маңызы»
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті - ғалым мен ғылымның ойы бір арнада тоғысқан алтын ордасы. Қазіргі таңда кез келген ұйымда дұрыс қарым- қатынас құра алу адам өміріндегі маңызды мәселелердің бірі десек, артық айтпаймыз. Тұлғааралық қарым - қатынастың жүйелі, ретті болуы ұйымның басты жемісі.
Ұйым- белгілі бір мүддені орындау үшін құрылған, қазіргі қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық аспектісін қамтитын ірі көлемді ұжым түрі. Ұйым өз кезегінде, ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен еңбек бөлінісімен ерекшеленеді. Ал енді, ұйымдық коммуникация дегеніміз- белгілі бір топ өкілдерінің белгілі бір ақпаратпен алмасу процесі. Ұйымдық қарым-қатынас идеяларды, пікірлерді, дағдыларды, фактілерді, қабылдауларды немесе сезімдерді жеткізу арқылы жүзеге асады. Бұл ретте ұйымдық коммуникация мен ақпарат жүйесі өзара байланысты болғанымен, әртүрлі құбылыстар екенін ескеру қажет.Ұйымдық коммуникация негіздерін және оның тұлға өмірінде алатын орнын Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі филология факультетінің 1- курс магистранттарына жүргізілетін « Басқару психологиясы» пәнінде кеңінен талдадық. Басқару психологиясынан дәрістер, психология ғылымының кандидаты Жұбаназарова Назираш Сүлейменқызының жетекшілігімен өтті. Пәнді оқу барысында ұйымда және кез- келген ортада дұрыс қарым – қатынас құрудың ережелерін, оның болашақ өміріме берер пайдасын түсіндім. Назираш Сүлейменқызы ұйымдық қарым- қатынас негіздерімен таныстыра отырып, оны практикалық тұрғыда қолдануды үйретті. Ендігі кезекте, “Басқару психологиясы” пәнін педагогикада қалай қолдану керектігіне тоқталып өтейін. Мектепте оқушыларға білім беру барысында дұрыс орта құра алу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Осы орайда, “Басқару психологиясы” пәнінен ұйымдық қарым - қатынас құруды мектеп оқушыларымен қарым- қатынас жасау арқылы байланыстыра отырып, әр оқушының жүрегіне жол табуды үйрендім. Әр оқушының мінез- құлқы әр түрлі болғандықтан, олармен дұрыс қарым - қатынас құра білу де табысты білім алудың кепілі деп білемін. Ал ендігі сауал, ұйымдық коммуникация дегеніміз не?
Ұйымдық коммуникацияның тарихына көз жүгіртсек, 1930- 1950 жылдары іскерлік қарым – қатынастан бастау алған. Ол кезде іскерлік әдебиеттің ауызша және жазбаша бөлігі ретінде қаралса, бүгін де ұйымдық қарым – қатынастың өзіне тән теориялары мен эмпирикалық зерттеу жүйесі бар. Ұйымдық коммуникацияның жеке пән болып қалыптасуына Герберт А. Саймонның қосқан үлесі ерекше. Ол 1947 жылы жазған « Ұйымдық қарым – қатынас» еңбегінде ұйымдық байланыс жүйесінде қарым – қатынастың алатын орнына көлемді талдау жүргізген. Нәтижесінде, Ұйым арасындағы коммуникация ұйым мүшелері мен ұйым үшін ортақ мақсаттарды көздейтін ішкі және сыртқы кіші топтар арасындағы үздіксіз байланыс арқылы құрылады және сақталады деген тұжырымға келді. Ұйымдық қарым-қатынастың құрылымы мен атқаратын функциясының күрделілігі қарым-қатынастың өзара байланысты үш аспектісінен байқауға болады. Атап айтсақ:
– ақпараттық (немесе коммуникативтік), ұйымдағы қарым-қатынасқа түсетін адамдар арасында ақпарат алмасу арқылы жүзеге асырылады;
– өзара әрекеттесу (немесе интерактивтік) ұйымдағы қызметкерлердің білім, идея, жай-күй ғана емес әрекет алмасуларымен ерекшеленеді.
– түсінісу (немесе перцептивтік), ұйымдағы қызметкерлердің бір-бірін қабылдауы, бағалауы және түсінуі болып табылады.
Ұйымда қызметкерлермен қарым- қатынас жасау кезінде басқару туралы ақпараттың алар орны ерекше. Тиімді қарым- қатынас құра білу басшының да, ұйымның да жетістігі үшін маңызды.
Жұбаназарова Н. С.
Психология ғылымдарының кандидаты, профессор
Тлеужан Д. Н.
Әл- Фараби атындағы ҚАЗҰУ магистранты
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұйымда дұрыс қарым-қатынас құрудың тұлға үшін маңызы.

шағым қалдыра аласыз