Ұйымдасқан оқу қызметі: Құрастыру. Тақырыбы: "Аралға саяхат"

Тақырып бойынша 22 материал табылды

Ұйымдасқан оқу қызметі: Құрастыру. Тақырыбы: "Аралға саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдасқан оқу қызметі мектепалды даярлық тобына арналған. Таным білім беру саласы құрастыру бөлімі ұймдасқан оқу қызметінің жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші/Воспитатель: Қайырбаева А.М

Білім беру саласы/ Образовательная область: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі/Раздел организованной учебной деятельности: Құрастыру

Кіріктіру/Интеграция: Таным (математика негіздері, жаратылыстану); Қатынас (сөйлеуді дамыту);

Тақырыбы/ Тема: «Ғажайып аралға саяхат»

Білімділік міндеті/ Образовательная задача: Болашақта жасалатын құрылысты талдай білу, оларды орындау реттілігін белгілеу және оның негізінде нысан жасау, ұжымдық құрылыстар салуға үйрету.

Дамытушылық міндеті/Развивающая задача: Балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын, қарапайым тәжірибеге қызығушылықтарын дамыту. Математикалық терминдерді қолдана білуді қалыптастыру, қағаз бетінде бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік міндеті/ Воспитательная задача: Айналадағы заттарға, табиғатқа қамқор бола білуге, ересектерге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар/ используемый материал: теледидар, тапсырмалық карточкалар, тәжірибе жасайтын құралдар, кеме құрастыратын материалдар

Тілдің үштұғырлығы/ Полилингвальный компонент: бір- один- one, екі- два- two, үш- три- three, төрт- четыре- four, бес- пять- five, үй – дом – нouse, сәлеметсіз бе? – здравствуйте – good morning

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І.Кіріспе бөлім:

Шаттық шеңбері:

Алтын сәуле арайлы,

Бақшамызға тарайды,

Қайырлы күн апайлар,

Қайырлы күн достарым!

Келген қонақтармен үш тілде амандасу.

Сәлеметсіз бе? – Здравствуйте – Good morning

-Балалар сендердің саяхаттағыларың келеді ме?

-Ғажайып аралға қонаққа барайық, бірақ ол жерде бізді әртүрлі сынақтар күтіп тұр.

-Балалар арал деген судың ортасында орналасқан жер. Жан жағын су қоршап тұрады

Оған немен бару керек екен? Сондықтан көлік түрлерін есімізге түсірейік.

Ендеше қауіпсіздік шарасы үшін мен сендермен қарапайым зерттеу жұмысын жасауға шақырамын

Зерттеу

Мақсаты: қарапайым тәжірибеге қызығушылықтарын дамыту.

Алдарыңда стақанда таза су

Судың түсі қандай?

Судың пішіні бар ма?

Бірінші суға пластмасса затты салып көрейік

Суға батты ма? Неліктен

Ағаш затты салып көрейік

Суға батты ма? Неліктен?

Темірді салып көріңдер Суға батты ма? Неліктен?

«Кеменің көп бөлігі ағаш пен пластмассадан жасалады екен. Ендеше кемені барлығымыз бірге құрастырайық.

Пластмас кубиктерден кеме құрастыру.

Мақсаты: ұжымдық құрылыстар салуға үйрету.

Енді қорықпай жолға шығуға болады.

(Теледидардан кеме жүзіп бара жатқан видео көрініп тұрады)

Жолда 1-ден 5-ке дейін үш тілде, тура санап барайық.

Тілдің үштұғырлығы: бір- один- one, екі- два- two, үш- три- three, төрт- четыре- four, бес- пять- five


ІІ.Негізгі бөлім:

Арал көрінген сияқты

1-тапсырма: «Танграмм құпиясы» (Жұптық)

Мақсаты: Математикалық терминдерді қолдана білуді қалыптастыру, қағаз бетінде бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру.

Шарты: Әр түрлі пішінді қиындылардан үйдің суреттерін құрастырады.

Тілдің үштұғырлығы: Үй – дом – нouse

Сергіту сәті: «Молекулалар»

Балалар әуенмен билеп жүреді. Педагог бір сан айтады, балалар сонша болып тұра қалады.

2 – Тапсырма: «Үй құрастыру» (Топтық)

Мақсаты: ұжымдық құрылыстар салуға үйрету. Жанындағы достарына құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Шарты: Балалар өздеріне берілген заттардан үй құрастырады. (конструктор, қағаз, кірпіш)


Кемеге отырып, кері санау арқылы топқа қайту.

ІІІ.Қортынды бөлім: Еркін микрофон арқылы қорытындылау.


Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат:

Білу / Знать: Болашақта жасалатын құрылысты талдай біледі;

Түсінуге тиіс / Иметь: Қарапайым тәжірибе жасауды;

Істей білу керек / Уметь: сұраққа толық және нақты жауап береді, жұптық, топтық тапсырмаларды орындайды



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2022
363
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі