Ұйымдасқан оқу қызметі: Сенсорика. Тақырыбы: "Шуақты күн"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдасқан оқу қызметі: Сенсорика. Тақырыбы: "Шуақты күн"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сенсорика ұйымдасқан оқу қызметінің жоспары. Кіші топ балаларына арналған. ІІ жартыжылдық бойынша қорытынды оқу қызметі. Таным (жаратылыстану), қатынас (сөйлеуді дамыту), шығармашылық (сурет салу) білім салаларының кіріктірілуімен ұйымдасқан оқу қызметі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тобы: «Құлыншақ» кіші тобы

Тәрбиеші/Воспитатель: Қайырбаева Г.М

Білім беру саласы/ Образовательная область: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі/Раздел организованной учебной деятельности: сенсорика

Кіріктіру/Интеграция: Қатынас (сөйлеуді дамыту), таным (жаратылыстану), шығармашылық (сурет салу)

Тақырыбы/ Тема: «Шуақты күн»

Білімділік міндеті/ Образовательная задача: Берілген 3 – 4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып өлшемі бойынша байланыс орната білу іскерлігін бекіту. Пішіні ұқсас біртекті заттарды топтастыра алуларын, пішінін, түсін білдіретін сөздерді түсінулерін бекіту. Табиғи материалдардың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру.

Дамытушылық міндеті/Развивающая задача: Құрастыру әрекетінде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескеру біліктерін дамыту. Ұсақ қол маторикасын жетілдіру. Қарапайым сұрақтарға жауап беру дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік міндеті/ Воспитательная задача: Топпен жұмыс жүргізуде құрдастарымен сыйластыққа тәрбиелеу, табиғатқа қамқорлық сезімдерін ояту. Шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар/ используемый материал: Фетрдан жасалған күн, құм, ойыншықтар, күн мен бұлттың суреттері

Тілдің үштұғырлығы/ Полилингвальный компонент: Сәлеметсізбе?! Здравствуйте! Hello! Күн – солнце – the sun, Сары – желтый – yellow


ҰОҚ барысы:


І. Кіріспе бөлім

- Балалар, бүгін бізге топқа қонақтар келіпті, қане амандасайық!

Сәлеметсіздерме, қонақтар! Здравствуйте! Hello!

Тосын сәт: - Теледидардан Күн шығады.

Кіріспе әңгіме: «Күн»

Мақсаты: Қарапайым сұрақтарға жауап беру дағдыларын жетілдіру.

-Бұл не?

-Пішіні қандай?

-Түсі қандай?

-«Күн» сөзін 3 тілде айтып көрейік: Күн – солнце – the sun

Жылаған дауыс шығады.

-Балалар, бұл не? Біреу жылап жатыр ма?

-Ой,бұл жаңағы күн екен ғой жылап жатақан. Өзінің шуақтарын жоғалтып алыпты.

Тауып беруге көмектесейік?

ІІ.Негізгі бөлім:

1- тапсырма: «Күннің шуақтары»

Мақсаты: Берілген 3 -4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып өлшемі бойынша байланыс орната білу іскерлігін бекіту. Құрастыру әрекетінде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескеру біліктерін дамыту. Ұсақ қол маторикасын жетілдіру.

Шарты: фетрден жасалған күнге шуақтарын орналастырады.

-Күннің шуақтары нешеу? (Күнде шуақтары жоқ)

-Бек, Сенің қолыңда неше шуақ бар? (Біреу)

-Ал, Дамели сенің қолыңдағы шуақ қандай? (Ұзын немесе қысқа)

-Балалар, енді қараңдаршы, күннің шуақтары нешеу болды? (Көп болды)

Күнге қарай бұлт келе жатқан сияқты. Күнді өзімен алып кетемін дейді. Қане, күнді бұлттан қорғап қалайық.

2-тапсырма: «Күнді жасыру»

Мақсаты: Пішіні ұқсас біртекті заттарды топтастыра алуларын, пішінін, түсін білдіретін сөздерді түсінулерін бекіту.

Шарты: Түрлі – түсті пішіндермен күнді тығып қояды.

-Әбілжан, сен күнді қандай пішінмен жасырдың?

-Айшолпан, сен қандай пішінді алдың?

-Мейіржан, сенің пішініңнің түсі қандай?

Сергітту сәті: «Күн мен жаңбыр»

Күннің суретін көргенде балалар жүгіріп ойнайды, бұлтты көргенде тынышталып отыра қалады.

-Балалар, күн сендерге сондай риза екен. Тағы да бір қызықты ойын ойнағысы келеді. Ойнап көрейік. (Сурет салу)

Сендерге сыйлйқ бергісі келеді. Бірақ сыйлығын мына құмның ішіне жасырып қоыйыпты. Қане, тауып алайық!

3-тапсырма: «Құммен жұмыс»

Мақсаты: Ұсақ қол маторикасын жетілдіру. Табиғи материалдардың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру. Саусақпен құмға сурет салу біліктерін жетілдіру.

Шарты: Құмға күннің суретін салады. Құмның ішінен жасырылған сыйлықты тауып алады.


ІІІ. Қорытынды бөлім

Көңілді және көңілсіз күнмен қорытындылау. Әр бала өз фотолары бар қысқышты таңдап, көңілді, көңілсіз күндерге қыстырады.


Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат:

Білу / Знать: Берілген 3 – 4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып өлшемі бойынша байланыс орнатуды және табиғи материалдардың қасиеттерін біледі;

Түсінуге тиіс / Иметь: Пішіні ұқсас біртекті заттарды топтастыра алуларын, пішінін, түсін білдіретін сөздерді түсінеді;

Істей білу керек / Уметь: Құрастыру әрекетінде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескеріп, қарапайым сұрақтарға жауап бере білу керек.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2022
1505
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі