Ұйымдастырылған ашық оқу–іс әрекеті
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ
ауданы
Шелек ауылы, МКҚК
«Бәйтерек» бөбекжай балабақшасы
Кіші «Балауса»
тобы (2 жас
балалар)
Тәрбиеші: Туржупарова
Балболар
Білім беру дағдылары: «Коммуникативтік»,
«Танымдық және
зияткерлік»,
«Шығармашылық»
Білім беру саласының
бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»,
«Сенсорика», «Мүсіндеу»
Тақырыбы: «Ойыншықтар
әлемі»
Мақсаты:
-
Балаларды ойыншықтардың
түрімен, қасиетімен,түсімен оның көлемімен, пішіндерімен
таныстыру.
-
Балалардың қабылдау, есте
сақтау қабілетін дамыту. Ойыншықтарға деген
қызығушылығын,сүйіспеншілігін арттыру.
-
Ойындар ойнату арқылы достық
қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Түрлі – түсті
ойыншықтар, үн таспа.
Әдіс –
тәсіл: Әңгімелеу, көрсету,
сұрақ – жауап, ойын.
Балалар әуенмен топқа кіріп,
қонақтармен амандасады.
Айсұлу қуыршақ келіп
балалармен амандасады.
Балалар менің атым
Айсұлу.
-
Балалар сендердің аттарын
кім? (Менің атым
Кәусар)
-
Ал сенің атың
кім? (Менің атым
Ерсайын)
-
Ал сендердің
жастарың
нешеде? (Біз
2 жастамыз)
Ой, қандай жақсы балалар, аттарын да жастарын да
нешеде екенін біледі екен.
Жарайсыңдар!
Олай болса менімен бірге
«Ойыншықтар әлемі»-не барайық.Ол үшін біз пойызбен барамыз. Пойызға
міну үшін мен сендерге билет беремін
(пішіндер, әр бала өз
пішініне ұқсас вагонға мінеді)
Ал бәріміз пойызға
отырайық.
Ал паровоз баста
алға
Бәрімізді
басқарда
Пыш-пыш,
пыш-пыш
Жүрісті біз
үдеттік
Гу-гууу,
гу-гууу.
Қалып қоймаңдар
біріңде.
Пыш-пыш,
пыш-пыш
(Ойыншықтар әлеміне келіп,
балаларды отырғызу)
2.Негізгі
бөлім
Айсұлу: Балалар, қараңдаршы мұнда
әдемі ойыншықтар бар екен. Олай болса кәне, балалар ойыншықтармен
сырласайық. Сендер қандай ойыншықтарды көріп тұрсындар
айтындаршы.
Балалар: Аю, сиыр, доп, қоян,
қуыршақ, ит, мысық. Ойыншықтар әр түрлі болады, Қатты,
жұмсақ.Сендерде қандай ойыншықтар бар?
-
Мынау не? (сиыр)
-
Сиыр қалай дыбыстайды? (мө-мө,
мө-мө)
-
Мынау не? (ит)
-
Ал,
ит қалай
ырылдайды? (р-р-р,
р-р-р)
-
Ал мынау не? (мысық)
-
Мысық қалай
дыбыстайды? (мияу-мияу)
-
Ал, мынау не? (қоян)
-
Қоян нені жақсы көреді? (сәбіз)
-
Қоян
қалай секіреді?
-
Ал мынау не? (қуыршақ)
-
Қуыршақ қандай? (Әдемі)
-
Қуыршақты ұстап көрейікші.
(қуыршақ қатты)
-
Ал мынау не? (мұнара)
-
Түстері
қандай? (қызыл, сары, жасыл,
көк)
-
Қане осы мұнараны құрастырып
ойнайық.
Ойын: «Мұнараны
құрастыр»
Кім, тез, шапшаң, дұрыс
мұнараны құрастырады. (2 бала
шығару)
Айсұлу: Балалар, сендер аю туралы
тақпақ білесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Аю, аю тұршы,бетіңді
жушы,
Шашыңды тарашы, айнаға
қарашы.
Мен қазір тұра
алмаймын,
Бетімді жуа
алмаймын.
Шашымды
тарамаймын,
Айнаға
қарамаймын.
Қыс өтеді сонда
сен,
Ойнауға кел,
менімен.
Айсұлу: Рахмет, қандай керемет
балалар.
Балалар мен сендермен ойын
ойнағым келіп тұр. Ойнайсыңдар
ма?
Ойынның аты
«Сылдырмақ». Қане бәріміз сылдырмақтарды
алайық.
Шарты: Әуен ойнағанда сылдырмақты
сылдырлатамыз. Ал, әуен тоқтағанда сылдырмақты тығып қоямыз.
Жарайсыңдар, балалар!
Айсұлу: Балалар осы допты ермексаздан
бірге мүсіндейік.
(балалар Айсұлумен бірге
мүсіндеу жұмысын орындайды).
Добым – добым домалақ
Қайда кеттің
домалап,
Қызыл, сары, жасыл,
көк,
Алуан түсті доптар
көп.
Айсұлу: Жарайсыңдар , балалар! Сендер
сондай әдемі доптар мүсіндедіңдер.
Қорытынды:
Сендер ойыншықтар туралы көп
нәрсе білдіңдер.
-
Ойыншықтар қандай болады
екен?
-
Ойыншықтар туралы тақпақ
айтыңдар, ойын ойнадындар.
-
Ойыншықтарды сындырмай,ұқыпты
ойнап, ойнап болған соң жинап қою
керек. Сендерге
көп-көп рахмет! (балаларға сыйлық
беру)
Балалар енді қонақтармен
қоштасайық. Бақшамызға қайтайық.