Ұйымдастырылған ашық
іс-әрекеті
Тақырыбы: «Күзгі орманның ғажайыптары»
(Математика негіздері)
Топ: №10 «Түймедақ» мектепалды
Жас деңгейі: 5 жас
Тәрбиеші -Ибадуллаева Г.А.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты:
Білімділік: 1-10 көлеміндегі сандық және кері санау дағдыларын бекіту. Геометриялық пішіндердің (шаршы, үшбұрыш, дөңгелек) атаулары мен айырмашылықтарын қайталау.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, зейінділікті, есте сақтау қабілетін дамыту. Ұсақ моториканы жетілдіру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, тапсырмаларды мұқият орындауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Міндеттер:Балаларға заттарды көзбен көрмей түйсіну,
қолмен ұстап, саусақпен сипап санау амалына үйрету; тең ұғымын екі
тәсілмен саны бойынша кем топқа бір затты қосу немесе артық топтан
алып тастау арқылы бекіту, "қанша болды?", "қаншасы қалды?"
сұрақтарына жауап беруге машықтандыру.
Қолдың ұсақ моторикасын, түйсік, зейін, еске сақтау, ойлау
қабілеттерін дамыту.
Cөздік
жұмыс: Жаттығуды орындағанда:
«кеміреді», «ғажайып калташа» сөздері мен сөз тіркестерін
айтқызу арқылы жетілдіру.
Әдіс-
тәсілдер: Аудиожазбаны тыңдау,
көркемсөз, суретті көрсету, кіріспе әңгімелеу, сергіту сәті,
үстелдің басында іс-тәжірибе жаттығуы, оқу қызметін пысықтау,
балалардың іс-әрекетін бағалау.
Құрал-жабдықтар:
Сюжеттік және мотивациялық құралдар: "Ғажайып орман әлемі" хат: әдемі безендірілген конверт немесе орама; " Ғажайып орман әлемінің сарайының" суреті/макеті: іс-әрекеттің басында және соңында қолдану үшін; үш сиқырлы кілт: әрбір тапсырмадан кейін берілетін 3 түрлі белгіше (мысалы: сандар карточкасы, геометриялық пішін, түсті фишка, құрылыс кілті); "зымыран" әуені/музыкасы: саяхатқа шығу және оралу кезеңдеріне арналған көңілді музыкалық сүйемелдеу.
Математикалық ұғымдарды қалыптастыру құралдары:
1-ші аялдама «Қалташада саны қанша жаңғақ бар?»:сандар карточкалары (1-ден 10-ға дейін): жұмыс үстеліне тарату немесе магнитті тақтаға ілу үшін.
2-ші аялдама «Саңырауқұлақтарды тиіндерге үлестірейік»:әр балаға 5 тиін және 5 саңырауқұлақ, 1-10 сандар.
3-ші аялдама «Тиіннің үйшігі» :үлгі (фон): тиіннің суреті, ағаш бұтағы салынған, бірақ үйі жоқ үлкен картон немесе тақта; құрылыс пішіндері: тиіннің үйін құрастыруға арналған үлкен және кіші пішіндер (шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш, дөңгелек) жиынтығы.
2. Үлестірмелі материалдар.
Әрбір балаға тең екі жолақты
көлденең карточка; әр жолақтың оң жақтағы соңғы шақпақтары жіңішке
жолақпен қоршалған.
Ыдыстарда «бір, екі, үш, төрт, бес» сандары,тиіндер,
саңырауқұлақтар кескіндері.
Әр балаға «ғажайып қалташа», тіктөртбұрышты қалташаға жасырынған жаңғақтар жиынтықтарының бірі.
Ұйымдастырылған
іс-әрекеттің барысы.
1. Кіріспе бөлім.
Қуаныш
шеңбері.
Тәрбиеші балаларды қуаныш шеңберіне тұруға шақырады.
-Балалар, қуаныш шеңбері жиналайық.
Армысың, қайырымды Аспан Ата!
Армысың, мейірімді Жер-Ана!
Армысың, шұғылалы Алтын Күн!
Армысың, дос болайық бәріміз!
Қуан, шаттан, алақай!
Б
үгінгі
күніміз ерекше және керемет қуанышқа толы болсын! Қане, бәріміз
жақсы көңіл-күймен бір-бірімізге күлкімізді
сыйлайық! (Балалар бір-біріне қарап
күлімсірейді).
-Тыңдаңдаршы, балалар! Бүгін біздің топқа өте маңызды, әрі құпия хабар келіп түсті. Ол хатты бізге кім жібергенін білгілерің келе ме?
Тәрбиеші әдемі безендірілген келген конвертті көрсетеді.
-Бұл хат бізге "Ғажайып орман әлемінен " келіпті!
Тәрбиеші хатты оқиды:
"Құрметті кішкентай достар! Ғажайып орман әлеміне қош келдіңіздер!Мен орманда өмір сүретің жануармын кірпі. Сіздердің көмектерің керек болып тұр. Біздің әлемде менің досым тиін жоғалып кетті. Соны табуға көмектесіңдерші.
Ол үшін сіздерге 3 сиқырлы кілтті табу керек. Бұл кілттер қызықты математикалық тапсырмалардың артында жасырылған. Егер сендер ақылдылық, зейін және тапқырлық танытсаңдар, барлық кедергілерді жеңіп, кілттерді таба аласыңдар!
Біз сендерге сенеміз! Құрметпен, кірпі."
-Уау! Бұл қандай қызықты саяхат болмақ! Кілттерді табуға, математика әлеміндегі тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?
Саяхатқа шығамыз ба?
- Иә, дайынбыз!
Олай болса, алға! Бізді " Ғажайып орман әлемі " күтіп тұр!
-Керемет! Бірақ " Ғажайып орман әлеміне " жәй жаяу бару өте ұзақ болады. Бізге ерекше көлік керек!
– Қане, көздеріңді жұмыңдаршы, қандай көлікпен барғыларың келеді?
(Балалардың жауаптарын тыңдау: Ұшақ, зымыран, пойыз, т.б.)
-Бәрекелді! Менің ойымша, Ғажайып орман әлеміне жету үшін бізге қиял-ғажайып пойыз қажет! Біз пойызға мініп, Ғажайып орман әлеміне аттанайық. Бірақ ол үшін екі шартты орындау керек- 1ші шарт билет алу үшін 1-10-ға дейін тура санайық; 2ші шарт орманда өмір сүретін жануардың бетпердесін кию керек.(балалар оіға дейін санайды және әрқайсысы жабайы жануардың маскасын таңдап киеді.)
-Міне, біз " Ғажайып орман әлеміне" бірінші аялдамасына келдік. Бізді тапсырмалар күтіп тұр.
– Олай болса, алға! Бірінші сиқырлы кілтті іздеуді бастаймыз! Ол үшін пішіндер тұрған үстелдерді табу керек.
2. Негізгі бөлім.
К
өркемсөз. «Тиін» (Д. Ахметова).
Мен жаңғақтарды теремін,
Күндіз-түні кеміремін.
Секіріп, ытқып жүремін,
Тоқтап қайта кеміремін.
-Балалар, бұл не? Таныдыңдар
ма? Жарайсыңдар! Бұл - тиін.
Балалар, сендер тиін туралы не білесіңдер?
Ол неге күзде аса шапшаң болады? Теледідарға назар аударайық
ендеше, тиін жайлы сіздерге көрсетіп және айтып
берейін.
(Суретті немесе бейнероликті көрсету,тиіннің жаңғақты немесе саңырауқұлақты кеміріп отырғаны туралы сурет (бейнеролик) көрсетіледі.)
– Балалар, тиін шапшаң аң. Ол жаңғақтар мен саңырауқұлақтарды бір күнде жеп қоймай, орманның әртүрлі жеріне, шұңқырларға, індерге, ұяларға жасырып жүреді. Қыс түскенде қар барлық қоректі басып тастайды. Ал тиін болса, қыстан қорықпайды. Ол өз қоймаларын тауып алады.
![]()
1-ші аялдама : «Қалташада саны қанша жаңғақ бар?»
![]()
– Балалар, бұл қандай пішін? – деп тәрбиеші жұмбақтай сұрақ қояды. – Осы пішін бейнеленген үстелді тауып, сол жерге барайық. Онда бізді алғашқы тапсырма күтіп тұр. Үстелге апарар жол түрлі-түсті пішіндермен көмкерілген. Бірақ біз тек көк шаршылармен ғана жүреміз. Абай болыңдар, адасып кетпеңдер!
Балалар көк шаршылармен өрнектелген жолмен жүріп, тиін жасырған ғажайып қалташаларды іздейді. Жолдың соңында, үстелдің үстінде жәшік тұр.
– Міне, таптық! – деп қуана айқайлайды олар.
– Әрқайсысың қалташаны өзіне тартып, алдына қойсын. Ішіндегі жаңғақтарды солдан оңға қарай, асықпай, саусақтарыңмен сипап, сезіп, санаңдар. Санын ұмытпаңдар! Мен жандарыңа келгенде, нәтижесін құлағыма сыбырлап айтасыңдар.
Тәрбиеші балаларға жаңғақтарды өздігінен, қолмен сипап санауға мүмкіндік береді. Олардың жауаптарын мұқият тыңдайды.– Балалар, сендер қанша жаңғақ санадыңдар? Енді тексерейік. Қалташадағы жіпті ақырын шешіп, жаңғақтарды үстелге төгіңдер. Әр жаңғақты көзбен көріп, саусақтарыңмен түртіп, қайта санаңдар.
Тәрбиеші балаларға көзбен көріп, саусақтарын жылжытып санауға тағы да мүмкіндік береді.
– Мәдиар, сен қанша жаңғақ санадың? Қалташаны ашқанда қанша жаңғақ болды? – деп сұрайды тәрбиеші.
Тәрбиеші балалардың екі жауабы да бірдей болса, мақтайды. Егер жауаптары әртүрлі болса, жаңғақтарды қайта санауды ұсынады.
– Жарайсыңдар, балалар! Бірінші кілт табылды!
2-ші аялдама : «Саңырауқұлақтарды тиіндерге үлестірейік».
-Балалар, мынау қандай пішін, түсі қандай екен? Ендеше, осындай пішін тұрған үстелді іздеп табайық! Ол үшін бізге сары үшбұрыштарға секіріп өту керек.
Балалардың алдында тең екі жолақты көлденең карточкалар жатыр. Әр жолақтың оң жақ шетіндегі соңғы шақпақтары нәзік жолақпен қоршалған. Кішкентай ыдыстарда «бір, екі, үш, төрт, бес» сандары дайын тұр. Сонымен қатар, төрт тиін мен бес саңырауқұлақтың суреттері салынған. Үлестірмелі материалдармен жұмысты жеделдету үшін сандарды жеке ыдыстарға бөліп қою өте тиімді.
-Балалар, енді екінші тапсырмаға көшейік. Байқасаңдар, тиіндер бізге көмек сұрап тұр екен – олар саңырауқұлақтарды қалай бөліп алу керектігін білмей отыр.
Қане, саңырауқұлақтарды әр тиінге бір-бірден үлестіріп берейікші!
Балалар, алдарыңдағы екі жолақты карточканы өздеріңізге қарай жақындата түсіңдер.
-Айлин, ыдыстарда нелер бар екен? (Тиіндер, саңырауқұлақтар, сандар бар.) Жарайсың!
-Сендердің жоғарғы жолақтарыңа орманнан осонша тиін түсіп келді (тәрбиеші 3 санын көрсетеді).
Балаларға тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Солдан оңға қарай салу тәртібі қадағаланады.
Жарайсыңдар! Соңғы шақпаққа қандай санды саламыз? Салыңдар.
Тапсырма тексеріледі.
-Балалар, егер 3 тиін секіріп келсе, онда әрқайсысына жалпы саны қанша саңырауқұлақты саламыз? (Бір тиінге бір саңырауқұлақ.) Дұрыс айтасың, Дамир! Жалпы, қанша саңырауқұлақ болады? (3 саңырауқұлақ.) Жарайсың!
Енді саңырауқұлақтардың санын соңғы шақпаққа қойыңдар. Керемет!
– Барлық тиінге саңырауқұлақ жетті ме? Неге? (Себебі, тиіндер мен саңырауқұлақтардың саны тең, бірдей.) Өте жақсы, Алияр!
-Балалар, енді мұқият тыңдаңдар! Міне, көрші ағаштан тағы да бір тиін келді…, артынан тағы бір тиін қосылды.
– Мариям, жоғарғы жолаққа тағы да саны неше тиінді саласың? (Екі тиінді саламын.) Балалар, сендерге де екі тиін келіп қосылды ма? (Иә, екі тиін қосылды.) Жақсы!
– Ой, тиіндеріміз көбейіп кетті ғой. Қане, қайтадан санайықшы. Іңкәр, санай ғой.
(1,2.3,4,5. Барлығы төрт тиін болады.) Жарайсың!
Тиіндердің санын өзгерту керек сияқты. Тиіндердің санына сәйкес келетін санды көрсетіңдерші? (Балалар төрт санын көрсетеді және соңғы шақпаққа салады.)
– Балалар, барлық тиіндерге саңырауқұлақ керек. Енді не істейміз? (Барлық тиінге бір-бірден саңырауқұлақ береміз.) Жарайсың, Мадияр! Қәнекей, барлық тиіндерге саңырауқұлақтарды үлестіріп беріңдер.
Тапсырманы орындауға уақыт беріледі, орындалу тәртібі қадағаланады.
– Інжу, саңырауқұлақтардың саны қанша болды? (Саңырауқұлақтардың саны 5 болды.) Тиіндердің саны қанша болса, саңырауқұлақтардың саны да сонша. Енді саңырауқұлақтардың санына сәйкес келетін санды да ауыстырыңдар.
-Балалар, жарайсыңдар! Міне, 2-ші кілт табылды!
Ендеше шаршаған болатын шығарсыңдар. Жаттығу жасап жіберейік.
Сергіту сәті.
Атрибут қажеттілігі және қолдануы жануардың бетпердесі.
Мақсаты: жануар аттарын қимыл арқылы бекіту.
Қолданылуы: Әр балаға бір жануардың бетпердесін кигізіңіз. Тәрбиеші музыкаға қосылып, бір жануарды атағанда, сол бетпердені киген балалар ғана секіру, жүгіру немесе билеу сияқты қимылдар жасайды.
-
Балалар маскаларды киеді .
-
Музыка басталады.
-
-"Қояндар, оңға қарай жүгіріңдер!" (қоян бетпердесін кигендер ғана орындайды).
-
-"Қасқырлар, айнала билеңдер!" (қасқыр бетпердесін кигендер орындайды).
-
-"Түлкі, жоғары секіріңдер!" (түлкі бетпердесін кигендер орындайды).
![]()
3-ші аялдама : «Қоянның үйшігі»
Балалар, назарыңызды аударыңдарші! Алдыңыздағы қандай ғажайып пішін жатыр?
Үшінші үстелге саяхатымыз жасыл шеңберлер лабиринтінен өтеді, абай болыңдар, аяқтарыңмен басып кетпеңдер! Міне, үшінші үстел де табылды!
Балалар! Құлақтарыңды тосыңдаршы! Қараңдар, ағаш түбінде кіп-кішкентай қоян мұңға батып, көз жасын көл қылып отыр екен. «Не болды?» – деп сұрайықшы.
Ол бізден көмек сұрайды! Жаңбырдан қорғайтын, суықтан сақтайтын жылы ұя керек екен! Ендеше, бәріміз кішкентай сәулетші болып, пішіндерден керемет сарай тұрғызып берейік!
Біздің қоянымыз жалғыз емес, оған қонаққа келетін достары да бар! Сондықтан біз оған екі бірдей, бірақ ерекше үй салуымыз керек!
Біз қазір екі топқа бөлінеміз:
"Батыл құрылысшылар" тобы (1-ші үйді салады)
"Зерек дизайнерлер" тобы (2-ші үйді салады)
Балалар, бұл сіздің жобаңыз:
Қабырға (іргетас): үлкен қоңыр шаршыны алыңыз. Оны бұтақтың түбіне (астына) орналастырыңыз.
Шатыр (тәж): жарқыраған сары үшбұрышты алыңыз. Оны шаршының төбесіне (үстіне) мұқият орнатыңыз.
Есік (қақпа): кішкентай көк тік төртбұрышты алыңыз. Оны үйдің жүрегіне, дәл ортасына қойыңыз.
Терезе (көз): Кішкене қызыл дөңгелекті алыңыз. Оны үйдің оң жағына жапсырыңыз.
Нәтиже
Қоян (екі үйді көріп, қуаныштан секіріп) балаларға алғысын жаудырады:
"Рахмет, менің Батыл құрылысшыларым және Зерек дизайнерлерім! Менің екі бірдей керемет сарайым пайда болды! Енді мен және менің достарым жаңбырдан қорықпаймыз!"
Құттықтаймын, балалар! Сендер нағыз шеберсіңдер және ең бастысы, мейірімдісіңдер! Үшінші кілт табылды!
-Балалар, біз бұл керемет саяхаттың соңына жеттік! Сиқырлы құлыптарды ашуға және тиінді босатуға көмектесетін барлық үш кілтті жинадық. (Қақпаның ашылғанын білдіретін жеңіл әуен қосуға болады) Біздің көмегімізбен кірпі өзінің досын тапты!
Топқа оралу сәті.
-Ендеше біздің ерекше көлігімізге – қиял-ғажайып пойызымызға- отыратын кез келді! Қане, бәріміз тез-тез орнымызға тұрып, пойызымызға отырайық!
Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып, қимылды қайталауға шақырады.
-Дайын бол! (Балалар аяқтарын бірге қояды)
Санаймыз! (Дауыстап, кері санауды бастау)
Бәрі бірге: "10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1! Кеттіқ!" (Жылдам секіру немесе қолдарын жоғары көтеру)
-Бізді пойызымыз өзіміздің тобымыздамызға жеткізді!
III. Қорытынды- рефлексиялық.
"Сиқырлы сан Сарайына" кіру.
-Қалай ойлайсыңдар, саяхат сәтті өтті ме?(Балалардың жауабын тыңдау.)
-Біз қайда саяхат жасадық? ("Ғажайып орман әлеміне ")
-Қандай қызықты және қиын тапсырмаларды орындадық? (Сандар, түстер, пішіндер, бағдарлау туралы сұрау, тиіндерге саңырауқұлақтарды бөліп бердік.)
-Саңырауқұлақтар барлығына жетті ме? Қалай жеткіздіңдер?
(Бір тиінге бір саңырауқұлақ бердік.)
–Тиіннің қандай ғажайыптарын санадық? (Жаңғақтарын санадық.)
Көзбен көріп санадық па?
(Ұстап-сипап санадық.)
Тиінге үйшік салып
бердіқ.
-Алтын балалар! Біз "Ғажайып орман әлемінен" аман-есен оралдық! Сіздер бүгін нағыз батырлар мен ақылды іздеушілер екендеріңізді дәлелдедіңіздер!
– Барлық тапсырмаларды мұқият орындап, бір-біріңе көмектесіп, ғажайып орман әлемінің үш кілтін де тауып бердіңдер! Осы еңбектерің үшін, білімге деген құштарлықтарың үшін, орман тұрғындары сендерге ерекше алғысын білдіреді!
Қ
ане,
көздеріңді жұмыңдаршы...
«Ғажайып орман әлеміндегі" сәтті саяхаттың және сендердің үлкен жеңістеріңнің құрметіне, сендерге ерекше естелік сыйлықтарды табыс етеміз!
Сендер – біздің кішкентай математиктеріміз! Жарайсыңдар!»
(Сыйлықтарды әр балаға жеке-жеке табыс ету)
? Ата-аналарға арналған кері байланыс.
? Ғажайып орман әлемінен сәлем! ?
Құрметті ата-аналар!
Бүгін №10 «Түймедақ»мектепалды тобында «Күзгі орманның ғажайыптары» атты математика негіздері бойынша қызықты ашық оқу іс-әрекеті өткізілді.
Балаларыңыз осы саяхатта нағыз ізкезушілердің рөлін атқарып, тапқырлық пен білімділік танытты.
⭐ Біздің негізгі жетістіктеріміз:
-
Орман әлемі: Балалар 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санау қабілеттерін көрсетті.
-
Пішіндер мен түстер: балалар геометриялық пішіндерді (шаршы, үшбұрыш, дөңгелек) атап, санына сәйкес топтастыру тапсырмасын табысты орындады.
-
Кеңістіктегі бағдарлау: балалар кеңістіктегі ұғымдарды (мысалы, оң жақ, сол жақ, жоғары, артында) пайдалана отырып, адасқан пішіндерді орнына қою арқылы логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.
? Үйге тапсырма (қызықты сұхбат):
Бүгінгі саяхат туралы балаңызбен сөйлесуді ұсынамыз:
-
"Ғажайып орман әлемі" ең қатты несі ұнады?
-
Олар қандай ерекше көлікпен (зымыранмен) саяхаттады?
-
Олар тапқан 3 сиқырлы кілттің әрқайсысы қандай тапсырмаларға байланысты болды?
Балаңызбен осы тақырыптарды талқылау арқылы оның білімін бекітіңіз.
Балаңыздың жетістіктерін мақтаныш етеміз!
Құрметпен, тәрбиешісі Жазира Акмырзаевна және мектепалды тобының тәрбенушілері.
2
3
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұйымдастырылған ашық іс-әрекеті. Тақырыбы: «Күзгі орманның ғажайыптары»(Математика негіздері)

шағым қалдыра аласыз