жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті 4 саны және цифры
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: "4 - саны мен цифры"
Мақсаты:
Білімділігі: 4 санымен таныстыру. Құрамын анықтау арқылы 4 санының қатарын ретімен санауға жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың 4 саны көлемінде білім -біліктілігін арттыру үшін дамытып оқыту.
Дамытушылығы:
:
Баланың танымдық,шығармашылық,сөйлеу
іс-әрекеттерін біріктіріп дамыту.Жан-жақты
ойлау қабілетімен сұраққа толық жауап
беру деңгейін арттыру.Ойлау,қабылдау
сезімдерін жетілдіру.Сөздік қорын
дамыту.
Тәрбиелігі:
Балалардың санамақ туралы ұғымдарын
қалыптастыру,есепке қызығушылығын
ояту.
Сабақтың
түрі:
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсіл:
:
Ой қозғау, сұрақ-жауап, көрсету, санау,
қайталау, дәптермен жұмыс, бағалау,
сергіту сәті, қортындылау.
Көрнекіліктер: Слайд, сандар суреттері, түрлі-түсті шарлар, қыстырғыш.
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы кезең:
Іздену-ұйымдастырушы кезең:
Сергіту кезеңі
Дидактикалық ойын:
Рефлексивті түзетуші кезең:
|
Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді шаттық шеңберімен бастайық.
Мейірімділік жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен Амандасып алайық Бір жадырап қалайық! Қол ұстасып бәріміз, Жылылықты сезейік. Шуақ шашқан күндей боп , Күлімсіреп
жүрейік!
Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар? Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай? Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар бізге сыйлық келіп қалыпты, кімнен келді екен? Тосын сый жасап әкеліп тастағанғой. Ол үшін 1,2,3 деп санап сыйлықты ашайық. Қорапша ішінен төрт саны шығады . Міне балалар біздер бүгін 4 санымен танысамыз. Ендеше өткен сабақтарымыз бойынша тақтадағы суреттерге қарайық. Сурет бойынша санау және 1,2,3 сандарын айту. Ал енді балалар біз 4 санының құрамымен танысайық. Төрт саны төрт бірліктен тұрады. Қатарда төртінші тұрады. 4санын ауада салып көрсету.
Балалар қорапша ішінде тағыда сыйлықтар бар екен. Қорапша ішінде не бар екен? Сыйлық ішінен шарлар шығады. Қане балалар шарларды санап, түстерімен ажыратайық. Осы шарларды босату үшін тапсырмалар жазылып тұр екен. Ендеше бірінші қай шарды таңдаймыз? Қызыл шардың тапсырмасы бойынша берілген суреттерді ретімен орналастырамыз.
Келесі қай шардың тапсырмасын орындаймыз? Жасыл шардың тапсырмасы дәптермен жұмыс екен. Ендеше алдарыңызға берілген сурет бойынша теректегі алмалардың төртеуін орналастырамыз. Балалар ендеше бізде екі түсті шар қалыпты, қайсысын таңдаймыз? Сары түсті шардың тапсырмасы бойынша сергіту жаттығуын орындайық. Бұлт қабағын түйіп ап, Бүркеп алды аспанды 1, 2, 3 Тырс, тырс, тырс 1,2,3,4 Тырс, тырс, тырсылдап Жаңбыр жауа бастады. Соңғы көк шардың тапсырмасы бойынша дидактикалық ойын ойнайық. Сандарды өсу,кему ретімен орналастыру. Мақсаты: Қол моторикасын дамыту және шапшаңдыққа тәрбиелеу. Шарты: Балалар партадағы сандарды алып, өсу ретімен және кему ретімен қыстырғыштар арқылы орналастыру.
Логикалық сұрақтар: Аспанда неше күн бар? Адамда неше қол бар? Бағдаршамның неше түсі бар? Көліктің неше дөңгелегі бар?
Балалар бүгін біз қандай санмен таныстық? 4 санының құрамын айтайық. Марапаттау. Топ бойынша көңілді смайликтермен бағалау. |
Шеңбер бойымен тұрып, қимыл-қозғалысты көрсетіп, шаттық шеңберін орындайды.
Мейірімділік жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен Амандасып алайық Бір жадырап қалайық! Қол ұстасып бәріміз, Жылылықты сезейік. Шуақ шашқан күндей боп Күлімсіреп жүрейік!
Төрт жыл мезгілі бар. Қыс, көктем, жаз, күз. Күз мезгілі.
Күн салқын болады, жаңбыр жауады. 3үш ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша.
Балалар қызығушылық танытып, сыйлыққа назар аударады.
Сан шықты.
Балалар тәрбиешіге қарап, айтқандарын қайталайды.
1, 2, 3.
4 саны
4 бірліктен тұрады.
Балалар ауада төрт санын салады.
Шар 1, 2, 3, 4. Қызыл, жасыл, сары ,көк.
Қызыл
Балалар қызыл шардың тапсырмасыбойынша суреттерді орналастырады.
Жасыл Жасыл шардың тапсырмасы бойынша алдарындағы суреттің төрт алмасын орналастырады.
Сары
Бұлт қабағын түйіп ап, Бүркеп алды аспанды 1, 2, 3 Тырс, тырс, тырс 1,2,3,4 Тырс, тырс, тырсылдап Жаңбыр жауа бастады.
Балалар тақтаға кезекпен шығып сандарды орындарына орналастырады.
Біреу Екеу Үшеу Төртеу
4 санымен
4 бөліктен тұрады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: 4 санының құрамын және айтылуы мен ауада жазылуын.
Нені игерді: Сандарды ретімен орналастыруды.
Нені біледі: 4-ке дейінгі сандарды біледі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген