Материалдар / Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық айтуға,дыбыс аппаратын дамыту. Балаларға киім атауларын атап айтуға және қыздар мен ұлдардың киімдерін ажыратуға білуге үйрету.. Балалардың киім туралы түсініктерін қалыптастыру.Киім кию реттілігін есте ұстауға уйрету. Балалардың қыс белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру:қар жауады,дала суытады,адамдар жылы киінеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2021
272
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Тлемисова Жулдыз Рахатовна

Түркістан облысы, Шымкент қаласы

24 «Алма» бөбекжай-бақшасы МКҚК, тәрбиеші


Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қуыршақ Томиристің киімдері»

Мақсаты:Дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық айтуға,дыбыс аппаратын дамыту. Балаларға киім атауларын атап айтуға және қыздар мен ұлдардың киімдерін ажыратуға білуге үйрету.. Балалардың киім туралы түсініктерін қалыптастыру.Киім кию реттілігін есте ұстауға уйрету. Балалардың қыс белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру:қар жауады,дала суытады,адамдар жылы киінеді.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,көрсету,әңгімелеу,түсіндіру

Қолданылатын көрнекі құралдар: Қуыршақ,қуыршақтың жылы киімдері(тон,бөкебай,етік,биялай) сюжеттік сурет,Қуыршақ Томирис.

Сөздік жұмыс: Тон,етік.

Билингвальді топтама: тон-шуба,етік-сапоги,қолғап-варежки,тұмақ-шапка.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық




Ойын қызметінің барысы:

Балалар бугін біздің топ үшін ерекше күн.Бүгін бізге қонақтар келіпті,кәнеки қонақтармен сәлемдесіп алайықшы.

-Ең алдымен жаңа күнмен амандасайық.

Балалар,мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын!










Ұйымдастыру-шылық ізденістік

Шаттық шеңбері:

Біз әдепті баламыз,

Біз тәртіпті боламыз.

Қонақтарды көргенде,

Амандасып аламыз.

-Сәлеметсіңдер ме балалар?

-Сәлеметсіздер ме?

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі.

-Қыста күн қандай болады?

-Қыстың белгілерін атайық:

-Қар жауады,күн суытады,су мұз айдына айналады.

-Қыста бәріміз қалай киінеміз?

-Жылы киінеді,үстеріне тон киеді,аяқтарына етік киеді,бастарына құлақшын киеді,қолдарына қолғап киеді.

-Дұрыс айтасыңдар қыс мезгілі суық болады,барлығымыз жылы киінеміз.

-Балалар қонақтарға қыс туралы тақпақтарымызды айтып берейікші кәнеки?

-Альмира: Қыста қармен ойнаймыз,

Қызыққа біз тоймаймыз.

-Әділхан:Балалар шықты далаға,

Ойнап,күліп жүреді.

Шанаменен ойнады,

Аққаланы соғады.

-Шұғыла:Менің атым ақпан,

Келдім суық жақтан.

Тоңып қалма балалар,

Аязымнан сақтан.

-Аяжан:Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болып қатады,

Жып-жылтыр болып жатады.

Қызықты сәт:

-Есік қағылып,қуыршақ Томирис бөлмеге кіреді.Көңіл күйі жоқ.

-Балалар бізге тағы бір қонақ келді. Ол-Қуыршақ.Қәне,балалаар Қуыршақпен амандасайық.

-Сәлеметсіңдер ме балалар?Мен қуыршақ Томириспін.

Қуыршақтың көңіл-күйі жоқ екен. Қуыршақ Томирис қыста далаға шығу үшін қандай киім киетінін білмей,сендерден көмек сұрай келіпті.

-Балалар,қыста сендер қандай киім киетінін білесіңдер ме?

-Ия.

-Қанеки кім айтады?

-Қанеки,балалар қуыршақ Томириске қыстық киімдерді орыс тілінде айтып шығамыз.

-Ия.

Томиристің серуенге шығуына дұрыс,әрі жылы киінуіне көмек берейік.

-Балалар Томириске көмектесу үшін алдымен,киімдердің атауларын атайықшы.

-Етік, тон, көйлек,қолғап,тұмақ.

-Әрине,өте дұрыс айтасыңдар балалар.Енді Томирис сендердің көмектеріңнің арқасында серуенге қандай жылы киім кию керек екенін білетін болды.

-Томирис саған біздің бүлдіршіндеріміздің берген көмегі ұнады ма?

-Ия,балалар көп рахмет сендерге. Сендер маған далаға шығу үшін дұрыс,әрі жылы киінуіме көмек бердіңдер.

-Қуыршақ Томирис сен шаршаған боларсың. Балалар да шаршаған болар. Олай болса қанеки бәріміз бірге сергіту сәтін орындап жіберейікші,бойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Аппақ қар түсті де,

Қыс ызғарын сыйлады.

Мен де кидім үстіме,

Жылы тон мен пиманы.

Құлақшыным басымда,

Қолда жылы қолбағым,

Аттанамын бақшаға,

Енді неден қорқамын.


Ойын: «Дұрыс киіндір»

-Балалар қазір мен сендерді шығармашылық үстөлге шақырамын.Шығармашылық үстөлде Айдос пен Айнұрдың киімдері тұр,оларды киіндіреміз.

-Балалар,Айдос үстіне қандай киім киіп алған,түсі қандай?Аяғына қандай аяқ киім киген,оның түсі қандай?

-Балалар,Айнұр үстіне қандай киім киген,түсі қандай?Аяғына қандай аяқ киім киіп алған? Аяқ киім қалай аталады?Оның түсі қандай?

-Жарайсыңдар балалар! Енді барып орнымызға барып жайғасайық.

-Қуыршақ Томирис:Балалар мен сендердің арқаларында қалай жылы киінуді үйрендім.Сендерге көп рахмет. Менің сендерге сыйлық ретінде алып келген тәттілерім бар еді,оны казір тәрбиешілерің таратып береді. Енді мен серуендеп келейін,балалар қош сау болыңдар!



Рефлексиялық түзетушілік

-Балалар бізге қонаққа кім келді?

-Қуыршақ Томирис.

-Қуыршақ Томириске қандай көмек көрсеттік?

-Қыста қандай киімдер киеміз?

-Жарайсыңдар,балалар! Сендер өте ақылдысыңдар!Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі сендерге ұнады ма?

Осымен ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды.Қане,балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар!



Күтілетін нәтиже:

Біледі:киімді сипаттай алуды,киім атауларын атап айтуды;

Меңгереді: екі-уш сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруды;


Жасайды:қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алуды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ