400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі : "Ата Заңым-Ардағым!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ата Заңым ардағым
Тәрбиеші: Қастерлемес даңқын кім
Қадірлемес салтын кім
Әнұраны елімнің
Үні, тілі халқымның
(ҚР әнұраны орындалады)
Тәрбиеші: Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?
- Конституция, Ата Заң
-30 тамыз Ата Заңымыз қабылданған күн.. Өздеріңіз білесіздер, ол адамның, қоғамның, елдің құқығын қорғауға арналған. Әрбір елдің өз Ата заңдары болады. Заң болмаса, адам құқығы қорғалмайды, дүниеге келген бірінші күннен бастап сендер мемлекеттің қамқорлығындасыңдар.
Ата Заңымыз туралы, мен сіздерге слай көрсетемін жәнеде түсік беремін,сіздер мұхият тыңдап отырыңыздар./Балаларға слайт көрсету/

Тәрбиеші: Келесі кезекті Ата Заңымыз күніне байланысты дайындаған тақпақтарға кезек береміз.
Альбина: Шалдықпадым талмадым
Арманды алға жалғадым
Конституция қорғаным
Атасы ол бар заңның
Темірлан: Ғұрпымыз бар ел сенген
Дәстүрлері –ең ізгі

Әділдікпен өлшенген
Заңымыз бар негізгі


Айзада:Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле –жаладан
Ата Заң бұл ардақты

Тәрбиеші:Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –президент.
- Біздің елбасымыз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы деп аталады.
- Дұрыс айтасыңдар. Біз үлкен де, күшті мемлекет Қазақстанда тұрамыз. 130 –дан астам әр ұлт өкілдері бар. Әрбір халықтың салт –дәстүрі мен тілі бар. Ең бастысы біз, Қазақстан деген ортақ үйімізде әнімізде, сәнімізде жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату –тәтті өмір сүріп жатырмыз.
- Сендер, балалар Отанымыз Қазақстан жайында қандай тақпақтар білесіңдер?

Арсен:Отанды біз атамекен
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені, онда бәрімізде
Туып –өмір сүреміз

Нұрлыхан:Біз тілейміз бар бөбек
Бақытты өмір сүргенін
Туған елге еркелеп
Қуанғанын күлгенін
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?

- Әнұран, елтаңба, туымыз бар.
- Иә, балалар дұрыс айтасыңдар. Ашық аспандай көгілдір туымыз бар. Айбынды елтаңбамыз бар, мағыналы әнұранымыз бар.
- Ендеше, балалар рәміздер туралы тақпақтар айтып берейік.
Перизат:Өмірден әділдік пен бақ табатын

Құқығым қорғалды деп шаттанатын

Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп

Бұл біздің –Ата Заң деп мақтанатын


Арсен: Көк аспанда жас қыран
Көк аспанда қызыл қыран
Естілгендей біздің үн
Сол ғарыштың астынан
Айжан:Өркендеп өз қолына алған ісі,

Биікке қазағымның самға құсы

Халық боп қадір тұтып,қастарлеген

Ата Заң- Азат елдің арнамысы!


Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар еліміздің рәміздерін өте жақсы білетіндеріңді байқаттыңдар.
Біз жас ұлан Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы ертеңі
Еліміздің даңқын көкке өрлетіп
Гүлге бөлеп жайнатамыз өлкені –еліміздің, жеріміздің жарқын болашақ жұлдыздары сендерсіңдер, балалар!
- Ендеше, қонақтарға, бір –бірімізге, Отанымызға арнап жылы тілектер айтайық.
Альбина: Аспанымыз ашық болсын!
Нұрлыхан: Жеріміз гүлге толсын!
Айжан: Елбасымыз аман болсын!
Жігер: Заманымыз тыныш болсын!
Надежда: Балабақша гүлдене берсін!
Сидахмед:Біз сіздерге сәттілік тілейміз!
Тәрбиеші:Балалар,өте жақсы тілектер айттыңдар. Жарайсыңдар балалар, осы жақсы тілектен кейін, 30- тамыз Ата Заңымызға байланысты «Ата Заңым ардағым» атты ашық оқу-қызметімізді аяқтаймыз,еліміз тыныш,аспанымыз ашық болсын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
1210
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі