400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі : "Достаса білейік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Достаса білейік

Мақсаты : «Досттық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру.

Міндеті:

1) Достар арасындағы сыйластық,достық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту.

2) Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.

3) Бір-бірімен тату,дос болуға тәрбиелеу.Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Педогог балалардың сабақта қызығушылығы мен көңіл көтеру және олардың достарына деген сүйіспеншілік сезімін дамыту.

Шаттық шеңбері.

Біздің топтың балалары

Тату тәтті ойнайды

Дос көңілі жарасқан

Тек жақсылық ойлайды.

Дос,достық дегеніміз – адамдар арасындағы жақсы қарым – қатынас,бір-біріне деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезім. Достар бір-бірін реншітпейді, керісінше нағыз достар бір-бірін құрметтейді, сыйлайды, кешірімді болады. Достық сезім тек қана адамдар арасында ғана емес, ел мен елдің арасында да болады. Мысалы: біздің Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен, басқа елдермен жақсы достық қарым-қатынаста. Соның арқасында біздің еліміз қарқынды дамып келеді. Балалар, егер сендер бір-біріңді ренжітпей, тату-тәтті ойнасаңдар, бір-біріңе сыйлы боласыңдар, соның арқасында сендерде де достық сезім пайда болады. Достықтың арқасында қиыншылықтардан құтылуға болады.

Балалардың көңілін теледидарға аудару.

Достық туралы көптеген өлең әңгіме, ертегілер бар. Қазір мен сендерге «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін айтып берейін, мұқият тыңдайық. Енді осы ертегі желісі бойынша сұрақтар қояйын.

1.Қарлығаш қандай қиындыққа тап болды?

(Жылан өрмелеп келеді).

2.Қарлығаш қандай құстардан көмек сұрады?

(Көкек пен қарғадан).

3.Көкек пен қарғаның іс-әрекеті дұрыс па?

(Дұрыс емес, сен біреуге көмектессең ол да саған көмектесер).

4.Қарлығашқа достық көмегін берген қай жәндік?

(Дәуіт қарлығашқа көмектесіп, жыланды өлтіреді).

5.Ертегі немен аяқталады?

(Қарлығаш пен дәуіттің достығымен).



Міне, осындай жағдаяттардан дәйексөз пайда болады. Біздің бүгінгі айтар дәйексөзімізді «Достық – асыл қасиет» деп атайық. Достық бір-біріне деген сүйіспеншіліктен, мейірімділіктен, көмектесуден туындайды. Сондықтан да достықты адам бойындағы асыл қасиетке теңейміз.

-Балалар, міне біз дос, достық туралы түсінік алдық.

Енді, сендер достық қасиет туралы мақалдар білесіңдер ме?

«Жалғасын тап» ойыны.

1)Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

2)Жақсы дос – жанға серік,

Жаман дос – малға серік.

3)Жүз теңгең болғанша,

Жүз досың болсын.

4)Дос болсаң берік бол,

Досыңа адал серік бол.

- Жарайсыңдар, балалар біз мақалмен бірге достық туралы тақпақ айтып көрейікші.

1)Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз,

Қашан да, қайда да

Сенімді боламыз.

2)Балдырған балалар,

Достықты бағалар,

Есіңе сақта, адал бол, шыншыл бол.

Өтірік айтпа, сөзіңнен қайтпа.

3)Достық – игі жақсылық,

Достық ниет – жақсы үміт.

Достық жасап адамға

Достаса біл әмәнда.

4)Достық әден сыйласын

Дос өмірлік қимасың

Достарыңдай қымбатты

Достық сезім тым тәтті.

Өте тамаша, әрине, біздің елімізде әр ұлттың балалары бір шаңырақ астында тату-тәтті дос,бауыр болып өмір сүруде. Еліміздің әдемі болып өркендеуі достықтың татулықтың бірліктің арқасы.

Ал енді балалар бойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту жаттығуы

Достар бірге жүреміз

Бірге, ойнап күлеміз

Бірге балық аулаймыз

Міне, біздер қандаймыз

Бөлінбейді іргеміз

Әрқашанда біргеміз. (Осы кезде есік қағылады. Мұғалім қолына үлкен жүрек ұстап кіреді).

-Балалар, мынау жүрек қой! Қандай тамаша! Біздің балабақшамызда «Мейірімді жан» періштесі бар екенін білесіңдер. Ол бізге көрінбейді. Күнде әр топты аралап, достығы берік балаларға сүйсініп, қылығына, тәртібіне риза болып жүреді.Бұл жүректі бізге сол «мейірімді жан» жіберген ғой.Бұл жүректің үлкен қасиеті бар, оған қуаныш, бақыт, мейірім, қамқорлық, достық сияқты сезімдердің барлығы да сиып кетеді. (Үнтаспадан мейірімді жан періштесінің дауысы естіледі).

-Сәлеметсіздер ме балалар! Мен сендердің дос туралы әңгімелескендеріңді естідім. Сендерге жүректі жіберген себебім, іші толған жылы сөздер. Соны бір-бірлеріңе және қонақтарға тарту етіңдер.

-Рақмет, мейірімді жан, періштесі. Енді мына жүрек қорапшаны ашайық, міне керемет! Не деген әдемі жүрекшелер, балалар, қазір «Досымның жүрегі» деген ойын ойнайық. (Тыныштық сәті). Ойын шарты: мына жүрекшелерді алып, оған «досымның жүрегі» деген ат қоямыз. Жүрекшені алақанымызға аялап ұстай отырып, досымның жүрегі мейірімді, адал, шыншыл, кешірімді деген сөздерді айта отырып, анау ортадағы «Достық» ағашына ілеміз.

Мұғалім: менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы.

Анжела: менің досымның жүрегі қамқоршы.

Самат: менің досымның жүрегі қуанышты.

Аймира: менің досымның жүрегі жылы.

Жанель: менің досымның жүрегі нәзік.

Каусар: менің досымның жүрегі адал.

Оразалы: менің досымның жүрегі батыл.

Лия: менің досымның жүрегі сыпайы.

Алижар: менің досымның жүрегі ыстық.

Альбина: менің досымның жүрегі жұмсақ.

Інжу: менің досымның жүрегі бақытты.

Ұлжалғас: менің досымның жүрегі қайырымды.

Нұрислам: менің досымның жүрегі сезімтал.

-Ал, менің досымның жүрегі ақылды, міне, осылайша жалғасып, әр бала өз жүрегінен шыққан жылы лебіздерін айтып шығады.

-Міне, біздің «достық ағашымыз» қандай әдемі болып кетті. Осы «достық ағашымыз» тамырын терең жайып, барлық әлем балаларын достыққа, жолдастыққа, бірлікке шақырып өсе берсін! (Балалар қолдарын шапалақтап, қуанады)

-Жарайсыңдар, балалар! Мен де сендердің достықтарың мәңгілік болса деймін. Сонымен, бүгін біз дос, достық туралы әңгімеледік. Қорыта келе, достық ұғымын қалай түсіндіңдер?

Балалардың жауабы : дос- адал,мейірімді, қайырымды, өтірік айтпайтын болу керек. Достар тату болу керек. Олар бір-бірін ренжітпеу керек.

-Ия, дұрыс айтасыңдар балалар, біз тек өзіміз ғана дос болып қоймай, бізге келген қонақтармен де дос болайық.

Досың көп болсын десең,

Айтпа жалған ешқашан,

Шыншыл боламыз әрқашан.

Қортынды.

-Өзің жақсы жолдас болсаң, досың да көп болады.

Бір-біріне сенімді шын достар, кешірімді болады, достықтарын бұзбайды. Ендеше, қол ұстасқан күйімізде, біз бақытты елдің бақытты балаларымыз дей отырып, ән шырқайық жүректен шыққан жылы сөз жүрекке барып тиеді. Ендеше шын жүрегімізбен шырқаған ән сіздердің жүректеріңізге достық туын қадасын.

Жүректен жүрекке.

Ән: «Тату – тәтті достармыз»

Міне, осымен «Достаса білейік» атты сабағымыз өз мәресіне жетті.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
623
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі