№10 «» тобында ұйымдастырылған
іс–әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Әлеумет.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет:
Қоршаған ортамен
таныстыру.
Тақырыбы:«Қысқы еңбек»
Мақсаты: 1. Балалардың қыс мезгілінде орындалатын еңбек түрлері
туралы түсініктерін толықтыру. 2. Қысқы еңбек түрлерінің пайдасын
түсіндіру. 3. Қысқы еңбектің пайдасын түсіндіру арқылы
еңбексүйгіштікке баулу.
Білімділік: балалардың заттар әлемі туралы түсініктерін
қалыптастыру.
Дамытушылық: заттардың адам өміріндегі маңызы туралы көзқарастарын
кеңейту.
Тәрбиелік:балаларды айналадағы қоршаған ортаға танымдық
қызығушылықпен қарауға баулу.
Сөздік жұмыс:қырды күреу, қар тоқтату, құрғақшылық,
ылғал.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау,
қорытындылау.
|
Әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
әрекеті
|
Балалардың
әрекеті
|
|
Мотива-циялық -
қозғаушы
|
Шеңбер жасап тұрып, музыканың
сүйемелдеуімен «қар күреу» жаттығуын
орындатады.
|
Жаттығуды би қимылына келтіріп
орындайды.
|
|
Ұйымдас-тырушылық -
ізденушілік
|
1.Педагогтің жаңа сабақты
түсіндіруі.
Қысқы еңбек түрлерімен таныстырады және оларды кімдер
атқаратынын айтып түсіндіреді.
-Қыстыгүні көше мен аулалардың қарын күреп тазалау, ал
ауылда егістік алқаптарында қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі.Қала
көшелерінде машиналардың жеңіл әрі жылдам жүруі үшін адамдар арнайы
машиналармен қарды күреп тазалайды.Құрғақшылық жиі кездесетін
аймақтарда қар тоқтату әдісі қолданылады.Қар тоқтату-топырақта
ылғалдық біршама қорын жинап, еніс өнімділігін арттыратын жұмыс
түрі.
2.Сурет бойынша «Қысқы еңбек» тақырыбында балаларды
қатыстырып, әңгіме жүргізеді.
3.Сурет бойынша малды күтіп-баптау жұмыстары туралы
түсіндіреді.
4. «Артығын тап» дидактикалық
ойыны.Шарты: суреттен еңбек құралдарын тауып, оларды қоршап
сызады.Артық заттарды туып айтады: шана, шаңғы,
малақай.
|
Мұқият тыңдайды, түсінбегендері бойынша сұрақтар қояды,
сұрақтарға жауап береді. Сурет бойынша қысқы еңбек-қар күреу,
ауылда малды күту жұмыстары жайлы
әңгімелейді.
Дәптерден еңбек құралдарын тауып, оларды қоршап
сызады.
Сурет бойынша қысқы еңбек түрлері туралы әңгімелейді,
сұрақтарға жауап береді.
Заттардың не үшін артық болып
қалғанын айтып дәлелдейді.
|
|
Рефлексті –
коррекция-лаушы
|
Сабақта алған білімдерін
пысықтайды.
|
Қысқы еңбек туралы қойылған
сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:қыс мерзімінде атқарылатын жұмыс түрлерін
білуі.
Түсінеді: қысқы еңбектің пайдасын түсінеді.
Меңгереді:ауланың қарын күреу, үй жануарларына қамқорлық
жасау.
Тексерілді: ________________Аймағанбетова С.К.