400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі. "Адамгершілік әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған оқу қызметінде балаларды қарапайымдылыққа,адамгершілікке,әдептілікке,кішіпейілділікке үйрете отырып,жаман әдеттерден,аулақ болуға, жақсы мен жаманды ажырата білуге.Балаларды сыпайылылыққа,сәлемдесу мәдениетіне,үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Балаларды сұрақ -жауап арқылы өз ойын,пікірін еркін айтуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.

Күні, айы, жылы: 25.01.2018ж. Тобы: «Ақбота» IІ-кішілер Тәрбиеші: З.Ж Денишова Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным»,«Шығармашылық», «Денсаулық»Әлеумет» Бөлімі: Сөйлеуді дамыту,қоршаған орта,дене шынықтыру. Тақырыбы: «Адамгершілік әлеміне саяхат» Мақсаты:Балаларды қарапайымдылыққа,адамгершілікке,әдептілікке,кішіпейілділікке үйрете отырып,жаман әдеттерден,аулақ болуға, жақсы мен жаманды ажырата білуге.Балаларды сыпайылылыққа,сәлемдесу мәдениетіне,үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Алдын ала орындалатын жұмыс: сұрақ -жауап ,өз ойын,пікірін айту,әңгімелесу. Көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар:слайдтар,мақал-мәтелдер,интербелсенді тақта,кірпі,қыстырғыштар, алмалар. Ұйымдастырылған оқу қызметінің себепті қызығушылық кезеңі. «Достық» әні желісімен кіреді (м/ф «Әли мен Аия) . Қолымыздан ұстайық. Амансыңдар ма балалар! Мында апайларда келіп қалған екен амандасып жіберейік балалар Саламатсыздарма апайлар Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын.Кәне барлығымыз шеңбер болып тұрып өлең жолдарын айтайық Үлкенге де «сіз» Кішіге де «сіз» Барша жанды құрметтеп Бас иеміз біз. Тәрбеші: Балалар, сендер серуенді ұнатасыңдар ма? Сендер адамгершілік әлеміне барғыларын келе ме? Олай болса балалар барлығымыз автобуспен барайық Қысқы орманның суреті. Тәрбиеші : міне біз орманға жеттік. Қараңдаршы қандай әдемі.Қазір жылдың қай мезгілі?Қыс айларын білеміз бе ? Тәрбиеші: Қандай орман жануарларын білесіңдер? (Балалар жауап береді) Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Қане суреттерге қарайық дұрыс па екен. Суреттер көрсетіледі. Тәрбиеші: Дұрыс, бұл жануарлар орманда өмір сүреді. Оларды қандай жануарлар деп атаймыз? (Жабайы). Тәрбиеші: Сонымен қатар орманда құстар да өмір сүреді. Олар тамаша ән салады. Қане тыңдап көрейік. (Балалар орындыққа отырады) Релаксация «Құстар әні» 30 сек. Тәрбиеші:Міне балалар адамгершілік әлеміне бізде жетіп қалдық Интерактивті тақтадан слайд көрсетіледі. Суретпен жұмыс: «Әңгіме құрастыру» (Жылаған дауыс естіледі). Тәрбиеші: Ой, балалар, қараңдар, бұл не? (Кірпі) Кірпі мында не істеп жүр, тоңып қалдың ба? (Балалар кірпіні аяп құшақтайды) Жылама. Қане баллар кірпіні жылытып жылы сөздер айтайықшы. Сөздік ойын: «Жылы сөздер» Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Жылы сөздер әрқашан бізге қуаныш сыйлайды. енді тікенсіз кірпі қалай сақтанады. Кірпігі көмектесеміз бе? Балалар мен кірпінің тікендерін таптым, ендеше көмектесейік. (Балалар қысырғышты қыстырады) Ойын:«Кірпіге тікендерін табуға көмектес» Тәрбиеші: Балалалар қараңдар кірпі қандай әдемі болды. Сендер кірпіге жақсылық жасадыңдар, жылы сөз атйып жылыттыңдар, тікендерін таптыңдар, енді ол тамақ тауып жей алады . Жалмауыз кемпір оның балларын ұрыстырып қойыпты. Олар үнемі ұрысады дейді. Ендеше оларға қалай дос болуды үйретейік. Қозғалыс ойыны: «Тату болайық» (Тәрбиеші балалардың жолына кедергілер қояды, балалар бір-біріне қарап қол ұстасып екі-екіден кедергілерден қолдарын жібермей өтеді текшеден секіріреді, обручқа секіріп кіріп, шығады т.с.с) Тәрбиеші: Жарайсыңдар, енді кірпілерге біздің саусақтарымз сияқты дос болыңдар деп көрсетейікші . Саусақ ойыны: «Дос саусақтар» Біздің топтың балалары дос (саусатарды жұмып, ашады) Қыздар мен ұлдар. Бір-бірімізбен дос болайық, (екі қодың саутақтарының бастарын қосады) Кішкентай саусақтар. Бір, екі, үш, төрт, бес (әр саусақпен шапалақтайды) Қане тез санайық. Бір, екі, үш, төрт, бес Орныңа тұр тез. (қол басын сілкілейді) Сонымен балалар біз қандай жақсы істер жасадық? Балалар жауап береді. Ал енді кірпіні үйіне шығарып салайық, алдымен жұмбақты шешейік (Алма туралы жұмбақ). «Әрі қызыл, әрі тәтті. Татқан жанды таңырқатты». (Балалар жұмбақты шешеді. Тәрбиеші: Жарайсыңдар, енді алманы кірпіге берейікші. Балалар кірпіге алманы жапсырады, қоштасады. Тәрбиеші: Ал енді топқа қайтайық. Балалар сендердің көңіл күйлерің қалай,Сендер қайда бардыңдар. Балалар: Адамгершілік әлеміне бардық Тәрбиеші:Онда біздер немен бардық Балалар:Автобуспен Тәрбиеші:Балалар кім адамгершілік туралы мақал-мәтел біледі? Балалардың мақал-мәтелдері тыңдалады

Үстел үстінде смайликтер тұрады. Балалар өздеріне ұнаған смайликтерді тауып көрсетеді. Маған да осы смайликтер ұнайды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі