400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Айлакер түлкі"

Материал туралы қысқаша түсінік
МДҰ педагогтарына аса қажетті материалдар үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы: «Айлакер түлкі»

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: Тіл дамыту

Мақсаты:

  • Сөйлеу мәнерін қалыптастыру

  • Сахналау қойылымына ат салысуға ықылас білдіруді, сөйлеу мәнерінің көркемдік әдіс-тәсілдерін (дауыс ырғағы, ымдау, қимыл-қозғалыс, дауыс құдіреттілігі, интонация) қолдануды дамыту

  • Шыншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілген жұмыс және сабаққа даярлық :

Билингвальды компонент: Түлкі – лиса – fox

Айлакер түлкі – хитрая лиса – cunning fox

Қолданылатын көрнекіліктер: слайд, ертегі мазмұны бейнеленген суреттер, желдің дыбысы, сахналауға арналған түлкі, әтеш, тауық, үйрек, тауыс, қоян бетперделері, киімдері, орман, түлкінің апаны

Қызмет кезеңдері


Педагогтың басқару іс-қимылдары

Балалардың қызметі

1

2

3

Мотивациялық қозғаушы











Шаттық шеңбері

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Барша жұртқа құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Ай да біреу аспанда,

Күн де біреу аспанда

Тұратұғын елжіреп

Бәрімізде бір жүрек.

  • Балалар, біз жүрегіміздің соғысын сеземіз бе?

  • Жүрегіміз қандай?

  • Олай болса, осы жүрегімізден шыққан жылуды, мейірімді қонақтарға сыйлайық.

  • Балалар, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

  • Ендеше, қаншалықты жақсы көресіңдер оны білу үшін мен сендерге ертегілерден үзінді көрсетемін, ал сендер қандай ертегі екенін естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.


Слайдпен жұмыс

Сәлеметсіздер ме?


Өлең жолдарын айтты








  • Иә, сеземіз

  • Мейірімді

Қонақтарға қарап алақандарын үрлейді.


  • Иә, жақсы көреміз!








Балалар, экранға қарайды.



Ұйымдастырушы ізденушілік:

































Ғажайып сәт

Әндетіп түлкі келеді

Мен түлкімін, түлкімін,

Біреулерге күлкімін.

Кейбіреуді алдаймын,

Екіншісін арбаймын.

  • Балалар, бұл түлкі. Ол бізге ертегілер елінен келді.

  • Балалар, түлкіні ертегілерде қалай атайды?

Түлкі – лиса – fox

  • Ал енді балалар, біздің қонағымызды суреттеп берейін. Түлкінің түсі қандай?

  • Жақсы, түлкінің тұмсығы, құлағы туралы не айта аласыздар?


  • Жарайды, ал енді бізге түлкінің құйрығы туралы кім не айтады?


  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, түлкінің құйрығы не үшін қажет?



  • Бәрекелді балалар, енді түлкі сендермен ойнағысы келіп тұр, олай болса дөңгеленіп тұрайық.


Сергіту сәті


Ойын: «Түлкі мен қояндар»

Түлкі ортаға шығып әндетеді.

Түлкі, түлкі, түлкімін,

Тұла бойым күлкімін.

Міне үшкір тұмсығым,

Бұлаң-бұлаң құйрығым

Текке өтпейді бір күнім.


Қояндар әндетіп қимыл жасайды.

Ойнақтаған ор қоян,

Түлкіні көріп орманда

Орғып-орғып секірді,

Бұтаға барып тығылды.


Түлкі: (қолын шошайтып)

  • Қап, бәлем қояндар! Мен сендерді келесі жолы міндетті түрде табамын.


Түлкі кетеді.


  • Балалар, осы түлкі туралы тағы ертегі тыңдағыларың келеді ме?

  • Мен сендерге «Айлакер түлкі» деген ертегі оқып берейін.


Билингвальды компонент

Айлакер түлкі – хитрая лиса – cunning fox


Ертегі оқу «Айлакер түлкі»

  • Балалар, тауық пен әтешке нелер кезікті?



  • Тауық, әтеш, тауыс, үйрек аңдар ма, құстар ма?


  • Олар неге орманда өмір сүре алмады?


  • Қоян не істеді?







  • Түлкі құстарды алдап не істеді?


  • Балалар ертегі осылай аяқталғанын қалар ма едіңдер?

  • Ендеше қалай аяқталғанын қалар едіңдер?



  • Кім маған ертегі мазмұнын айтып береді?




Ертегіні сурет желісі бойынша айтып беру тапсырылады.

  • Балалар, ертегіні рөлдерге бөліп ойнағыларың келеді ме?



Амандасады.







  • Қу түлкі

  • Алдаушы

Түлкі – лиса – Fox

Түлкіге қарайды.

  • Қызғылт сары


  • Тұмсығы үшкір, құлағы үшбұрышқа ұқсайды.

  • Құйрығы ұзын, мамық, үлпілдек.


  • Түлкінің құйрығы, оның ізін жасыру үшін қажет.


Балалар дөңгеленіп тұрады.







Балалар түлкімен бірге қимыл жасап тұрады.








Қолдарын көтереді, құйрықтарын қозғайды, секіреді, тығылып отырады.







Балалар қуанып орындарынан тұрады.

  • Тыңдағымыз келеді.




Айлакер түлкі – хитрая лиса – cunning fox


Балалар ертегіні тыңдайды.

  • Екі үйрек, екі тауыс, қоян, түлкі

  • Құстар



  • Себебі олар үй құстары.


  • Түлкінің алдағанын біліп қашып кетті, себебі ол орманда өмір сүреді.


  • Жеп қойды



  • Жоқ


  • Барлығы түлкінің алдағанын біліп, қашып кеткенін.

Балалар өз еріктерімен шығып ертегі мазмұнын айтады.




  • Ойнағымыз келеді.




Рефлексиялық қорытындылаушы









Драмалық ойын

Ертегіні драматизациялау.


Мақсаты: Балалардың рөлге ене білуі, дұрыс ырғақ, түрлі интонация, қимыл-қозғалысын кейбір ым-шаралармен бейнелеп келтіре білу қабілеттерін дамыту.


  • Балалар, ертегі ұнады ма?


  • Қандай ертегімен таныстық?


  • Түлкінің үй құстарын алдағаны дұрыс па?


  • Үй құстарына біздер не істейміз?


  • Қиын шақта бір-бірімізге не істейміз?


  • Біз, бір-бірімізге қалай көмектесеміз, қонақтарға айтып берейікші






  • Ендеше балалар, жақсы көңіл күймен, қонақтармен қоштасайық!







Балалар рөлдерге бөлініп ойнайды.



  • Ұнады


  • Айлакер түлкі


  • Дұрыс емес



  • Қамқорлық жасаймыз


  • Көмектесеміз



Достықты біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз.


  • Сау болыңыз!


Күтілетін нәтиже:

Бала біледі: Кейіпкерлердің қимыл қозғалысын келтіруді.


Бала игереді: Ертегіні сахналауды.


Бала меңгереді: аңдардың, құстардың дауыс ырғағын дұрыс келтіруді

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
770
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі