400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: "Айнала аппақ қар"

Материал туралы қысқаша түсінік
қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, сурет көріністерін бейнелеуге, өз ойын толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету. Бұған дейін алған білімдерін тиянақтау. Балалардың сөйлеу қызметін, тілін, есте сақтау қабілетін, көркемдік талғамын, ой-қиялын дамыту.Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көруге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі Күні,айы,жылы: 08.02.2017ж Тобы: «Балапан» I-кішілер Тәрбиеші:З.Ж Денишова Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық» Бөлімі: сөйлеуді дамыту, жаратылыстану,сурет салу Тақырыбы: «Айнала аппақ қар» Мақсаты: қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, сурет көріністерін бейнелеуге, өз ойын толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету. Бұған дейін алған білімдерін тиянақтау. Балалардың сөйлеу қызметін, тілін, есте сақтау қабілетін, көркемдік талғамын, ой-қиялын дамыту.Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көруге тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: қысқы табиғат суреттері, қарлар, гуашь бояуы, сүрткіштер. Билингвальды компонент: Қыс-зима, қар-снег, аққала-снеговик.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар бүгінгі күніміз күндегіден әлдеқайда өте ерекше болғалы тұр бізге қонаққа көптеген апайлар келді, олай болса жарты шеңберге тұрып келген қонақтармен амандасайық.


-Балалар қараңдаршы айнала қандай әдемі айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі орыс тілінде қалай қалай деп айтамыз?

-Қыс мезгілінде не жауады?

-Қардың түсі қандай болады?

-Қар жылы ма әлде суық бола ма?

Балалар қыс мезгілінде қардан не жасап ойнаймыз?


Балалар, мынау не?

Аққала дене бөліктері қандай пішіндерден тұрады?

Балалар қараңдаршы мына Аққала қатып қалған оны жібітіп оятып алайықшы, кәнеки бәріміз үрлейік.

Ғажайып сәт: /Осы кезде Аққалаға жан бітеді

Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар!Сендерді көргеніме қуаныштымын. Кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік.

Балалар жарты шеңберге тұрып өлең жолдарын орындайды.

Сәбилік пәк жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Келіп қалған қонақтарды,

Сүйіп,сүйіп алайық.


Қазір қыс мезгілі.


Қыс –зима.

Қыста қар жауады.

Қардың түсі ақ .

Қар суық болады



аққала



Дөңгелек пішіннен тұрады.








Ұйымдастырушылық ізденістік

Ия мен қыс мезгілін өте жақсы көремін.Қыста мен осындай балабақшаларға саяхат жасаймын.Балалар кәне аққалаға арнап қыс туралы тақпақтарымызды айтып берейікші.

Ал енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр

Д/О: «Аққаланы құрастыр»

Балалар алдарыңызда түрлі геометриялық фигуралар жатыр , осы пішіндерді пайдалана отырып бәріміз аққала құрастырайық.

Аққала: Жарайсыздар , балалар !

Балалар Аққалаға құрастырып бердік, енді осы Аққаланы неден жасаймыз?

Олай болса үстелдерге жақындайық жауып тұрған қардың суретін бастырмалар арқылы бастырайық. «Қар жауып тұр»

Алдарыңызда көк парақша әдемі қар жамылып тұрған шыршалар бейнеленген, осы әдемі шыршаларға қар жаудыртайық, ол үшін үстел үстінде бояу құйылған ыдыс, сүрткіш және бейнелі суретіміз бар, алдымен мына сиқырлы қарындаштар ды бояуға батырамыз баяу түрде қардың суретін бастырып саламыз.


Сергіту сәті:

Қар борайды оң жақтан,

Қар борайды сол жақтан,

Қар лақтырып ойнасақ,

Су болады қолғаптар

Аққала:Жарайсыңдар, балалар бүгін сіздерге қонаққа кеп бір көңілім көтеріліп қалды, өте білімді екенсіздер менің кететін уақытым таяп қалды достарым да күтіп қалды, қыс мезгілін көңілді әрі қызықты өткізіңіздер, сендерге арналған сыйым бар соны тәрбиеші апайларына табыс етейін барлығын бөлісерсіздер, сау болыңыздар балалар.


Балалар жаттаған тақпақтарын айтып береді







Балалар үстелге жақындап геометриялық пішіндерден аққала құрастырады.



Балалар аққала құрастырады.


Қардан жасаймыз.




Үлгі бойынша жауып тұрған қар суретін салады.



Балалар үстелдерге жақындап үлгі бойынша көрсетілген сұқ саусақты бояуға батырып қар суретін салады.





Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды








Аққалаға ризашылықтарың білдіріп, қоштасады.

Рефлексиялық түзетушілік

Балалар бүгін сіздермен қай жыл мезгілі туралы әңгімелестік?

Балалар әр-түрлі пішіндерден не құрастырдық?
Жарайсыздар, балалар бүгінгі күніміз өз мәресіне жетті келген қонақтармен қоштасайық.

Қыс мезгілі туралы.


Аққала






Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қар туралы сипаттама беруді Игереді: тақпақтар айтуды, тапсырмаларды орындауды, Меңгереді: аққаланы құрастыруды, дәстүрден тыс әдісті пайдалана отырып сурет салуды,

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.04.2019
1653
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі