15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Ана өмір шырағы"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
Технологиялық картасы
Ересектер тобы
Білім беру салалары:Шығармашылық Коммуникация
Бөлім:Музыка
Тақырыбы: «Ана – өмір шырағы»
Мақсаты:Музыкалық шығармаларды тыңдап, ажырату. Музыканың көмегі арқылы көңіл күйді сезініп, әңгімелей білу, мимика түрінде көрсете алу. Анаға деген күн көзінің жылуындай өз бойларындағы жылу сезімдерін ән арқылы жеткізе білу,әнді ынтамен айту. Таяқшалардың үндестігін естіп, бірге оркестрде ойнау.Музыка ырғағын сақтап, би қимылдарын еркін, жеңіл орындау, эстетикалық сезімдерін дамыту.
Сөздік жұмыс: мимика
Билингвалды компонент: қуанышты-радостный, мейірімді-добрый, аяулы-милая.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Музыка жетекшінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балаларды көңілді әуенмен қарсы алады. Сәлемдесу. Сәлеметсіңдер
ме, алақандар! Сәлеметсіңдер
ме, аяқтар!
Сәлеметсіңдерме,
еріңдерім! Балаларға әртүрлі көңіл күйдегі аналардың бейнелерін атап айтуды сұрайды (қуанышты, салмақты, сабырлы, т.б.) – Ал сендердің аналарың қандай көңіл күйде жүреді? – Қуанғанда қандай болады? – Сендерге ренжігенде не істейді? – Сендерді еркелеткенде, жақсы көріп иіскегенде түрі қандай болады? Балаларға мимика арқылы көрсетуді ұсынады. Еркелеткен баласын, Аман болшы, анашым. Музыкалық-ырғақтық
қимыл: Музыка
жетекші: Балалар,
тезірек жауаптарыңды беріңдер. |
Балалар көңілді әуенмен залға кіреді.
Хлоп, хлоп, хлоп. ( алақандарын соғады) Топ, топ, топ.(кезекпен аяқтармен топылдатады) (алақандармен жақтарын жеңіл соғады) жақтарын үрлейді және жұдырықтармен ауаны шығару үшін жақтарын жеңіл соғады. Еріндерімен қимыл жасайды. Үш рет тістерімен соғады Биб, биб, биб. (балалар үш рет оң қол саусағымен мұрның шетіне тигізеді) Сәлеметсізбе! (орындарына барып отырады).
Суретшілердің еңбектерін тамашалап, эмоциялық бейнелерін салыстырады,, әңгімелейді.
Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Мимиканы өзгерте отырып көңіл күй түрлерін көрсетеді.
Балалар көңілді биге сәйкес би қимылдарын жасайды.
Ана! Ана! Ана! Ана! Ана! |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Ырғақ
сезімін дамыту, музыка шығармашылығы: Сендер
секіріңдер таяқшалар, Прыг-прыг.
Әндерін
салды. Музыка тыңдау:«Аман болшы, анашым!» Музыка жетекші: Ана… Қандай жылы сөз, біздің жүрегімізде сақталады. Ананың махабатты өмір бойы бізді жылтыпкеледі. – Бұл ән бәріміздің де аналарымызға арналған. – Әннің көңіл күйі қандай? – Сендерге ұнады ма? Мазмұнын әңгімелеуді сұрайды. Музыка
жетекшісі: Ал
енді музыканы тыңдайық. Қолдарыңа
карточкаларды алып, тыңдалған
шығармаларға, көңіл күйіне байланысты
тиісті карточканы
көрсетіңдер. •
Шығармадан
үзінді тыңдау «Полька» Ю.
Чичковтікі Неліктен
сендер анаңмен көңілді боласыңдар? Аналарың
үйде болмағанда, өздеріңді қалай
сезінесіңдер? Дауыс жаттығуы: «Әдемі ән», «Анашым». Терең тыныс алып, дыбыстардың біркелкі шығуына көңіл аудару. Таза айтуларын қадағалау.
Ән айту: «Анашым»(Е.Хасанғалиев, А.Асылбек) орындаллады. Балаларға ән мәтіні және әуені үйретіледі. |
Әр төрттік нотаға екі таяқшамен бір уақытта тізеден соғады Таяқшамен таяқшаны соғады. Әр сегіздік нотаға кезек-мезек таяқшамен тізеден соғады. Әр төрттік нотаға оң қолымен оң тізеге таяқшалармен соғады. Әр төрттік нотаға сол қолымен сол тізеге таяқшалармен соғады.
«мүйіз» жасайды (таяқшаларды басқа қояды) және олармен қозғалтады. Таяқшалармен әр төрттік нотаға соғады. Балалар жаттығуларды орындайды.
Әнді зейін қойып тыңдап, әсер алады.
Нәзік әуенді сезініп, ойға батады.
Ұнады Алған әсерлерін жеткізе айтып, әңгімелейді.
Балалар шығармадан үзінді тыңдап музыканың көңіл-күйін ажыратады.
Музыканың көңіл-күйі қуанышты, көңілді Жауаптарын айтады
Шығарманың көңіл күйі мұңды.
Анамыз үйде болмағанда мұң, уайым, қайғы, сағынышты сезінеміз. Жауаптарын айтады.
Ия, айтады. Айтады Сол кезде өзімізді жайымен, жылы сезінеміз. Жаттығуды көңілді, жайдары орындап, терция (ре I, фа I) ми, ля кварта интервалдарын таза орындауға жаттығады. Әнді тыңдап, нәзік, сазды әуенін сезіне қабылдайды. Әнді орындағанда әннің сипатын түсініп, оны өз эмоцияларымен көрсете біледі. |
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Аппликациядан
ұжыммен шығармашылық жұмыс Халықта
айтылады: «анамыз
үйде, аспанда күннің көзі дегені»Қалай
ойлайсыңдар-ана үйде, аспанда күннің
көзі. Қалай ойлайсыңдар осы сөздер
қандай мағынаны білдіреді? Аппликация. Музыка
жетекшісі: Балалар,
қалай ойлайсыңдар, біздің күннің көзі
аналарымызға ұқсайды ма? Бұл күннің көзі сендердің топтарыңды көркейтеді және оның мейірімді шуақтары ананың жылы алақандарын естеріне түсіріп отырады. Ал біздің оқу іс әрекетіміз аяқталды, бүгін сендер жақсы жұмыс істедіңдер, жарайсыңдар. Үйге барғанда аналарыңа айтып барыңдар, қалай қатты сендер аналарыңды жақсы көресіңдер. Сау болыңдар! |
Балалар мағынаны түсініп, айтқанымен келіседі.
Біздін күннің көзінде шуақтары жетпейді.
Ананың алақандары.
Ия, ұқсайды. Ол мейірімді. Ода қолдары көп
Көңілді көңіл күймен залдан шығады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:музыкалық шығармаларды тыңдап, ажыратады. Ананың мейірімді жан екенің түсінеді.
Игереді: Музыканың көмегі арқылы көңіл күйді сезінеді, мимика түрінде көрсете алады. Музыка ырғағын сақтап, би қимылдарын еркін, жеңіл орындайды, аспаптардың үндестігін естіп, бірге оркестрде ойнайды.
Меңгереді: Анаға деген күн көзінің жылуындай өз бойларындағы жылу сезімдерін ән арқылы жеткізе біледі, әнді ынтамен айтады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген