«Балақай»
балабақшасы
Ортаңғы
«Құлыншақ» тобы
Білім
беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған
ашық оқу қызметі:
Қарапайым математикалық ұғымдарын
қалыптастыру
Тақырыбы:
«Бауырсақпен бірге саяхат»
Тәрбиеші:
А.А.Кожина
2019-2020
оқу жылы
Ұйымдастырылған
ашық оқу қызметі
Білім
беру саласы:
Таным
Білім
бөлімі:
Қарапайым математикалық ұғымдарын
қалыптастыру
Тақырыбы:
«Бауырсақпен бірге саяхат»
Мақсаты:
Шама
бойынша заттардың әртүрлі болатыны
туралы түсінік беру, балалардың қарапайым
математикалық түсініктерден алған
білімін тиянақтау, ұйымшыл, шапшаң
болуға тәрбиелеу.Ой - өрісін, есте сақтау
қабілетін дамыту.
Әдіс
тәсілі:
түсіндіру, сұрақ - жауап
Құрал
жабдық ретінде
суреттер,презентация, ертегі кейіпкерлері
Ұйымдастыру
кезеңі.
Кел,балалар,тұрайық,
Шаттық
шеңбер құрайық.
1,2,3
бәріміз бірге санайық,
Құшағымызды
ашайық
Жүректегі
жылуды,
Бір-бірімізге
сыйлайық!
-Балалар,
қазір бізге қонақ келеді. Ол кім екенін
табу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын:
Қашып
кеткен атадан,
Қашып
кеткен әжеден,
Орманда
кеше жүр едім
Домалап
шықты алдымнан. Жауабы:
Бауырсақ
Дұрыс
айтасыздар, балалар, ол «Бауырсақ»
ертегісіндегі бауырсақ.ертегіні еске
түсіріп жіберейік: бауырсақтың алдынан
1 кім шығады? 2,3,4?
Бауырсақ:
Балалар,
маған сендердің көмектерің керек. Маған
көмектесесіздер ме?! Мен орманнан шығып,
үйіме атам мен әжеме барайын деп едім.
Адасып кеттім. Қандай жолмен жүретінімді
білмеймін.Жолда кездесетін кедергілерден
өтуге көмек беріңдерші. Менімен бірге
әрі саяхат және көмек бересіңдер, алақай!
Маған саяхат өте қатты ұнайды!
Балалар,
біздер бүгін орманға саяхатқа жаяу
барамыз. Жаяу жүрген денсаулыққа пайдалы.
Алдымызда 2 жол тұр. Қандай? (ұызн-қысқа)
Төртбұрышты
бауырсақтың суреті тұрады. Дұрыс па,
әлде бұрыс па? Ол қандай болу керек?
(Дөңгелек.)
Балалар
мен жолдардың қандай екенін білмеймін?
Айтыңдаршы қайсысы ұзын және қысқа?
(балалардың жауабы)
Қоян
шығады.
Қоянның құлағы қандай?құйрығы?
Қоян:Балалар,
мен бауырсақты жемеймін, егерде сендер
маған мына сәбіздерімді санауға
көмектессеңдер. (3 сәбіз, ұзын,қысқа)
Қасқыр:
балалар күз түсті, күн болса суытып
бара жатыр, орманда менің әдемі үйім
жоқ. Маған үй құрастырып беріңдер. Сосын
мен бауырсақты жемеймін.(пішіндерден
үй және жанына ағаштарды орналастыру)
Бауырсақ:
Аю,аю,мені жемеші. Мен саған ән айтып
беремін.Аю:
жоқ бауырсақ мен сені жемеймін.менң
ұйқым келіп тұр. Мен қар түскенде ұйқыға
кетемін. Бірақ мен уақытты білмеймін.
Балалар, айтыңдаршы қазір жылдың қай
мезгілі? Балабақшаға қай уақытта
келеміз? Балабақшада қашан ұйықтаймыз?
Ата-аналарымыз балабақшадан қашан алып
кетеді? Қар қай мезгілде түседі?
Аюда
ұйқысын ашсын. Балалар бірге сергіп
алайық.
Тербеледі
ағаштар,
Алдымнан
жел еседі.
Кіп
кішкентай ағаштар
Су
құйғанда өседі.
Ветер
дует нам в лицо,
Закачалалось
деревцо
Ветер
тише ,тише, тише
Деревце
все выше,выше
Түлкі:
бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.
Менің қарным ашып тұр. Күнде суытып
кетті. Ой жақсы болды ғой ыстық бауырсақ
жеп тоятын болдым.
(балалар
шығармашылық орталыққа барып, қыздар
тұзды қамырдан бауырсақтар жасайды,
ұлдар пеш жасап береді пішіндерден)
Орманнан
шығып бауырсақ ата мен әжесіне жүгіріп
барды.
Тезірек
қайту үшін қай жолмен қайтамыз? (қысқа)
-Балалар
сендерге саяхат ұнады ма?
-Кімге
көмектестік?
-Бауырсақтың
пішіні қандай? Түсі?
Балалар:
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді
біз құрайық.
Көріскенше
күн жақсы,
Сау саламат
болайық!