400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі. "Жануарлар немен қоректенеді"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешіге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Күні:04.03.2019ж

Тәрбиеші:Денишова З.Ж.

Білім беру саласы: Таным,Коммуникация.

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу,Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Жануарлар немен қоректенеді ?»
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы ,маңызы, туралы түсінік беру.Үй жануарларының немен қоректенетіні жайлы білімдерін, интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Жануарларды қорғай білуге,қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері : Сұрақ - жауап, түсіндіру, дамыта оқыту технологиясы.
Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері,слайд.

Барысы:
Балалар, кәне бәріміз орнымыздан тұрып,қонақтармен амандасайық.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырады күніміз

Көңілдіміз бүгін біз

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң қонақтар

Доброе утро всем нам

Доброе утро всем гостям.

Good morning , good morning,

Good morning to you.

Good morning , good morning,

I am glad to see you.
-
Жарайсыңдар балалар.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-
Күз мезгілінде күн суытып, адамдар жылы кейініп, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ал үй жануарларыда қораға ұсталып,қамқорлық көрсетіледі.

Балалар сендер байқап тұрсындарма ,мен күндегіден ерекше кейініп алғанмын,менің кім болып кейінгенімді білесіңдерме?

Мен фермада жұмыс жасайтын адаммын бүгін.

- Ферма дегеніміз не?

- Фермада қандай жануарлар ұстайды?

Ферма барлық үй жануарлаын ұстайтын шаруашылық орыны.Үй жануарларын адамдар күтіп баптайды.Үй жануарларының бізге берер пайдасы көп.Слайдпен ашып көрсетемін,түсіндіріп.

Үй жануарларын үш тілде айтып берейікші балалар.

Сиыр- корова – cow

Жылқы- Лошадь- Horse

Түйе- Верблюд – Camel

Қой- Овца-Sheep

Ешкі- Коза –Goat
-
Өте жақсы. Жарайсыңдар!
-
Балалар, енді сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Дидактикалық ойын: Даусынан таны.

Балаларға интерактивті тақтадан үй жануарларының даусын ажыратып,атын атайды.
- Дұрыс айтасыңдар балалар үй жануарлары деп атайды.
-Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Түйенің баласы - бота, сиырдың баласы - бұзау, қойдың баласы - қозы, ешкінің баласы - лақ, жылқының баласы - құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың, қойдың, сүтінен май,
құрт, айран, ірімшік жасайды.

Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды.Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған. 
Төрт түлік туралы көп тақпақтар , өлеңдер, мақал - мәтелдер шығарған.

-Балалар ендеше осы арамызда үй жануарлары туралы тақпақ білетін балалар бар екен, солар тақпақтарын айтады,сендер қай төл екенін тауып айтып бересіңдер.Ойын:Төлін тауып бер.

Шөре ,шөре, лағым

Секеңдеме ,деміңді ал

Тентек болма шырағым

Селтеңдемей құлағың.


Кіп - кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп
Қошақаным өзім деп.


Құлыншағым құндызым
Құлдырайды шабады
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.


Айналайын, ботам
Қандай күлте жотаң
Табандарың жалпақ
Теріп жейсің жантақ


Ақ бұзауым ұнайды
«Мө - мө» деп сүт сұрайды
Келеді өсіп күн сайын
Тұмсығын созып қарайды
Тілімен мұрнын жалайды
-Балалар төрт түліктің төлдері екені тауып айтып береді.
Сергіту сәті: интерактивті тақтадан қарап қимылмен жасау .

Жарайсыңдар балалар! Көңілдерің көтеріліп сергіп алдыңдар.
Ұжымдық жұмыс

Балалар үй жануарларын түрлі түсті жыртылған уақ қағаздармен жапсырамыз.

Балаларды мадақтау.

Қане, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық.
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз деп, айтамыз.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
502
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі