Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: "Жыл басына таласқан хайуанаттар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар» Мақсат-міндеттері:  Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру. Жыл басына таласушы хайуанаттардың сөздерін рольге бөліп, диалог түрінде байланыстыра сөйлеуге үйрету.  Ертегіні әңгімелеу барысында жаңа сөз енгізе отырып сөздік қорын байыту. Ертегі мазмұны арқылы еңбек сүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелей отырып жаңа технологияны игерту.  Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға үйрету, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, жұмбақ, логикалық ойын, сахналау, санамақ. Көрнекіліктер: Жыл басына таласқан хайуанаттардың бетпердесі, үлестірмелі материалдар, АКТ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Мақсат-міндеттері:

  • Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру. Жыл басына таласушы хайуанаттардың сөздерін рольге бөліп, диалог түрінде байланыстыра сөйлеуге үйрету.

  • Ертегіні әңгімелеу барысында жаңа сөз енгізе отырып сөздік қорын байыту. Ертегі мазмұны арқылы еңбек сүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелей отырып жаңа технологияны игерту.

  • Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға үйрету, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу,

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, жұмбақ, логикалық ойын, сахналау, санамақ.
Көрнекіліктер: Жыл басына таласқан хайуанаттардың бетпердесі, үлестірмелі материалдар, АКТ.
Алдын-ала жүргізідетін жұмыстар: Ертегіні үнтаспадан тыңдау.
Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды дөңгелене тұрғызу

«Сәлем сөздің анасы,
Сәлем берер әр қазақтың баласы»-демекші қонақтармен амандасып алайық.

Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Негізгі бөлім:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі.

-Дұрыс-ақ

-Көктем мезгілінде қандай ерекешілктер болады?

-Ой балалар қарандаршы бізге қонаққа көгершін келіпті. Ол бізге түрлі-түсті хаттар алып келіпті.Әр хатта түрлі тапсырмалар бар екен.

-Қай хаттың түсі ұнаса сол түсті үш тілде айтыңдар. Мен сіздерге сол тапсырманы оқып беремін.

1-қызыл түс:

Мысығым, мысығым бері келші, мен миіз тауып алдым......

2-Жасыл түс

Атамнан да құтылдым,
Әжемнен де құтылдым,
Қояннан да құтылдым

Енді сеннен құтыламын.......

3-сары түс:

Есікті ашыңдар, мен сендердің аналарыңмын, жоқ, біздің анамыздың дауысы жіңішке.

4-көк түс:
Ерте, ерте, ертеде хайуанаттар жылдың басы болуға таласыпты. - Жыл басына таласқан хайуанаттарды есімізге түсіріп атап көрейік.

- Ал, енді осы ертегі кейіпкерлерін әр қайсымыз рөлге бөліп ойнап көреміз бе?

(Маскамызды киіп аламыз)

Еңертезамандахайуандаржылдың басы болуғаталасыпты

Жылқы (Ерәділ)
- Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын.
Түйе (Анеля)
-Ал мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Табылса, су ішіп, табылмаса, шөлге шыдаймын, бірнеше апта жүре аламын. Жыл басы болу маған лайық.
Сиыр: (Д.Амина)
Адам мені жегіп жер жыртып, егін егеді.Сүтімді ішеді, құрт май жасайды.
Қой
(Айша)
-
Мен болмасам киіз үйді немен жабар еді,и жүнімді қырқып киіз басады, арқан жіп еседі, киім тоқиды.Сүтімнен құрт-май жасайды, Шаруаға мен пайдалымын..

- Ит: Төрехан
Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Бөтен біреу көрінсе, үріп хабар беремін.

Тауық:Алдияр
Мен болмасам, адамдар ерте жұмысына бара алмай ұйықтап қалар еді.Ерте тұрып таң атты деп хабар беремін.
(Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап, жиылған көпке айтады)

-Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та кім бұрын күнді көрсе, сол жыл басы болсын.

-Тәрбиеші: -Жарайды, жарайды таласпандар, күн шыққанша барлығымыз отырып, бір тапсырма орындап уақыт өткізейік.

1- логикалық тапсырма:

«Менің базарым»

Мақсаты: Ертегідегі жануарлардың қандай өнім беретінін, қандай пайдасы бар екеніндігі туралы мәлімет бере отырып, оларды дұрыс таба білуге үйрету.
Шарты: жыл басына таласқан хайуанаттардың өнімдерін өз стақандарына апарып салу.


Ойын: Балалар шеңбер болып тұрады. Ойын бастаушының көзін байлау.Бастаушы ұстап , дыбысы арқылы ажыратады.

2-логикалық тапрсырма:«Орынын тез тап»

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

Шарты: Берілген жануарларды өз орындарына апарып тез құрастыру.

-Балалар күннің шығатын уақыты да болып қалды.

Балалар осылайша күнді бәрінен бұрын Тышқан көріп, жыл басы болған екен.“Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалды”- деген сөз осыдан қалған екен. Осыдан бастап жыл аттары 12 атпен аталыпты. 12 жыл 1 мүше

Қорытынды бөлім:
-Балалар біз бүгін қай ертегіні сахналадық?

-Күнді кім бірінші көрді?

-Кім бойына сеніп жылдан құр қалды?

Оқу іс-әрекеті кімге несімен ұнады
Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Балалар жыл атауларын біледі, оларды рет-ретімен атауды біледі

Қандай түсініктерді игерді:Сөздік қорлары толығып, ертегіні сахналай білу дағдыларын игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тапсырмаларды орындау барысында жан-жануарлардың қандай өнім беретіндерін біледі, үлкен-кіші ұғымдарын меңгереді.

Picture 2










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2021
988
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12