400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі «Көңілді қыс»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Исаева Кундуз Аллабергеновна

Түркістан облысы, Шымкент қаласы

№24 «Алма» бөбекжай-бақшасы МКҚК, тәрбиеші

Тақырыбы: «Көңілді қыс»

Білім беру саласы: «Қатынас»,«Таным»,«Шығармашылық»

Бөлімі: Сөйлуді дамыту,жаратылыстану,аппликация
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, аққала, Қар үлпаларі,желым ақ қағаз.

Блингвальды компонент.Аққала-снеговик, қар-снег,ақ-белый.



Оқу іс-

Әрекетінің

кезеңдері



Тәрбиешінің іс әрекеті




Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
Күннің көзі ашылсын

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басығой,

Ал, қанекей бәріміз

«Сәлем» дейік үлкенге,

Сәлеметсіздер-ме!

Қонақтар,Қош келдіңіз бәріңіз!


Ізденуші

құрастырушы

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Балалар: Қыс мезгілі.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.

Тәрбиеші:Тыныс алу жаттығуын жасаймыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайықшы
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Тәрбиеші: *Желтоқсан - жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
* Қаңтар - жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады.
*Ақпан - жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей боранды.
Тәрбиеші: Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!
Тәрбиеші: Балалар, біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?
Балалар: Жаңа жыл!
Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыңдар сонымен қатар 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнін, 1желтоқсан – Елбасы күнін тойлаймыз! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын кім жауабын айтар екен?

Жұмбақ.

Қыста ғана болады.

Ұстасақ қолің тоңады. ( Қар)


Тісі жоқ тістеп алады.

Қолы жоқ сурет салады. (Аяз)


Қанаты жоқ,ұшады

Аяғы жоқ,жетеді

Аузы жоқ,ұлиды. ( Боран)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Тәрбиеші: Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
Тәрбиеші: Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
Тәрбиеші: Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
Кім қыс туралы тақпақ біледі?


Жылда осылай келеді

Көп қуаныш береді

Шашу етіп біздерге

Ақ күмісін төгеді. (Ажар)


Жауды,міне қар аппақ

Айналаның бәрі аппақ

Жасырыпты жолдарды,

Тегістепті оларды. ( Гүлсезім)


Уақыт коп бөлеміз

Қыс қызығын көреміз

Сары аязға шыңдалып

Шымыр болар денемыз. ( Құндыз)

Тәрбиеші:Жарайсындар! Балалар, Енді барлығымыз тақтаға қараймыз.

Балалар мына суретте қыс мезгілінің бейнесы бейнеленген.Айналаның бәрі аппақ.Күн суық,аяз,ағаштарың бұтақтарын қырау басқан, қыста күн қысқарады,түн ұзарады. Үйдің мұржасынан түтін шығып жатыр.Балалар қыста шана,шаңғы, коньки тепкенді жақсы көреді. Кейбір балалар қырдан төмен қарай шанамен сырғанап келеді. Балалар қардан аққала жасады.Қыста п қалған құстар бұтақтарға қонып отыр,балалардың жүздері күлкіге толып, жақсы көңіл күйде екен.

Ал, балалар сендерге әңгімелеп бергенім үнады ма?

Ендеші бір сергіп алайық.

Сергіту сәті

Қар жауыпты далаеа,

Қар жауыпты қалаға

Сырғанаймыз енді біз

Отырып ал шанаға

Жарайсындар! Балалар бір серігіп қалдыңдар

Балалар мына суреті мен сендерге әңгімелеп бердім,келесі суретті кім әңгімелеп береді?

Гүлсезім, Эмиля аңгімелеп береді.

Жарайсындар.! Балалар балалар ендеше сендермен Муз сарайына қонаққа барамыз.

Сәлеметсындерме? Балалар!

Менің сарайыма қош келдіңіздер!

Балалар мен сендердің білімдеріңді тексеруүшін сұрақ қоямын. Сендер жауап беріңдер,жарайма?

-Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс

-Қыста не жауады? Қар

-Қардың түсі қандай ? Ақ

-Жарайсындар,балалар!

-Олай болса мен сендерге төрт тапсырма дайындап қойдым. (Төрт столға болінеміз)

1-тапсырманы орындамас бұрын маған қараңдар?

-Қыс мезгілінде біз қандай киім киеміз?

Жылы киім киеміз курткеше,қалпақ,қолғап,шәлі ,етік.

-Жарайсындар! Олай болса алдымызда турған қыстық киімдерді ажыратып қағазға жапсырамыз.Бұл суреттердке жаздық, қыстық киімдер бар.Балалар қазір жылжың қыс мезгілі.Қыста ауа райында мынандай өзгерістер болады.Қар жауады, боран соғады, жел тұрады,аяз болады, туман басады. Ал енді мен сендерге жылдың төрт мезгілінің белгілері бар суреттерді берейін.

Сендер осы қыс мезгілінің белгілері бар суреттерді ажыратып қағазға жапсырамыз

2-тапсырма.Балалар қардың түсі қандай болады?

-Ақ.

-ия

-Қар жұмсақ па? қатты ма ?

-жұмсақ.

-Ия;балалар қар жұмсақ болады.Қар жауғанда қар ұлпалары әдемі болады,бірақ қолғапұстасаң еріп кетеді. Мен мына көк қағазға қар ұлпаларың бейнесінсалғанмын. Сендер тіс пастаға мақта таяқшаларын малып,әдемілеп қар ұлпаларын саласындар.

3-тапсырма.Біз қыста қармен қандай ойын ойнаймыз.

-Аққала

-Дурыс: аққала жасаймыз.Аққала неше бөліктен Тұрады?

-Үш бөліктен турады.

-Қандай?қандай?

-Үлкен домалақ аяғы, орташа домалағы денесі,қолы кішкентай домалақ ол басы,мұрны сәбізден, турады.

-Осы аққаланы құрастырып беріңдер?

4-тапсырма.Балалар сендер далада қарды көргенсіндер ия?

-ия:

Енді мына ақ мақтаны қар есебінде алдымызда тұрған көк қағазға желім жағып,мақтаны жапсырамыз.

Даладағы біздің қарымыз аппақ, мына мақтада аппақ, бірақ даладағы қарымыз мұздай, ал мына мақта бізде жылы. Бірақ дәладағы қарды ішке алып кірсек, қолымыз тоңып қалады, қарымыз еріп суға айналады екен.Сол себепті қарымыздың орнына ақ мақтаны жапсырамыз.

( Музыка әуенімен балалар тапсырманы орындайды)

Ой балалар, жарайсыңдар!Сендер маған келіп,мен қатты қуанттыңдар.Қазыр жылдің қыс мезгілі екенін,қардың ақ екенін,қыста жылы киім киетінімізді жақсы біледі екеңсіңдер. Сендерге дайындап қойған төрт тапсырманы да жаксы орындап шықтыңдар. Сендерге көп рақмет! Менің сендерге дайындаған сыйлығымды қабыл аліндар. Сау болыңдар!

-Сау болыңыз!

-Балалар ,біз енді өз тобымызға оралайық.Ол үшін шаңғы теуіп, жолымыз қысқару үшін тағы бір рет орындаймыз.



Рефлексивті

коррекциялаушы


-Міне бізде жеттік.Балалар біз қайда бардық?

-Ханшайымның сарайына.

-Онда біз не істедік?

-Қыстық киімдерді жапсырдық, аққаланы құрастырдық,көк қағаздағы қар ұлпаларын бейнеледік,ақ мақтаны көк қағазға желім жағып жапсырдық.

-Бүгінгі оқу қызметымыз осымен аяқталды Жарайсыңдар балалар!

Келген қонақтармен қоштасамыз.

Біз ұқыпты баламыз.

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықты жынаймыз

Үлкендерді сыйлаймыз.

Сау-боліңіздар!


Күтілетін нәтиже:

Жағыртады: Қыс мезгілі туралы біледі .


Түсінеді: Қыстың ең суық мезгіл екендігін , табиғат құбылыстарының өзгеріп отыратын тусінеді.


Қолдана алады:Қар, аққала,аяз сөздерін екі тілде айты ,сөйлем құрауды,желімен жұмыс жасауды күнделікті қолданады.
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
357
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі