Материалдар / Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Күнбағыс" өсімдігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Күнбағыс" өсімдігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды «Күнбағыс» өсімдігімен таныстыру, күнбағыс өсімдігінен не өндіретіндігі туралы балаларға ұғым беру, шемекіден және шемекі майды зерттеу. Ноутбуктармен өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2021
812
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің жоспары

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы «Бөбек» МКҚК балабақшасы

Шығармашылық педагог: Н.М.Кенжебаева

«Ақбота» ортаңғы топ

Әлеуметтік орта, Таным,Коммуникативтік,Денсаулық саласы бойынша

Тақырыбы:«Күнбағыс» өсімдігі

Мақсаты: Балаларды «Күнбағыс» өсімдігімен таныстыру, күнбағыс өсімдігінен не өндіретіндігі туралы балаларға ұғым беру, шемекіден және шемекі майды зерттеу. Ноутбуктармен өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.

Білімділік: Күнбағыс өсімдігі туралы түсініктерін кеңейту..

Дамытушылық: Есту, есте сақтау қабілеттерін жан-жақты дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі – құралдар: интерактивті тақта, күнбағыс өсімдігіне сай суреттермен құрастырылған видео, үнтаспа, бала санына сай ноутбук.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу,сұрақ-жауап және зертханалық жұмыстар.

Көптілдік компонент: Күнбағыс-подсолнух-sunflower, шемекі-семечка-seil.


Іс – әрекет кезеңдері

Саз жетекшісінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Балалрды топқа кіргізгенде бірден күнбағыс алқабына алып барамын.

-Балалар біздер қайда келдік, бұл не?

-Мұқият қараңыздаршы біз ненің арасында жүрміз?

Бұл не? Неге ұқсайды? Гүлінің түсі, жапырағының түсі қандай?

-Дұрыс – ақ, балалар, біздер Күнбағыс алқабында жүрміз.

Ал енді экранымызға назар аударайық. Балалардың қолына күнбағыс өсімдігінен шыққан шемекіні үлестіремін.

-балалар қолымыздағы шемекі дәндерін алып үстелдерімізге орналасайық.

Балалар үш тілде амандасады.

Балаларды Күнбағыс алқабына алып барамын.

Сұрақ-жауап.

Күнбағыс туралы қысқаша видео ролик қарайды.







Күнбағыстың дәні туралы мағұлмат алады.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

-Кәне, балалар, үстелімізге жайғасып отырайық. Қолымыздағы күнбағыстан алған шемекі дәндерін ыдысқа салайық. Енді бір шемекінің дәнін алып аршып көрейікші. Ішінде не бар екен? Шемекінің дәнін алып алдымыздағы тұрған сулық қағаздың ортасына жауып қоямыз. Үстінен ағаш қасықпен қатты басамыз. Енді қағаздарыңды ашып көріңдерші. Не байқадыңдар?

-Дұрыс, май дақтарын. ( шемекіден өндірілетін сұйық май, халва, казинаки туралы айтып өтемін.)

-Мінекей балалар біздің күнбағысымыздан алынған шемекі дәндерінен қандай заттар шығатынын білдіңдер ме?

-Бүгін сіздерді тағыда қандай қызықты тапсырмалар күтіп тұрғанын білу үшін, қолдарыңды суртіп, үстелдің үстіндегі ноутбукқа отыра қойыңыздар.

-Ноутбуктан тасбақаға күнбағысқа сандардың өсу және кему бағыты бойынша санап жетуге көмектеседі.

Менің сары, жасыл, қара түстерді көрсетемін. Осы түстер күнбағыстың қай жерлерінде орналасқанын табыңдаршы. Кімде қанша күнбағыс бар? Гүлінің , жапырағының, шемекі дәндері тұратын күлшесінің пішіндері қанша?

- Өте,жақсы. Барлығымыз ортаға шығып сергіту сәтін жасап, бойымызды бір сергітіп алайық.

-Балалар сұйық майдың қандай қасиеттері бар екендігін зерттеп білу үшін ,зертхана алаңына барайық.

-Зертханалық жұмыс.

Зертхана ережесін айтып кетемін.

Сұйық май, су, бояу, аспирин арқылы зертханалық жұмыс жасаймыз.

Қорытынды : сұйық май судан жеңіл. Сұйық, қағазға , матаға сіңіп кетеді.

Балалар бір – бірлеп компьютерге отырады.

Музыканы тыңдайды.


Шемекіні аршып ішіндегі дәнін алады.





Шемекіден өндірілетін заттар туралы айтады.





Күнбағыстың пазласын құрастырады.

Сұрақ-жауап


1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1


Сары-еллау, қара-блак,жасыл-грин.

Күнбағыс-санфлауо, шемекі-сейд, шемекімай- санфлауо оил.








Сергіту сәті






Зертхана ережесін сақтау.

Сұйық майға зертханалық жұмыс жүргіземіз.

Іс – әрекетті бақылау кезеңі




Енді балалар алдымызда тұрған ыдыстарымызға шемекі дәндерін отырғызайық. Өзіміздің отырғызған шемекі дәндерінен әдемі күнбағыстар шығуы үшін, жылы сөздерімізді айтайық.

Жарайсыңдар! Сау болыңыздар!


Балалар қол бұлғап, қоштасады.

Күтілетін нәтиже

Нені біледі: Күнбағыс өсімдігінен шемекі, халва, казинаки өндірілетіндігін біледі..

Қандай түсініктерді игерді: Күнбағыс-подсолнух-sunflower, шемекі-семечка-seil сөздерін игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ноутбукпен, зертхана құралдарымен жұмыс жасауды меңгереді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!