Материалдар / Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Күз байлығы" ересек тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Күз байлығы" ересек тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Күз байлығы" ересек тобы, мнемокесте технологиясын және блум әдіс тәсілін қолдану арқылы балалардың қызығушылығын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2021
528
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 16.11.2021 жыл

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Күз байлығы»

Мақсаты: Әуендерді немесе музыкалық шығармаларды тыңдау кезінде пьесаларды тану және атау.

Міндеттері: Музыка тыңдау арқылы ой-сезіміне әсер етіп, эстетикалық талғампаздығын қалыптастыру. Әнді хормен, күш түсірмей, сөздер мен дыбыстарды таза және анық айту дағдыларын қалыптастыру. Балалардың эстетикалық талғампаздығын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: хормен, күш түсірмей, сөздер мен дыбыстарды таза және анық, музыкалық сүйемелдеуден кейін ән айтады;

Игереді: музыка жанрларын түсінеді, ажыратады;

Меңгереді: күз туралы жұмбақтың шешуін табады; ойын барысында музыканың ырғағына ілесіп карточкаларды қолданады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: мнемокесте технологиясы, блум кубигі, үлестірмелі карточкалар (күн, бұлт, жаңбыр).


ҰОҚ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, ортаны айналып әуен ауысқанда әртүрлі қимылдар жасап, шеңбер бойына тұрады.

Музыка жетекшісі балалармен үш тілде амандасады.

2.Негізгі кезең

Педагог: Балалар біз өткен оқу қызметінде күз жомарт, күзгі орман туралы өткенбіз. Енді бүгін осы күз байлықтарымен танысамыз.

Жұмбақ:

Жиын-терін болатын

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсын? Күз мезгілінің қандай ерекшіліктері бар? Жемістер қай кезде піседі?

Музыка тыңдау: «Күзгі вальс» (үнтаспадан). Музыканың көңіл күйі қандай? Бұл музыкада не туралы айтылғанын сұрау.

Дауыс жаттығуы: «А», «О», «И», «У» дыбыстары, «Күзгі жапырақ». Дем алғанда иықты көтермейміз, әр дыбысты анық, әдемі айтамыз.

«Күзгі жапырақ,

Түсті саудырап». Жарайсыңдар!

Ән айту: «Күз жомарт» (Д.Ботбаев, Е.Өтетілеуұлы). Әннің авторы Д.Ботбаев туралы қысқаша мағлұмат беру. Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді. Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді. Әнді бір-бірін тыңдай отырып, айғайламай, дауысқа күш түсірмей, табиғи дауыспен айтуға үйрету (мнемокесте арқылы).

Тоңазып атырап

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ

Саудырап түседі.

Күз жомарт, дейміз біз

Жемісін жейміз біз (балалармен топтық және жеке жұмыс). Әннің көңіл күйі қандай? Жомарт күз деп, жемістердің пісетін, астық жиналып, жиын-терін болатын кезді айтамыз. Күзде күн суытып, жерге қырау тұрады, соны жер тоңазыды деп айтамыз. Күзде ағаш жапырағы сарғайып, қурап, жерге саудырап түседі. Әнде не туралы айтылған? Әннің көңіл күйі қандай? Өздерің күздің қандай құбылыстарын байқадыңдар, күз мезгілі сендерге ұнай ма, несімен ұнайды?


Муз. д/ойын: «Күн мен бұлт».

Мақсаты: балалардың есту, тыңдау және әртүрлі сипаттағы әуендерді ажырату қабілеттер дамыту (көңілді, қуанышты, мұнды-көңілсіз).

Шарты: үш карточка, бірінші карточкада жарқырап тұрған күнннің көзінің суреті, екінші карточкада бұлт, үшінші карточкада жаңбыр мен бұлттың суреті. Балаларға карточкалар таратылып, үш түрлі музыкалық шығарма тыңдауды ұсынады. Музыкаға сәйкес карточкаларын көтереді.

3.Қорытынды бөлімі:

Педагог қорытынды жасайды. Блум кубигі арқылы ашық және жабық сұрақтар қою арқылы бағалау. Осымен бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміз аяқталды. Сау болыңдар, балалар! Сау болыңыз, апай!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!