400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі мектепке дейінгі мекемедегі мектепалды даярлық топтарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖШС «аМЕЛИЯ БӨБЕКЖАЙ» БАЛАБАҚШАСЫ











«Мен құрылысшы боламын»

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі










Педагог: Рысбаева А.Г.













Алматы облысы 2024 ж.

Тақырыбы: «Мен құрылысшы боламын»

Мақсаты: Әр түрлі мамандық туралы білімдерін кеңейту, түрлі мамандыққа, жұмыс түрлеріне қатысты сөздерді (құрылысшы) айта білу. Құрылысшы мамандығымен және олардың еңбегімен таныстыру; құрылыс материалдарының бөлшектерін ажыратуға үйрету. Геометриялық фигуралардан ғимарат құрастыруды үйрету.

Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ -жауап, әңгімелеу, суретпен жұмыс.

Көрнекілігі: Мамандықтардың суреттері, үй, дидактикалық материалдар, көрнекі суреттер, құрастырғыш

Барысы:

Шаттық шеңбер.

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жұмбақ шешу

1) Мектептің жүрегі,

Білімнің тірегі. (Мұғалім)

2) Сауықтырар сырқатты,

Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)

3) Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрiгер емес, бiрақ ол.

Дәм мәзiрiн қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)

4) Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)

5) Қолында қалағы

Зәулім үй салады

Ол кім? (Құрылысшы)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Жұмбақтың шешімін таптыңдар. Олай болса бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?

Балалар: Мамандықтар.

Тәрбиеші: Балалар, мұғалім – балаларды оқытып, тәрбиелейтін маман иесі.

Дәрігер – ауырған адамдарды емдеп жазатын маман иесі. Аспаз – дәмді тағамдар пісіретін маман иесі. Шаштараз - шашымызды әсемдеп, қиятын маман иесі. Құрылысшы – әсем үйлер мен балабақша т. б ғимараттарды салатын маман иесі.

Олай болса балалар осы мамандықтар арасынан біз бүгін «Құрылысшы» мамандығымен тереңірек танысамыз.

Балалар құрылысшы мамандығы қандай мамандық?

Тәрбиеші: Құрылысшылар үй қалайды. Құрылыста үй жобасын жасайтын – сәулетші, тас қалаушы, темірлерді байланыстыратын - дәнекерлеуші, ағаш шебері, сылақшы, краншы, шатырлаушы еңбек етеді.

- Сендердің үйлеріңде осындай жұмыс жасайтын адамдар бар ма?

(ата - анасы, ата - әжесі қандай жұмыс жасайтындары туралы әңгімелеп айтады).

Тосын сәт: Құрылыста жасайтын құрылысшы маман келеді.

Құрылысшы ағай: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен құрылыста қызмет етемін. Әдемі кірпіштерден үй саламын. Үйді салу кезінде бірінші іргетастан бастаймыз. Одан кейін тас қалаймыз, төбесін ағаштармен жауып, үстіне қаңылтырмен шатырын орналастырамын. Есік, терезелерін қондырамыз.

Заттық дидактикалық ойын: «Құрылысшының құралын тап?»

Мақсаты: Құрылысшының құралын ажырата білуін дамыту.

Ойынның шарты: Барлық құралдар арасынан құрылысшыға қажет құралды тауып айту.

Сергіту сәті

Балаларға құрастырғыштар беріледі балалар ғимарат құрастырады

Қортынды: Балалар, біздер қызыл телпекке жұмбақтың шешуін табуға көмектестік.

Құрылысшы мамандығы қандай болатынын білдік пе?

Үй салу үшін қандай құрылыс материалдары керек екен?

Қандай құралдар қажет екен?

Балалардың жауабы:

Сау болыңыздар!





























Құрастырғыштардан ғимарат құрастыру


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
28.04.2024
211
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі