400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Пішіндер бізде қонақта"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: Таным, шығармашылық.
Тақырыбы: "Пішіндер бізде қонақта."
Мақсаты: Балалардың пішіндер туралы білімдерін; оларды ажыратып атай білуге үйрету, пішіндердің бақылау арқылы айналадағы заттардың пішіндерінің ұқсастығын салыстыра отырып, ажырата білуін және ой өрісін жетілдіру, ойлау сөйлеу қабілеттерін дамыту ұқыптылыққа және қарапайым сұрақтарға дұрыс жауап беруге жеткізе білуге тәрбиелеу.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық -қозғаушы

Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар
Қайырлы таң апайлар
Балалар қане бәріміз шеңбер құрайықшы. Қараңдаршы біздің шеңберіміз неге ұқсады? Допқа, шарға. Балалар енді бір-бірімізге көңіл күй сыйлайықшы.

Міне керемет көңіл-күйіміз көтеріліп қалды.

Балалар амандасады.

Шаттық шеңберін орындайды.





-Ия

Балалардың жауабы.

Балалар бір-біріне көңіл-күй сыйлады.

Ұйымдастырушылық-ізденуші

Тосын сәт:

- Мен пішіндер патшайымымын.
Бүгін сіздердің топтарыңызда ашық оқу қызметі өткелі жатыр деп естідім. Менің сендерге берер тапсырмаларым бар.
Сендердің білімдеріңді, ой ұшқырлықтарыңды білейін деп Қар ханшайымынан тапсырмамды
беріп жібердім. Жақсы орындаған балаларға мадақтау қағазым бар.(аудио) Есік қағылады. Қар ханшайымы кіреді.

-Саламатсыздар ма? Балалар мен Қар қызымын. Пішіндер патшайымының беріп жіберген тапсырмаларын сіздерге алып келдім.

Балалар бізге хатта тапсырмалар беріліпті, қазір сол тапсырмаларды орындайық. Бізге берілген бірінші тапсырма жұмбақтар екен. Қане жұмбақ шешіп көрейік.
1-тапсырма: Таба ала ма екенсіңдер?

Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар
Түсі қандай екен? Дөңгелек неге ұқсайды?
Ал енді алдымызда жатқан дөңгелек пішінді көрсетейікші.

Атына сай балалар,
Үшбұрыш, үш жағы бар
Ол пішінді кім табар?
- Ол пішін үшбұрыш деп аталады балалар.

- оның үшбұрышы бар
- үшбұрыштың түсі қандай екен?

- Алдарындағы пішіндердің ішінен үшбұрышты көрсетіңдерші балалар.

үшбұрыштар неге ұқсайды?
Төрт бұрышы бар,
Төрт қабырғасы бар
бұл қай пішін?
- төрт бұрыш неге ұқсайды?
- осы алдарындағы пішіндердің ішінен төртбұрышты көрсетіңдерші.
Ал менің қолымдағы төртбұрыштың түсі қандай?

Балалар бұлардың барлығын біз пішіндер деп атаймыз. Пішіндерді үш тілде айтайық: пішіндер-фигуры-figures

Балалар Пішіндер патшайымының екінші тапсырмасы бар екен.

2-тапсырма: «Бірдей түсті пішіндерді сызық арқылы қос»

Балалар қараңдаршы Қар қызының көңіл-күйі түсіп кетіпті.

-Қар ханшайымы саған не болды? Неге көңіл-күйің түсіп отыр, әлде біздің балалардың орындаған тапсырмалары сізге ұнамай жатыр ма?

-Жоқ, балалар тапсырманы жақсы орындады. Жолда келе жатып, қасымдағы аққалам еріп кетті.

-Балалар Қар ханшайымына көмектесеміз бе? Қар ханшайымына аққаласын жасап береміз бе?

Балалар олай болса, тапсырманы орындамас бұрын Қар ханшайымының көңіл-күйін көтеріп бір серігіп алайық.

Сергіту сәті

Кәне , кәне тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Тұрсақ енді шеңберге

Алақанды ұрайық

Бишілердей бұралып

Дөңгелене тұрайық

Қане балалар орнымызға отырайық. Қар ханшайымына аққала жасап берейік.

-Ой, балалар сендерге көп рахмет. Сендер менің көңіл-күйімді көтердіңдер. Енді мен сендердің тапсырманы жақсы орындағандарыңды пішіндер патшайымына жеткізетін боламын. Балалар сендер Қар ханшайымымен бірге ойын ойнағыларың келе ме?

Қимылдық ойын: «Пішіндер»

Барысы: Әуен ойналады.Әуен тоқтаған кезде түрлі пішіндердің бетпердесін киген балалар бір-бірін тауып топтасып тұрып қалады.

Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, пішіндерді ажыратуға, ептілікке баулу.














-Саламатсызба.













-Дөңгелек


-Көк

- допқа, алмаға, қарбыз т. б.




-(үшбұрыш)
Балалар қайталайды



-көк


- үйдің шатырына, пирамида




-(төртбұрыш)
-терезеге, теледидар т. б.

- жасыл





Балалар берілген тапсырманы орындайды.









-Ия


-Ия










Балалар орындарына отырады, тапсырманы орындайды.

Балалар аққала құрастырады.






-Ия

Рефлексиялық түзетушілік

-Балалар біздің бүгінгі оқу қызметімізге кім келді?

-Қар ханшайымына нені жасап бердік?

-Қандай пішіндерден жасадық?

Қар ханшайымы: Балалар-мен сендерге пішіндер патшайымының сыйлығын ұсынамын. Олай болса, балалар біздің де оқу қызметіміз аяқталды. Келген қонақтармен қоштасайық.

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз,

Қонақтармен қоштасып

Тобымызға барамыз.



-аққаланы

-үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.


Күтілетін нәтиже:

Геометриялық пішіндер атауларын біледі.

Геометриялық пішіндерден түрлі бейнелерді жасайды.

Пішіндердің түстерін ажырата алады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
579
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі