400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Қызықты математика әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешіге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адиет Сырғалы Талғатқызы

№ 4 ЖО ж ҚББМО жанындағы

«Балбұлақ» шағын орталығының тәрбиешісі

БҚО, Орал қаласы



Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары.



Тақырыбы: :" Қызықты математика әлемі"

Білім беру саласы: Таным, коммуникация, шығармашылық

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын

қалыптастыру.(Монтессори әдісі бойынша)

Мақсаты: Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту.Заттардың

түсін, көлемін, пішінін айырып,ұзын-қысқа,биік-аласа

ұғымдарын қолдана білуге үйрету.

5-ке дейін тура және кері санауды,кеңістікті бағдарлай

білуді,жеке тапсырмалармен жұмыс жасай білу

дағдыларын жетілдіру,қиялдарын ұштау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Әр-түрлі пішіндегі кілттер,жеке балаға жұмыс

жасауға арналған монтессори құралдар,5 көлемінде

сандар карточкасы,.Кеңістікті бағдарлауға арналған

сурет,аудио жазба,музыка.

Билингвальді компонент:

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:-Балалар бүгінгі оқу қызметі ерекше болмақ.Себебі бүгін біздің оқу қызметімізге көптеген апайлар қонаққа келіп отыр.Достарымызбен,апайлармен амандасайық.
Сәлем досым! саған да,

Саулық тіле, маған да.

Сәлеметсіздерме , сіздерде,

Қуанып тұрмыз , біздерде

Балалар қимылмен көрсету арқылы орындайды

Ұйымдастырушы-лық ізденіс кезеңі.

-Балалар мен бүгін өте қуанып тұрмын себебі кеше бір ерекше шақырту хат алдым ол хатта «Математика патшалығының ханшайымы» бізді өзінің еліне қонаққа шақырып жатыр.Таңғалдыру сәті:Ой,балалар ол елге баратын қақпада үлкен кілт тұр екен ғой енді не істейміз?Қараңдашы мына жерге кілтер қойып кетіпті.Балалар неше кілт тұр санайықшы. Ал,құлып нешеу?
Бұл кілттердің қайсысы тура келетінін білмей тұрғаным.Кілтердің бәрі бірдей ме?Ал,бізге қандай пішіндегі кілт дәл келеді?
Олай болса ашып қарайық, дұрыс таптыңдар балалар.Математика әлемінің есігі ашылды.Аудио жазба: Жәрайсыңдар достар! Менің бірінші тапсырмамнан сүрінбей өттіңдер.Құттықтаймын! Ғажайып математика патшалығына хош келдіңдер.Мен сендерге көптеген тапсырмалар әзірлеп қойдым.Менің барлық тапсырмаларымды мүдірмей орындап шықсаңдар математика елінің құрметті қонағы деген атаққа ие боласыңдар .Менің тапсырмаларыма дайынсыңдарма ?
Балаларды қалаған орындарына отырғызамын. Тапсырма орындау барысында жәй әуен ойнап тұрады, Әр бала өз алдындағы тапсырманы орындайды.Жұмыс бастамас бұрын әр балаға алдарындағы құралдарға байланысты түсіндірме жұмыстар жүргізіп бағыт беремін. (Жұмыс материалы бала санына жеткілікті және әр-түрлі болуы керек)



Күн сәулесін жина"(түс,пішін,ұзын,қысқа.сан)

"Биік және аласа үйлер"(биік-аласа,санау,пішін)құрастырып қағазға үйлерді жапсыру

"Мандарин тазалаймыз"(пішін,түс,сан)"













Жұмысын аяқтаған баламен жасаған жұмысы туралы сұрақтар.


Балалар саусақтармыз шаршаған болар орнымыздан тұрып кішкене бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық, Мойнымызды бұрайық.Қолымызды көтеріп, Саусақты ашып жұмайық.Содан соң қолды түсіріп ,Иықтан кері жіберіп Алдымызға созайық.Алақанды соғайық1-2-3-4-5

Тақтамен жұмыс:Дид ойын:"Адасқан сандарды тап."( Сандардың ретін анықтап , тура және кері санату)

Көршісін тап:

Пішіндерді ата: түсін ажырату

«Көп және аз» салыстыру

Жаңа сөздікпен жұмыс:




Сұрақ – жауап:

Аспанда неше күн бар?

Адамда неше көз бар?

Бағдаршамның неше көзі бар?

Бір жылда неше мезгіл бар?

Қолғапта неше саусақ бар?





Сергіту сәті: 

1 дегенде тұрайық,2, 3, 4 – алақанды соғайық,Оң жаққа бұрылып,Сол жаққа бұрылып,Бір отырып, бір тұрып,Біз жүгіріп алайық.5 дегенде асықпай,Орнымызды табайық.


Санамақтар:

Біздің үйде бір тауық,

Бір жұмыртқа жүр тауып.

Бір сиыр бар қорада,

Бәтіш тәтем жүр сауып.


Екі аяқпен жүремін,

Екі көзбен көремін.

Екі қолым бар менің,

Екеу құлақ білемін.


Үйімде бар үш қалам,

Үшеуінде ұштағам.

Үш досымды салдым мен,

Үш балыққа ұқсаған.


Төрт дөңгелек арбада,

Төрт аяқ бар малда да...

Тауыса алмай бидайды,

Төрт тышқан жүр қамбада.


«Бестік» деген бағаны,

Бақыт күнде алады.

Бәрі жақсы көреді,

«Беске» оқыған баланы

1-2-3-4-5










Үшбұрышты,тік төртбұрышты,шаршы пішінде,сопақша,домалақ пішінді кілттер бар.Үшбұрышты себебі кілт салатын орын үшбұрыш болып келген.Аудио жазбаны мұхиат тыңдайды.



Әрқашанда дайынбыз




Балалар өздерінің қалаған орындарына жайғасады

Алдарындағы жұмыс құралдарымен танысады.

Тапсырманы қызығушылықпен орындайды.Күннің пішіні домалақ,сары,сәулелері әр түрлі ұзын-қысқа т.б

Екі қатарлы үй бір қатарлы үйге қарағанда биік,Шатыры үшбұрыш,,қабырғалары шаршы, ,терезелері дөңгелек, есігі тік төртбұрыш. Мандариннің пішіні домалақ,түсі сары т.б






Қимылдарын жасай отырып сергіту жаттығуын орындайды


Сандарды ретімен қойып, тура және кері санайды.






1 күн

2 көз

3 еу

4 мезгіл


5 саусақ




Қимылдарын жасай отырып сергіту жаттығуын орындайды





Балалар санамақтарды айтып шығады.

Рефлексиялық-түзетушілік кезең


Балалармен ұйымдастырылған ашық оқу қызметін талдау.Белсенді қатысқан балаларды мадақтау. Аудио жазба:Менің кішкентай достарым! Мен сендерге ризамын сендер ақылды да алғыр балалар екенсіңдер.Болашақ математика жұлдызары болатындарыңа мен сенемін сондықтан болашақ математика әлемінің кішкентай жұлдыздары деген марапат беремін.Сау болыңдар!(Балаларға жұлдызшалар таратылады)

Балалар жасаған жұмыстарын талдайды.

Балалар жұлдыздарды қуана алады.

Сау болыңыздар


Күтілетін нәтиже:

Біледі:

5-көлеміндегі сандарды тура және кері санайды ,сандарды ажыратады.

Түсінеді:

"Биік" ,"аласа" ұғымдарын дұрыс қолданады, түстерді ажырата біледі.

Меңгереді:

Берілген тапсырманы түсініп,өз бетінше әрекет етуді.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
505
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі