400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі .Тақырыбы "Гердаға көмектесеміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық оқу қызметі мектепке дейінгі орыс топтарында қазақ тілін үйрететін әріптестеріме сонымен қатар жас мамандарға кажет деп ойлаймын. Мемлекеттік тілімізді өзге ұлт өкілдеріне дәріптеу,құрмет тұтып,сыйлата білу біздің негізгі мақсатымыз болып табылады. Тіл мәртебесін көтеру ұстаздардың қолында, демек осы мақсатқа жетуде көптеген пайдалы әдіс тәсілдерді қолдансақ қана діттеген мақсатымызға жетеріміз хақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық оқу -қызметінің тақырыбы: «Гердаға көмектесеміз»

Мақсаты: Білімділігі:Балалардың осы уақытқа дейінгі өтілген тақырыптары бойынша алған білімдерін бекіте отырып,сурет бойынша еркін әңгімелей білу дағдыларын шыңдау,өз ойларын тиянақты жеткізе білуге үйрету. Сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.

Дамытушылығы:Есте сақтау,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Адамгершілікке,қамқорлыққа,достыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, шаттық шеңбер,сергіту сәті, дидактикалық ойындар.

Қолданылатын көрнекі-құралдар: Видео, интерактивті тақта, flip chart –программасымен жасалған ойындар.

Мұгалім: -Балалар бүгін бізде ерекше күн. Өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр.Олай болса сабағымызды бастамас бұрын,қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң,аспан ата

Қайырлы таң,жер ана

Қайырлы таң,достарым

Сәлеметсіздер ме, Здравствуйте, Good morning!

Мұғалім: Балалар орнымызға жайғасайық.

-Қазір қандай сабақ болады?

Балалар бүгінгі көңіл-күйлеріңді байқау үшін мен қазір сіздермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты: «Керісінше айт»

-Балалар сендер көіңлсізсіңдер ме?

-Жоқ,көңілдіміз.

-Сендер жылап отырсыңдар ма?

-Жоқ,күліп отырмыз.

-Сендер бір-біріңді жаман көресіңдер ме?

-Жоқ,біз доспыз.

-Сендер тентексіңдер?

-Жоқ,біз тәртіптіміз.

Жарайды,көңіл-күйлерің жаман емес екен. Ендеше сабағымызды бастаймыз.


-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі.

-Дұрыс айтасыңдар.

Балалар сабағымызды бастамас бұрын тілімізді жаттықтырып алайық.

ЫС-ЫС-ЫС-ҒАЖАЙЫП ҚЫС

АР-АР-АР-ЖАУАДЫ ҚАР

ЯЗ-ЯЗ-ЯЗ-САҚЫЛДАЙДЫ САРЫ АЯЗ

РАН-РАН-РАН

СОҒАДЫ БОРАН

НА-НА-НА-ЗУЛАЙДЫ ШАНА.

Ал енді осы қыс мезгілі туралы кім әңгімелеп береді.

Ойын «Сурет бойынша әңгімеле»

Балалар сурет бойынша қыс мезгіліндегі қызықтар туралы әңгімелейді.

Ал енді назарымызды экранға аударып қыс мезгілі туралы видеоны тамашалайық.


Экраннан Герда көмек сұрайды.

Герда:Күн неткен суық еді. Сәлеметсіздер ме,достар! Менің атым-Герда. Мен өз бауырым Кайды іздеп жүрмін. Бауырымның достарының айтуы бойынша оны қар ханшайымы алып кетіпті. Бауырымды мұзға айналдырып жібермес бұрын мен оны тезірек тауып алуым керек. Міне мен қар ханшайымының ордасындамын. Іші қар мен мұздан тұрады,өте әдемі,бірақ қатты суық екен.Қар ханшайымына не керек екенін бірге білейікші достар. Мінекей өздерің көріп тұрғандай қақпада ашылды.Іші суық та әдемі. Міне таптым бауырымды,ол тоңып қалған сияқты.


Қар ханшайымы: -Ха-ха-ха. Я батыр қыз! Егерде менің тапсырмаларымды орындасаң ғана бауырыңды босатамын. Ойлан!

Мұғалім: Қанекей Гердаға тапсырмаларды орындауға көмектесейік.

1. «Мнемокесте бойынша сөйлем құра».

2 «Сынған ойыншықтардың қай мүшесі жоқ,жөндеп айт»

3 «Сөзжұмбақты шеш»

4 Балалар шаршаған боларсыздар қазір көңілді әуенмен бойымызды сергітіп алайық.

«Алақай,балақай»бағдарламасынан алынған видеомен балалар бойын сергітеді.

5 «Бұл қай ертегі,ондағы кейіпкерлерді атап,итке шалқанға жетуге көмектес»

Бұл лабиринт ойыны -қаламсап арқылы итті шалқанға апарар жолын сызып көрсету.

6 «Қызыл телпек ертегісі кейіпкерлерін атап,әжесіне баруға жәрдем бер»

Бұл лабиринт ойыны -қаламсап арқылы қызыл телекті әжесіне барар жолын сызып көрсету.

7 Ойын «Не көріп тұрсың?»

8 «Аққаланы құрастырып әңгімеле».

Балалар мына жерде аққаланы біреулер құлатып жіберді ме,әлде қатты желден өзі құлап кеттіме белгісіз,жерге шашылып қалыпты.Қанекей қайтадан құрастырайық.

Мінекей біз тапсырмалардың бәрін дұрыс орындаган сияқтымыз.


Герда:-Рахмет,достарым! Маған көмектескендеріңіз үшін.Бәріде сендердің көп білгендеріңнің арқасында.Қар ханшайымы бауырымды босатты. Мінекей біз біргеміз.

Сау болыңдар,достарым!

Мұғалім: Мінекей сендер көп білгендеріңнің арқасында Гердаға көмектестіңдер. Ал біз дым білмесек.Ешкімге көмектесе алмаймыз. Білімді болуымыз керек,қайырымды,қамқор,үлкенге де кішігеде көмектесе білуіміз керек.

Сендер қазір ғана әдемі аққала жасадыңдар,бүгінгі сабағымызды аққала әнімен аяқтайық.

Ән «Аққала»

Мұғалім:Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Бүгін біздер не туралы айттық?

Балалардың жауабы: ойыншықтар,қыс туралы,аққала туралы.Әліде айтатындар өте көп оны келесі сабағымызда айтатын боламыз.Балалар бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге.

Сау болыңыздар!
















№54 «Айгүл» балабақшасы




«Сөйлеуді дамытуды ұйымдастыруда жаңа көзқарастар»тақырыбында №3 педагогикалық кеңеске арналған ұйымдастырылған ашық оқу-қызметі

Тақырыбы:«Гердаға көмектесеміз»





Өткізген: №54 «Айгүл»балабақшасының

қазақ тілі мұғалімі:Мулдагалиева. Л.М.




Атырау қаласы, 2019 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
308
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі