400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі, Тақырыбы: «Менің отбасым».

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Отбасындағы сүйіспеншілік сыйластық қарым- қатынас дағдыларын дамыту. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.Ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Кулматова Гулназ Керимхановна

Түркістан облысы, Шымкент қаласы

№24 «Алма» бөбекжай-бақшасы МКҚК, тәрбиеші

Тақырыбы: Менің отбасым.


Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты: балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Отбасындағы сүйіспеншілік сыйластық қарым- қатынас дағдыларын дамыту. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.Ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Әдістер: Әңгімелеу, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері,слайд.

Сөздік жұмыс: Отбасы

Билингвальді топтама:отбасы-семъя

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті




Мотивациялық қозғаушылық

Қайырлы күн, менің сүйікті балаларым!

Бүгін біз үшін әсерлі ұйылдастырылған оқу қызметі болмақ. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Шаттық шеңбері

Күн шуағын жинаймын

Отбасыма сыйлаймын

Күн жылуын аямасын

Шуағымен аяласын

Отбасы деген бәйтеректі

Барлық бала саяласын!




Ұйымдастыру-шылық ізденістік

- Балалар мына көрініске назар аударайықшы.(үйдің суреті)

- Балалар айналамызға қарасақ көптеген үйлерді көреміз.Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?

-Балалардың жауабы:Адамдар

- Ия балалар әрбір адам өз отбасымен бірге тұрады.

- Кәне балалар мен сендерге жұмбақ жасырам шешімін тауып көрейікші

Жұмбақтар

Дегеніңді жасайтын

Ақылын да айтатын

Ертіп жүрер жетектеп

Немерем деп атайтын Ата



Ертегі айтып беретін

Айтқаныңа сенетін

Дегеніңді ек етпей

Жаныңда сенің жүретін Әже


Атаңның баласы

Қамқоршың тірегің Әке


Бала,бала,бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған Ана


Онсыз қызық жоқ

Онсыз бақыт жоқ

Әр баланы панасы

Ол не екен балалар? Отбасы

Бұл суретте сүйіспеншілігі мол бір-біріне ыстық ықыласпен қарап отырған бақытты отбасы

-Балалар отбасы адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышгты қызықты дәурені осы отбасыда өтеді. Олар бізге өмірдегі ең жақын адамдар. Бізді әр кезде қолдап, жақсы мен мен жаманды үйрететін жақын адамдарымыз .Олар бізді еркелетіп жақсы көреді.


Ал сендерді ата-әжелерің қалай еркелетеді?

Балалардың жауабы:құлыншағым ботам қошақаным т.б


Балалар сендер отбасында қандай ойындар ойнайсындар

Балалардың жауабы: Ханталапай Сақина тастау т.б


Балалар енді ойын ойнап бір сергіп алайық.


Дидактикалық ойын: «Кім жоқ?».

Шарты: Қараңдаршы тақтада отбасы мүшелері ілулі тұр. Балалар сендер көздеріңді жұмасыңдар. Мен суреттің біреуін алып қоямын. Сендерге көздерің ашыңдар дегенде, мұқият қарап шығып, кімнің суреті жоқ екенін тауып айтасыңдар. Алдымен отбасы мүшелерін атап шығайық. (Атасы, апасы, әкесі, анасы, бала)

Тақпақтар.

Асқар таудай тұлғасы

Ақ сақалды қария

Ата сөзі жыр басы

Айтқан сөзі дария


Атам менің аманда

Әдепті жан бол деген

Ата сөзі санамда

Жсы үлкенге жол берем


Мамам менің айым

Қазандағы майым

Егер анам болмаса

Не болады жайым


Сергіту сәті

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз,

Бас бармақ - атам,

Балан үйрек - әжем,

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкентай бөбек – мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.


  • Балалар, сендер күнделікті ата-әжелеріңнің , әкелерің мен аналарыңның үйде не істегенді ұнатады соны маған интеллектуалдык ойындар арқылы көрсетіңдерші.


  • Олай болса мен сендерді интеллектум орталыққа шақырамын.

Интеллектуалдық дамыту ойындар:

  • «ZIG-ZAG» (кыздар)

Мақсаты:Балалардың түс тануы ине мен түймені байланыстыра білуі сенсомоториканың дамуына ықпалы зор.Қол бұлшық еттері дамиды тігін техникасының жеке дағдыларын игереді.

-«POMELA»(ұл балдар)

Мақсаты:Балалардың көз мөлшерін қол бұлшық еттерін координациясының улесімділігін дамытуға арналған ойын.Екі ағаш күрекшемен алмаларды тасу ептілік пен мұқияттылықты талап етеді.



Рефлексиялық түзетушілік

  • Балалар, бүгін біз ең жақын, ең қымбат адамадарымыз, яғни отбасымыз жайында әңгімелестік. Бізге ең жақын адамдар кімдер екен ? (ата,әже,әке,ана)

Онда барлығымыз отбасымызға жылулық лебіз білдіреміз.

1. Самира: Я люблю маму

2. Амир: Я люблю папу

3. Муслима: Отбасым аман болсын

4. Ернар: Еліміз тыныш болсын

5. Ақмарал: Мен анамды жақсы көрем

6. Айару Отбасым аман босын

7. Камила:Мен анамды жақсы көрем

8. Дастан: Деніміз сау болсын

9. Есеня: Ялюблю свою родителей

10. Айша: Отбасым бақытты болсын

11. Аделина : Ата-анам аман болсын

12. Мансур: Ата-әжем аман болсын

13. Қадіржан:Достарымыз көп болсын

14. Мадина: Дастарқанымыз мол болсын

15. Айсұлтан: Еліміз бай болсын

17. Рабия: Менің отбасым көңілді

18. Алуа: Ата-әжемді жақсы көрем

19. Нұрасыл:Мен мамамды жақсы көрем

20. Дильноза: Мамамды жақсы көрем

- Міне, балалар, қандай әдемі жылы сөздер мен тілек айттық. Балалар, сендердің ата-аналарың, туысқандарың жандарыңда. Сендер бақыттысыңдар ма?

- Ия, біз бақытты баламыз!

- Ендеше бәріміз «» ән айтып, оқу қызметімізді қорытындылайық.

Күтілетін нәтиже:

Беледі:Өз отбасы мүшелерін танып білуді, отбасы мүшелерін олардың атауларын.

Игереді:Өз ойларын жеткізе алады суретпен жұмыс

жасай алады.Отбасы қарым-қатынасын,отбасы-ол ең жақын адамдардың ошағы екенін.

Менгереді:Отбасы мүшелерін әрдайым қүрметтеп сүйіспеншілікке бөлеп әрқашан тату болуды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі