15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі:«Математика әлеміне саяхат»
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.
Күні,айы,жылы: 20.04.2017 жыл
Тобы: «Еркем- ай» ортаңғы тобы
Білім саласы: Таным, коммуникация, шығармашылық.
Бөлімі : Құрастыру, сөйлеуді дамыту, жапсыру.
Тақырыбы : Математика әлеміне саяхат
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру, түрлі ойындар арқылы өз ойын дұрыс жеткізе білуге үйрету, топ болып ойнауға үйрету. Тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін арттыру. Балалар арасындағы мейірімділік қарым – қатынасты қолдау. Ойнай жүріп сөйлеу қабілеттерін дамыту. Ойынға деген қызығушылыққа, бір – біріне сене білуге, сүйене білуге тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: Сұрақ –жауап, ойын, слайд,
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс түрі: Слайд қарау, үй жануарларынның аттарын үш тілде айту, құстардың аттарын айту, Маша мен аю туралы әңгімелеу.
Қажетті құрал – жабдықтар: интерактивті тақта,Маша қыз бен аюдың суреті, ағаш, сөйлейтін ойыншық, құстардың суреттері, фетрадан жасалған гүлдер.
Үштілділік компонент: жылқы – лошадь – horse, сиыр – кoрова- cow, қой – овца –sheep, түйе – верблюд – camel, ит – собака – dog, әтеш – петух - cock .
Оқу кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың іс-әрекеті |
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Амандасу. Шаттық шеңбері. (үш тілде ) -Балалар қазр жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері бар? Ғажайып сәт. (Слайд арқылы көрсету) Музыка әуенімен Маша қыз келе жатады. Бір мезгілде Маша қызды біреу алып кетеді. Маша қызды таба алмай қаламыз. -Балалар, Маша қыз жоқ, енді не істейміз. -Аюға телефон соғамыз. -Аю, аю, бізге Маша қыз келе жатыр еді, сен ұстап алған жоқсың ба? Біз таба алмай қалдық. -Ия мен ұстап алдым, бірақ ол үшін менің тапсырмаларымды орындауларың керек. Мен сендерге тапсырмалар беремін, сол тапсырмаларды дұрыс орындап шықсаңдар, Маша қызды сендерге апарып беремін. -Балалар, ендеше аюдың тапсырмаларын орындап, Маша қызды шақырайық. Тапсырмаларды орындауға дайсыңдар ма?
|
-Көктем мезгілі. Жаңбыр жауады, балшық болады, құстар ұшып келеді, жұқа киім киеміз, ағаштар бүршік жарады, т.б -Аюға телефон соғайық.
-Ия тапсырмаларды орындауға дайынбыз. |
Ұйымдастыр- шылық ізденіс кезеңі |
-Балалар, қараңдар аюдың бізге берген тапсырмалары тақтада ашылды. Бізге ұяшықтарды ашу үшін «Ұяшық ашыл» деп айтуымыз керек екен. 1 ұяшық ашылды. Бірінші тапсырма: «Артығын тап» -Балалар экранда 4 сурет берілген, сол суреттердің біреуі артық. Сендер артық суретті тауып айтуларың керек.
-Балалар өте жақсы жарайсыңдар. Бірінші тапсырманы орындадық. Енді екінші ұяшықты ашу үшін тағыда «Ұяшық ашыл» деп айтайық. 2 ұяшық ашылды. Екінші тапсырма: «Дауысынан таны» -Екінші тапсырмада үй жануарлар мен құстарының дыбыстары естіледі, сендер қандай үй жануары немесе құстары екендерін тауып, аттарын үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек. -Балалар жарайсыңдар, өте жақсы. Екінші ұяшығымызда ашылды. -Енді үшінші ұяшықты ашу үшін тағыда «Ұяшық ашыл» деп айтайық. 3 ұяшық ашылды. Үшінші тапсырма: «Құстарды ағашқа қондыр» -Балалар біздің қолымызда құстар жоқ қайдан аламыз? Бір мезгілде әдемі бір әуен ойналады. -Балалар, бұл не әуен? Қай жерден шығып жатыр бұл дыбыс? -Балалар бұл не деген сыйқырлы қорап болды екен? Сыртында нелердің суреттері бар? -Дұрыс айтасыңдар, ендеше біз іздеген құстар осының ішінде шығар. Ашып көрейік. Ішінен құстардың суреттері шығады. Балалар құстардың суреттерін қолдарыңа алып, құстардың аттарын айта қойыңдар. Содан соң оларды ағашқа қондырыңдар.
-Өте жақсы, жарайсыңдар балалар. Енді төртінші ұяшықты ашу үшін тағыда «Ұяшық ашыл» деп айтайық. 4 ұяшық ашылды. Төртінші тапсырма: «Алақай, дұрыс таптың!» -Балалар, бұл ойынды ойнау үшін, бақа келді қонаққа. Бақаның көптеген тапсырмалары бар. Сол тапсырмаларды дұрыс тапсаңдар, сендерге бақа «Алақай, дұрыс таптың!» деп айтады. -Өте жақсы, жарайсыңдар балалар. -Балалар аюдың берген барлық тапсырмаларын орындадық. Енді аю бізге Маша қызды алып келетін шығар. -Сол мезетте әуен ойналып топқа Маша қыз бен аю кіреді. -Қош келдіңдер. Аю: Балалар мен сендерге Маша қызды тауып әкелдім. Ол далада әдемі гүлдерді теріп сендерге алып келді. Тәрбиеші: Аю саған көп- көп рахмет. Бізде әдемі жиектемелер бар, соған Маша қыздың жаңа терген әдемі гүлдерін жапсырып қояйық. -Гүлдерді жиектемелерге жапсыру. Аю: -Балалар мен сендерге Маша қызды алып келдім, енді мен өз орманыма кетейін. Сау болыңдар. Балалар аю өз орманына кетті, ал Маша қыз сендермен бірге қалады. |
«Ұяшық ашыл» деп айтады
Балалар экранда көрсетілген слайдтан артық суреттерді тауып айтады.
«Ұяшық ашыл» деп айтады.
Балалар үй жануарлары мен құстарын дыбысынан танып аттарын үш тілде айтады.
«Ұяшық ашыл» деп айтады.
-Балалар әуен ойнап жатқан сыйқырлы қорапты тауып алады. -Құстардың суреттері бар.
-Балалар құстардың аттарын айтып, ағашқа қондырады.
-Балалар «Алақай, дұрыс таптың» ойынын сөйлейтін ойыншық арқылы ойнайды.
Балалар бақаның тапсырмасын орындайды.
-Балалар қуанып қол шапалақтайды.
Маша қыздың әдемі гүлдерін жиектемелерге жапсырады.
-Аюмен қоштасады. |
Оқу қызметін бағалау кезеңі |
-Балалар барлығыңда бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Барлығыңа көп – көп рахмет. Енді апайлармен қоштасайық. Сау болыңыздар. |
-Ия ұнады.
Маша қызбен аю келді. -Ия қызықты болды.
-Сау болыңыздар. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Көктемде келетін құстардың аттарын айтады, үй жануарларын үш тілде біледі.
Түсінеді: Берілген тапсырмаларды шартына сай орындауды түсінді.
Қолданады: Сөйлейтін ойыншықтармен тапсырмаларды орындай алады.
Тәрбиеші:З.Ж.Денишова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген