Ұйымдастырылған ашық оқу
қызметі
Тақырыбы: “Үйшік”
ертегісі.
Тәрбиеші:
Отарбаева.А
Құрық
ауылы
2020-2021ж
Білім беру саласы:
Әлеуметтік
Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі:
Көркем әдебиет
Тақырыбы:
«Үйшік»
Мақсаты:1.Балаларға жаңа ертегінің мазмұнын түсіндіру
2.
Балалардың ой-өрісін,тілін дамыту.
3.Әңгімелеу барысында сөздік қорларын,сөйлеу мәдениетін,ойлау
Көрнекі-құралдар:
интерактивті тақта,проектор.түрлі-түсті қағаз,желім.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші балаларды сабаққа ұйымдастырады.Жаңа
сабақты тәрбиеші орман көгалында өтеді.
Тәрбиеші:-Балалар қараңдаршы,бүгін бізге көптеген
қонақтар келіпті.Балалар,қараңдаршы айналамыз қандай
тамаша!Сендердің көңілдеріңізде сондай тамаша деп ойлаймын.Олай
болса балалар,келген қонақтармен және бір-бірімізбен
амандасайықшы.
Балалар шаттық шеңберін құру арқылы бір-біріне
жылулық лебізін білдіріп амандасады.
Балалар:Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілімен:
«Қайырлы таң!»-дейміз біз.
Күндіз де елді елейміз:
«Қайырлы күн !»-тілейміз.
Үйге кешке келеміз,
Не
дерімізді білеміз:
«Кеш жарық!»-деп кіреміз.
Тәрбиеші:-Керемет!Ал сендер үйде,балабақшада
осындай ізгі сөзді қолданасыңдар ма?Ертеңгісін адамдармен қалай
амандасамыз?
Балалар:-Қайырлы таң!Сәлеметсіз
бе!
Тәрбиеші:-Балалар өткен сабақта біз қандай
сөздерді үйрендік?
Балалар:-Тыйым сөздер.
Тәрбиеші:-Дұрыс.Олай болса тыйым сөздерді
айтайық.
Бала:Ұнасын,ұнамасын,
Шаршасаң сәл-пәл аялда,
Бірақта жерді таянба.
Ұлттық салттан бұлжыма,
Жұма күні кір жума.
Құр
беталды ермекке,
Бесікті босқа тербетпе.
Негізгі бөлім:Жаңа сабақ.
Тәрбиеші:-Өте жақсы, балалар!Балалар,бүгін мен
сендерге «Үйшік» ертегісін айтып беремін.Бұл ертегіні ағайынды
Гриммдер жазған. (Интерактивті тақтаны қолдана отырып тәрбиеші
ертегінің мазмұнын айтып береді)
-Алаңда бір үйшік тұр еді.Жертесер тышқан оны
көріп қалды. -Неткен үйшік!Кімдікі бұл үйшік! Ешкім жауап қатпады.
Тышқан үйшікке кіріп , сонда тұра бастады.
Секіріп бақылдауық бақа келді:
-Неткен үйшік! Үйшікте кім
тұрады?
-Мен жертесер тышқанмын. Ал сен
кімсің?
-Мен-бақылдауық бақамын.
-Кел,бірге тұрайық.
Екеуі бірге тұра бастайды.
Секектеп секек қоян келді:
-Неткен үйшік! Үйшікте кім
тұрады?
-Біз жертесер тышқан, бақылдауық бақа, ал сен
кімсің?
-Мен секек қоянмын.
-Кел бірге тұрайық.
Олар үшеу болады.
Жүгіріп жылмаң түлкі келді:
-Неткен үйшік! Үйшікте кім
тұрады?
-Біз жертесер тышқан, бақылдауық, секек
қоянмын,ал сен кімсің?
-Мен- жылмаң түлкімін.
-Кел бірге тұрайық.
Олар төртеу болды.
Үйшікке аю келіп, есік қақты:
-Неткен үйшік! Үйшікте кім
тұрады?
-Біз-жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек
қоян, жылмаң түлкі, ал сен кімсің?
-Ал
мен-жантайғыш аюмын.Үйшігіңе жантая кетсем-бәрің жаншылып
қаласыңдар!
Қорқып кеткен аңдар үйшіктен қашып
шықты!
Ал
жантайғыш аю үйшіктің үстіне жантая кетіп еді, үйшік қирап
қалады.
Ертегінің мазмұнына қарай сұрақтар қойылады.
Тәрбиеші балалардан ертегінің мазмұнын сахналау өнері барысында
көрсетіп беруін сұрайды.
Тәрбиеші:-Балалар сендерге ертегі ұнады
ма?
Балалар:-Иә,өте ұнады.
Тәрбиеші:-Олай болса осы ертегіні сахналау
барысында көрсетіп көрейік.Келіңіз, менің үстелімнің үстінен
өзіңізге ұнаған аңды таңдаңыз.
Балалар «Үйшік» ертегісін рольге бөліп
ойнайды.
Тәрбиеші:-Балалар ертегі сәтті аяқталуы үшін,не
істесек болады?
Балалар:-Жануарларға жаңадан үй
жасаймыз.
Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар балалар.Бәріміз
бірлікте кішкентай достарымызға үй жасаймыз.
Жапсыру: Тәрбиеші балаларға аңдар үшін үйшік
жасап біреуін ұсынады.Балалар түрлі-түсті қағазды пайдалана отырып
үйшік жасайды.Балалар үйшікті жасау үшін қандай геометриялық
пішіндер мен түстерді пайдаланды, соны ажыратады.Мұнда тәрбиеші
жапсыру мен математика сабағын ұштастырады. Ертегінің мазмұнына
қарай сұрақтар қойылады.Балалар ертегі кейіпкерлеріне сипаттама
береді.
Тәрбиеші:-Балалар жасаған үйшіктеріңізді аңдарға
сыйлаңыз.
Қорытынды: Тәрбиеші М.Садуақасованың «Балалық
шақта» әніне балаларды достық биіне шақырады.Оларды достыққа шақыра
отырып,қолдарына түрлі түсті шарларды ұсынады.Балалар шарларды
қонаққа сыйлық ретінде ұсынады.
Тәрбиеші: -Балалар, сендер ертегінің мазмұнын
жақсы айттыңдар,жұмыстарыңызды дұрыс орындадыңыздар, өте жақсы,
жарайсыңдар.
Тәрбиеші балаларды мадақтап, мақтап сабақты
аяқтайды.