400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы

Материал туралы қысқаша түсінік
« Step by step» технологиясын қолдана отырып, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

«Фаизаман» ЖШС-гі

«Күншуақ» бөбекжай -бақшасының

меңгерушісі___________ Г К. Нұртаза
«28» тамыз 2019 жыл.



Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы:«Айшуақ» мектепалды даярлық тобы

Күні:28 .02.2020ж

Білім беру саласы: Қатынас

Оқу қызметі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: О о дыбысы және әрпі

Мақсаты: О дыбысы және әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, « Step by step» технологиясын қолдана отырып, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Көрнекіліктер: сурет, кеспе әріптер, интербелсенді тақта,флипчарт

Оқу қызметі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Ұйымдаструшылық

оятушылық

Қоңыраудың сиқыры

Естіледі сыңғыры.

Қолыңды бер дейді,

Шеңберге кел дейді.

-Балалар, бәріміз шеңбер құрайық. Бір-бірімізге жақсы сөздер айтып амандасайық.Оқу қызметіміз сәтті болсын. Деніміз сау болсын. Бүгінгі оқу қызметімізді көңілді өткізейік!

Сәлеметсің бе, Ақбота, сен сүйкімдісің.

-Сәлеметсің бе,Нұрбол, сен қайырымдысың.

-Сәлеметсің бе, Анел , сен ақылдысың.

-Сәлеметсің бе, Ерасыл, сен сабырлысың.

-Сәлеметсің бе, Ульяна, сен мейірімдісің.

Сәлеметсің бе, Дания, сен батылсың.

Ұйымдастырушы

ізденушілік

Қазір жылдың қай мезгілі?

-Ауа-райында қандай өзгерістер болады?

-Қыс мезгілінің айларын атап беріңдерші?

-Қазір қыс мезгілінің қай айы?


-Бүгін аптаның нешінші күні?

Жарайсыңдар балалар, ал енді өткен тақырыбымызды еске түсірейік. Қандай дыбыспен және әріппен таныстық, кімнің есінде бар?

Н дыбысы қандай дыбыс, қане айнамызға қарап, дыбыстап көрейік.

Қалай айтылады?

Н дыбысынан келетін сөздерді кім айтады.

Балалар мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдап отырыңдар. Біздің жұмбағымыздың жауабы жаңа тақырыбымызбен байланысты.

Жұмбақ :

Мынау доға –
Қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп?

Тосын сәт:

(Қоян кіреді, қолында қобдишасы бар)

Сәлеметсіздер ме?

Балалар сендер білімдісіңдер жарайсыңдар!

Жақсы жарайсыңдар балалар орман, ожау сөздерін айтып көрейік

-Орман сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

-Ожау сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

Ендеше балалар бүгін бүгін О о дыбысы мен әріпімен танысамыз. Кәне, бүгін бес орталыққа бөлінеміз

Сөйлем орталығы

Дыбыс орталығы

Әріп орталығы

Сөз орталығы

Буын орталығы

Қанекей О дыбысын дыбыстаймыз о-о-о

Ал енді бәріміз о дыбысын айтып көрейік.

Ал, о дыбысы қандай дыбыс?

Оны қайдан білдіңдер?

Дұрыс айтасыңдар, о дыбысы дауысты дыбыс, біз оны қызыл текшемен белгілейміз.

Суретпен жұмыс.

О әріптері берілген суреттерге қарайық,



Отан, Тон, Орал ,Орман сөздері неше буыннан тұрады?

Бұл сөздерде неше дауысты дыбыстар бар?

Қане буындап кетейік.


Берілген буындармен сөздерді оқимыз. Бәріміз хормен.

Орман, орамжапырақ, ожау

Келесі шартты белгі қандай?

Жазу

Барлығымыз О дыбысы мен әріпін ауада жазып көрейік.

Сергіту жасау

Енді саусақ жаттығуын жасайық:

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қаллам алайық.

Партаға түзу отырып,

Көркем етіп жазайық.

Енді маған қаламды ұстап көрсетіңдер. Денені тік ұстаймыз, дәптерімізді сәл көлбеу қоямыз, сол қолымызбен дәптердің шетін ұстап отырамыз, оң қолымызбен жазамыз.

Өткен тақырыпты қайталайды.

Ақпан айы


Сұрақтарға жауап беру.


Жұма күні







Нан, Нығмет,нар ,Нұрбол т.б ?







Жұмбақтың шешуін табады.





Балалар амандасады

Қобдишаны көреді


Мақал –мәтелдер айтады

О дыбысы





Сергіту сәтін орындайды.



Балалар орталыққа бөлініеді




Жаңа тақырыппен танысады.





Дәптермен жұмыс жасайды.

Сұрақтарға жауап береді.




Суреттерді атайды, сөздерді буынға бөледі.





Буындар мен сөздерді оқиды.



Саусақ жаттығуын жасайды.



Сөздерді ойлап табады.


Сөйлем құрайды.

Қорытынды

Өзін-өзі бағалау

Балалар біз бүгінгі оқу қызметінде қандай дыбыспен, әріппен таныстық?

Жуан айтылама? Жіңішке айтылама?

Олай болса, О дыбысына байланысты сөздерді бірге қайталап, бірге айтайық.

Жарайсыңдар балалар!

Мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: О дыбысы мен әріпін

Түсінеді: О әріпін жазуды

Қолдана алады: буынға бөлуді, сөйлем құрауды.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Ищанова С К

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
505
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі