400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы. тақырыбы: "Нағыз қазақ домбыра"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық аспаптарда қарапайым пьесаларды орындауға талпындыру. Ұлттық аспаптарға деген қызығушылық, ұқыптылық сезімін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бекітемін

«Фаизаман» ЖШС-гі

«Күншуақ» бөбекжай -бақшасының

меңгерушісі___________ Г К. Нұртаза
«28» тамыз 2019 жыл.



Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы


Тобы:«Айшуақ» мектепалды даярлық тобы

Күні:19.02.2020

Білім беру саласы:  Шығармашылық

Оқу қызметі: Музыка

Тақырыбы: «Нағыз қазақ домбыра»

Мақсаты: бір әннің әртүрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау, тану, салыстыру, ажыратуға үйрету. Ұлттық аспаптарда қарапайым пьесаларды орындауға талпындыру. Ұлттық аспаптарға деген қызығушылық, ұқыптылық сезімін қалыптастыру.

Көрнекілігі: домбыра, қобыз, асатаяқ, сырнай, тайтұяқ, ұрмалы аспаптар; жетіген суреті; әр аспаптың тарихы, неден жасалатыны, құрылысы туралы әңгімелесу; аспаптар дыбысы жазылған үнтаспа.

Оқу қызметі

Педагогтің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Ұйымдастырушылық

оятушылық


Шаттық шеңбері:

Қуанамын менде

Қуанасың сенде

Қуанайықдотарым

Арайлап атқан күнге

Балалар жылы тілектерін айтады

Ұйымдастырушылық

ізденушілік

Ата-бабамыз өте ерте кездің өзінде-ақ музыкалық аспаптардың мынадай топтарын ойлап тапқан:

• Шертпе аспаптар - домбыра, шертер, шіңкілдек, жетіген, адырна.

• Қияқты аспаптар - қобыз, сазген, созаншы, егек, т.б.

• Үрлеп ойналатын аспаптар - сыбызғы, сазсырнай, уілдек, желбуаз.

• Ұрмалы аспаптар - дабыл, даңғыра, кепшік, шыңдауыл, дауылпаз, ұран, керней.


Жұмбақ жасыру:

Ұзын мойын, екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп.

Бұл не?


- Домбыра мен қобыздың айырмашылығы қандай?

- Қандай ұрмалы аспаптар түрін білесіңдер? Он тыңдау. «Қобыз». Б.Қыдырбек.

- Балалар, музыка тыңдағанда естеріңе не түсті?

- Қобыз туралы сөз болғанда кім еске түседі?

- Қорқыт атаның қандай күйлерін білесіңдер?

- Сендер басқа қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?


Ән айту. «Домбыра сазы». И. Нүсіпбаев.

- Әр композитор қазақтың киелі аспабы домбыраны әртүрлі әнге салып жырлаған. Домбыра туралы тағы қандай ән білесіңдер?

- Ән қандай көңіл күйде жазылған?

- Ән сендерге ұнады ма?


Ән айтар алдында дауысты жаттықтырып алу, денені түзу ұстап, дыбысты еркін шығару. Демді үнемдеп, сөздің арасында тыныс алмау. Әнді иықты көтермей, ішпен айту.

Әуенді қимыл-қозғалыс. Сылдырмақпен би. Қазақ биі -«Қаз-қатар».

Музыкалық аспапта ойнау: К. Күмісбеков. «Жаз».

«Еркем-ай», қазақтың халық әні, өңдеген Б. Дәлденбаев.



Музыкалық - дидактикалық ойын: «Қатты жөне ақырын музыка».

Түрлі музыкалық шығармаларды ойнап, қай музыка қатты, қай музыка жай дыбысталуын ажырата білуге талпындыру.

Қатты сөзін музыкада - «форте», жай ойнағанды - «пиа­но» деп атайды. Фортепиано (қазақша — күйсандық) - «қатты» және «жай» деген екі сөздің қосындысынан шыққан.

Әліппе - дәптермен жұмыс.




Балалар тыңдайды, түсінбегендерін сұрайды.












Жұмбақтың шешімін табады.





Сұрақтарға жауап береді.













Балалар өлеңді тыңдай білді.















Сылдырмақтарды екі қолға ұстап, көңілді музыка әуенімен шеңбер бойымен жеңіл жүгіру. Тоқтап, белгілі музыка ырғағымен түрлі қимылдар жасау. Би қимылдары арқылы әсемдікке тәрбиелеу.




Балалар ойынға белсене қатысады.


Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау.

Балалардан сұрақ-жауап арқылы аспаптардың атын пысықтау, қысқаша қорытындылады. Балаларды қолдау, мадақтау.

Бір-біріне риза болды

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады:Қазақ халқының ұлттық аспаптары туралы толық білді.

Түсінеді: Аспаптардың шығу тарихын, қалай пайдаланатындығын түсінеді.

Қолдана алады: Әуен ырғағына би қимылын жасай білді.











































Бекітемін

«Фаизаман» ЖШС-гі

«Күншуақ» бөбекжай -бақшасының

меңгерушісі___________ Г К. Нұртаза
«28» тамыз 2019 жыл.



Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы:«Айшуақ» мектепалды даярлық тобы

Күні:

Білім беру саласы:  Шығармашылық

Оқу қызметі: Музыка

Тақырыбы: «Нағыз қазақ домбыра»

Мақсаты: Түрлі аспаптарда ойналған шығармаларды тыңдау арқылы, оны қабылдау, есте сақтау, ажырата білуге үйрету. Ұлттық музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілік, қызығушылық қалыптастыру.

Көрнекілігі: қазақтың ұлттық шертпе саз аспаптары: домбыра, қобыз; түрлі домбыралар суреті, композиторлардың, саз аспаптарының суреттері;.

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Ұйымдастырушылық оятушылық

Шаттық шеңбері:


Балалар бір -бірімен амандасады

Ұйымдастырушылық

ізденушілік

Балалар денемізді шынықтырып алайық.

Балалар музыка дегенді қалай түсінесіңдер?

Қазір жылдың қай мезгілі?


Жұмбақ жасыру:

Екі құлақты,

Он екі тұяқты,

Шешуін тапшы,

Күмбірлеген күй

Төгілген сияқты.


Домбыра, қайда барсам тастамаймын,

Ән менен сенсіз өлең бастамаймын.

Екі ішек, он бір перне, бір тиекпен,

Сайрасам қызыл тілмен аспандаймын.

Кенен Әзірбаев


Домбыра - қазақ халқының арасында өте ерте заманнан бері кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған, қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Домбыра әртүрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құрап жасалады.

Мойнына он тоғыздан жиырма екіге дейін пернелер бай­ланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды. (Домбыра, ішек, перне, тиек, т.б.)

Балалар сендер күй тыңдап көрдіңдер ме?

Ән тыңдау. «Сарыарқа». Құрманғазы. Үнтаспа.

- Құрманғазы кім?

- Қандай күйлерін білесіңдер?

- Тыңдаған күй қалай аталады?

- Күй қалай орындалады?


Ән айту. «Домбыра сазы». И. Нүсіпбаев.

- Бүгін біз домбыра аспабымен таныстық. Енді Ибрагим Нүсіпбаев ағамыздың домбыра туралы әнін үйренейік. Әнді айтпас бұрын дұрыс, түзу отырайық. Дем алғанда екі иықты көтермейміз. Дауысымызды жаттықтырып алайық. Дыбысты анық шығарып айтуымыз керек.

- Домбыра сазы дегенді қалай түсінесіңдер?

- Әннің мазмұны не туралы?

- Әнде «домбырамен жырлаған» деп кімдерді айтып отыр? Әнді айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алайық. Әнді айқайламай, бір-біріңе үндесіп айтыңдар. Дем алғанда иықты көтермей, іштен тыныс алуға дағдыландыру.

- Әнде не туралы айтылады?

- Ән қалай орындалды?

- Осы әннен қандай әсер алдыңдар?


Әуенді қимыл-қозғалыс. Сылдырмақпен би. Қазақ биі -«Қаз-қатар». Музыкалық – дидактикалық ойын: «Ойнаған қандай аспап?» Әртүрлі музыкадан дыбыс шығарып, аспаптарды үнінен ажы­рата білуге үйрету. Аспаптардың атын дұрыс атауға баулу.

Музыкалық аспапта ойнау: К. Күмісбеков. «Жаз».

«Еркем-ай», қазақтың халық әні, өңдеген Б. Дәлденбаев.

Сергіту сәті:

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Домбырамен би».

Домбырамен қосылып ән айтып, күй тартып қана қоймай, осы аспаппен билеуге де болады. Домбыраны иыққа асып, аяқты кезек-кезек өкшеге қойып, музыка ырғағымен би қимылдарын жасау.

Музыкалық - дидактикалық ойын: «Қандай аспапта ойнадым? »

Балалардың көзін жұмдырып, домбыра, үшбұрыш, ксилофонда бірнеше нотаны орындап, аспаптардың атын тапқызу. Есту қабілетін арттыру.


Әліппе - дәптермен жұмыс.



Жұмбақтың шешімін табады.













Балалар тыңдайды, түсінбегендерін сұрайды.













Ән тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.



Күйді тыңдайды



















Музыка ырғағымен би қимылдарын жасайды.












Ойынды қызыға ойнайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау.

-Сонымен, бүгін біз қандай музыка аспабымен таныстық?

-Халқымыз ол аспапты қалай атайды?

-Әнде не тура­лы айтылды?


Балаларды мадақтау.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қазақтың киелі аспабы домбыра туралы білулері керек.

Игерді: Күй деген ұғымды игерді.

Меңгерді: Ұлттық музыкаға қарай қимылдарды тыңдап жасауды.

Білім беру аясы: Шығармашылық

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
1381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі