400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы тақырыбы:«Қимыл қозғалысты қазақ ұлттық ойындарын ойнаймыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

«ФаиЗаман» ЖШС-гі

«Күншуақ» бөбекжай- бақшасының

меңгерушісі_____ Г.К.Нұртаза



Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы: «Айшуақ» мектепалды даярлық тобы

Күні: 12.04.2018ж

Тақырыбы: «Қимыл қозғалысты қазақ ұлттық ойындарын ойнаймыз»

Мақсаты: балаларды өмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту. Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.


Оқу қызметі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-оятушылық

Ал,қанекей, балалар

Ортаға назар салайық.

Ойыншылар келеді,

Қол соғып қарсы алайық.

Балалар жылы тілектерін жолдады

Ұйымдастырушылық-ізденушілік




















Жүргізуші: Бүркіт тобы мен Барыс тобы ортаға шықты.

Сайыс болған соң, спорт заңы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын тағайындайтын құрметті әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1. Меңгеруші: Гүлбану Кеңесбекқызы
2. Медбике: Айжан Сайланханқызы
3. Балабақша іс жүргізушісі: Шәкрім Ғабдуллаұлы
Жүргізуші:

Өнер қуып отбасы өтер дейміз

Бір басына өнері жетер дейміз

Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

(Әр топ өздерін ұрандарымен таныстырады).

«Бүркіт» тобы.

Ұраны: Ұшақтан да ұшқырмын

Жедел озған жүйрікпіз.

Келіп тұрған жарысқа

«Бүркіт» тобы боламыз.

«Барыс» тобы.

Ұраны: Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты.

«Барыс» тобы боламыз

Жарысамыз ой қатты!

Жүргізуші:Бәрекелді, әр топ өздерін таныстырып өтті. Ендігі кезекті сайысымызды бастаймыз.

Жүргізуші:  «Ұлттық ойындар» спорттық мерекеміз 6 кезеңнен тұрады.

  1. 1. «Қыз қуу» ойыны

  2. «Орамал тастамақ» ойыны

  3. «Асық ату» ойыны

  4. «Арқан тарту» ойыны

  5. «Күш сынасу»  ойыны

  6. «Допты түсірме»  ойыны

Әр сайыстан кейін әділ-қазылар алқасы әділ бағасын беріп отырады.

Жүргізуші:

Қалма жұрттың соңында,

Қажет болса мың атта

Аздық етер оныңда,

Жету үшін мұратқа.

Топ командалары ортаға шықты.




Әділқазы алқаларымен танысты







Ортаға қатысушылар шығады














Әроп өздерінің ұрандарын айтты












Сайысты бастады







Балалар спорт кезеңдерімен танысты

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау

Қорытынды: – Ендеше, осы денсаулықты зор байлық деп білетін белсенді де білгір, денсаулығы мықты спорт десе ішкен асын жерге қойып, балапандарға мың рахмет.

Сөз кезегі әділқазыларда (Марапаттау рәсімі).

Балалар сайыста жеңгендеріне қуанды

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Ұлттық ойындарды ажырата алады

Түсінеді: Құралдарды қолдана біледі

Қолдана алады: Әр түрлі тәсілдерді ойнай алады

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші : Ищанова С.К





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі