Ұйымдастырылған іс-әрекеттің тақырыбы: «Менің сүйікті отбасым»
Мақсаты:балаларға отбасы туралы түсінік беру,отбасы мүшелерімен таныстыру,және өз отбасы мүшелерінің атын атау.
Міндеттері:сөйлем құрап айтуға,дыбыстарды анық,таза жеткізе білуге дағдыландыру;
Отбасында үлкендерді сыйлап,кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Амандасу рәсімі
Тәрбиеші балалармен амандасып алады.
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Сәлеметсіз бе апай.
-Бүгінгі көңіл күйлерін қандай?
-Жақсы.
Олай болса шеңбер жасап тұрайық,шаттық шеңберін бірге қайталайық.
Үлкенгеде сіз,
Кішігеде сіз.
Ата-ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
- Бір жылда төрт мезгіл бар (қыс,көктем,жаз,күз).
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың көктем мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Көктем мезгілінде үш ай бар (наурыз,сәуір,мамыр).
-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атап беріндерші?
-Көктем мезгілінде күн жылынады,ағаштар гүлдейді,шөптер шығады.
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Бүгінгі ұйымдастырлған іс-әрекетіміздің тақырыбы «Менің сүйікті отбасым» назарларынды суретке аударындаршы.
-Суреттен кімдерді көріп тұрмыз?
-Отбасы мүшелерін.
-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
-Ата, әже,әке,ана,аға,әпке,іні,қарындас
Балалар тақтада ілініп тұрған отбасы мүшесінің суреттерін атап,олардың оң жақта немесе сол жақта орналасқанын айтады.
Саусақ жаттығуы
Бас бармағым –атам,
Балан үйрек-апам.
Ортан терек-әкем,
Шылдыр шүмек-анам.
Кішкентай бөбек-мен!
Топқа бөлу (отбасы мүшелерімен)
Балалар өздері алған отбасы мүшелерінің суреттерімен өз орындарына отырады. Төрт топқа ойын тапсырма беріледі.
1-топ: Д\о: «Менің отбасым»
Шарты: отбасы мүшелерін үлкенінен кішісіне қарай рет ретімен өз орындарына қойып шығады.
2-топ: Маймен сурет салу
Шарты: балаларға ақ қағаз беріледі,қылқаламның көмегімен сұйық майға батырып алып алдарындағы ақ қағазды майлап шығады,сол кезде ақ қағаз артынан отбасы мүшелерінің суреті шығады.
3-топ: Жасырылған суретті тап
Шарты: фальгамен қапталған ақ қағаздарды балалар тенге арқылы қырып артында жасырылған суретті тауып атайды.
4-топ: «Отбасы мүшесін» жырту тәсілмен таныту
Шарты: қағаз артында жасырылған отбасы мүшесінін бейнесін қағазды жырту әдісі арқылы тану.
Тосын сәт: Топқа қонаққа әже келеді.Балалармен амандасып,балаларға тапсырма ала келгенін айтады.
Сергіту сәті:Халық күйі «Келіншек» әуенді-ырғақты жаттығу.
1-топ:Балалар әжемізге арнап қазақтың ұлттық ою-өрнектеріне ермексаздан жетпей тұрған бөлшектерін мүсіндеп жабыстырып берейік.
2-топ:Әжемізге арнап дәстүрден тыс,тұзбен сурет салу арқылы оюды бейнелейміз.
Қорытындылау.
-Ұйымдастырылған іс-әрекет ұнады ма?
-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
-Әжеге арнап біз не жасадық?
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұйымдастырылған іс әрекет
Ұйымдастырылған іс әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің тақырыбы: «Менің сүйікті отбасым»
Мақсаты:балаларға отбасы туралы түсінік беру,отбасы мүшелерімен таныстыру,және өз отбасы мүшелерінің атын атау.
Міндеттері:сөйлем құрап айтуға,дыбыстарды анық,таза жеткізе білуге дағдыландыру;
Отбасында үлкендерді сыйлап,кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Амандасу рәсімі
Тәрбиеші балалармен амандасып алады.
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Сәлеметсіз бе апай.
-Бүгінгі көңіл күйлерін қандай?
-Жақсы.
Олай болса шеңбер жасап тұрайық,шаттық шеңберін бірге қайталайық.
Үлкенгеде сіз,
Кішігеде сіз.
Ата-ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
- Бір жылда төрт мезгіл бар (қыс,көктем,жаз,күз).
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың көктем мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Көктем мезгілінде үш ай бар (наурыз,сәуір,мамыр).
-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атап беріндерші?
-Көктем мезгілінде күн жылынады,ағаштар гүлдейді,шөптер шығады.
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Бүгінгі ұйымдастырлған іс-әрекетіміздің тақырыбы «Менің сүйікті отбасым» назарларынды суретке аударындаршы.
-Суреттен кімдерді көріп тұрмыз?
-Отбасы мүшелерін.
-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
-Ата, әже,әке,ана,аға,әпке,іні,қарындас
Балалар тақтада ілініп тұрған отбасы мүшесінің суреттерін атап,олардың оң жақта немесе сол жақта орналасқанын айтады.
Саусақ жаттығуы
Бас бармағым –атам,
Балан үйрек-апам.
Ортан терек-әкем,
Шылдыр шүмек-анам.
Кішкентай бөбек-мен!
Топқа бөлу (отбасы мүшелерімен)
Балалар өздері алған отбасы мүшелерінің суреттерімен өз орындарына отырады. Төрт топқа ойын тапсырма беріледі.
1-топ: Д\о: «Менің отбасым»
Шарты: отбасы мүшелерін үлкенінен кішісіне қарай рет ретімен өз орындарына қойып шығады.
2-топ: Маймен сурет салу
Шарты: балаларға ақ қағаз беріледі,қылқаламның көмегімен сұйық майға батырып алып алдарындағы ақ қағазды майлап шығады,сол кезде ақ қағаз артынан отбасы мүшелерінің суреті шығады.
3-топ: Жасырылған суретті тап
Шарты: фальгамен қапталған ақ қағаздарды балалар тенге арқылы қырып артында жасырылған суретті тауып атайды.
4-топ: «Отбасы мүшесін» жырту тәсілмен таныту
Шарты: қағаз артында жасырылған отбасы мүшесінін бейнесін қағазды жырту әдісі арқылы тану.
Тосын сәт: Топқа қонаққа әже келеді.Балалармен амандасып,балаларға тапсырма ала келгенін айтады.
Сергіту сәті:Халық күйі «Келіншек» әуенді-ырғақты жаттығу.
1-топ:Балалар әжемізге арнап қазақтың ұлттық ою-өрнектеріне ермексаздан жетпей тұрған бөлшектерін мүсіндеп жабыстырып берейік.
2-топ:Әжемізге арнап дәстүрден тыс,тұзбен сурет салу арқылы оюды бейнелейміз.
Қорытындылау.
-Ұйымдастырылған іс-әрекет ұнады ма?
-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
-Әжеге арнап біз не жасадық?
шағым қалдыра аласыз













