Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
Мақсаты:
Жабайы жануарлар туралы білімдерін кеңейту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін, танымдық қабілеттерін және сөйлеу тілін дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Билингвизм: жабайы жануарлар – дикие животные, үй жануарлары – домашние животные.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: қысқы орман, үйшік, дидактикалық ойындар
|
Оқу қызметінің кезеңдері |
Логопедтің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
|
Мотивациялық -қозғаушылық Ұйымдастыру - шылық – ізденістік Қызықтыру сәті Таңқалдыру сәті |
Шаттық шеңбері Жарқын,жарқын
үніміз, Балалалық шақ үйінің, Жайнап тұрған гүліміз. Сәлеметсіздер ме,
қонақтар.
Осы кезде топқа Бауырсақ келеді. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Логопед: - балалар, бұл ертегідегі Бауырсақ емес пе? Қане, бауырсақпен амандасайықшы. Сен мұнда қайдан жүрсің? Бауырсақ қатты жаурап қалғанын айтады, логопед (с) дыбысын бұзып айтқанын байқап балалармен бірге тілге арналған жаттығу жасауға ұсыныс жасайды. Артикуляциялық жаттығу - «Сағат» - «Тәтті тосап» - «Кесе» - «Ат шауып келеді»
Логопед: бауырсақ енді айта қойшы Ыс-ыс-ыс көңілді қыс Су-су-су дала суық -Міне, сен (с) дыбысын дұрыс айттын. Енді мұнда не себеппен келгенінді айт. Бауырсақ: - Мен атам мен әжемнен адасып қалдым, үйіме барғым келеді. Маған көмектесіңдерші, балалар. Логопед:-Бауырсақты үйіне апару үшін қысқы орман арқылы өтуіміз керек. Ал, орманда түрлі жабайы жануарлар мекендейді. Біз өте сақ болуымыз керек. Алдымен қыс мезгіліне сай киініп алайық – бас киім, тон, мойын орағыш, етік. -Орманға қандай көлікпен
барамыз? Қыр үстінде, қар- қар Шырша үстінде қар- қар. Қар жамылған ақ аю, Ұйықтайды екен, ай- ай Тыныш -тыныш балақай , Шуламаймыз біз бұлай . -Балалар, міне біз орманға да келіп жеттік. -Орман қандай ? -Орманның ауасы қандай? Бірге айтайықшы: уа-уа-уа таза ауа Таза ауамен терең тыныстап дем алайықшы.
-Ой, балалар, мұнда қараңдаршы. Мынау шырша ағашының түбінде бір аң жасырынып жатқан сияқты. Бұл қай аңның құйрығы болды екен? Қане, сендерге жұмбақ жасырып көрейін: Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады. (Қоян) Бірге айтайықшы: ян-ян-ян секіреді қоян -Дұрыс айтасыңдар, балалар! Қоян секіріп шығып: -мен туралы жұмбақ біледі екенсіңдер, тағы не білесіңдер а?
Логопед: -біздің балалар сіз туралы тақпақ та біледі. Қане, айтып берейікші. Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді Қарап еді артына Қиығын сап көзінің Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің Логопед: -балалар сіздің ұнатып жейтін азығыңызды да біледі. Қоян рақмет айтып, көжектеріне қарай ытқып секіре жөнеледі. Балалар әрмен қарай келе жатса, алдарынан тағы шырша ағашының түбіне жасырынған бір аңның құйрығы көрінеді. Логопед жұмбақ жасырады Күші десең, күші бар, Тісі десең, тісі бар. Торуылдап ауылды, Түнде жортар ісі бар. Бірге айтайықшы: ыр-ыр-ыр сұр қасқыр
Қасқыр: менің қарным ашып тұр, мына дәмді бауырсақты жегім келіп кетті. Маған бауырсақты қалдырып, өздерін кете беріңдер. Логопед: -жоқ, сіз өте мейірімдісіз. Сіз бауырсақты жей алмайсыз, біз сізге сүйікті азығыңызды ала келдік. Қасқыр: -мәссаған, қарным бір тоятын болды, рақмет сендерге балалар,-деп жорта жөнеледі. Балалар әндетіп келе жатса, шыршаға жасырынған бір аңның құлағы көрінеді. Логопед: -балалар, бұл қай аң болды екен? Сүйетін қант, балды, Білесің қандай аңды? Бірге айтайықшы: ю-ю-ю қорбаңдаған аю
Аю: орманның тыныштығын бұзып, неге шулайсыңдар? Мені ұйқымнан ояттыңдар. Менің енді қарным ашты, мына бауырсақты жеп қоюға дайынмын. Логопед: -аю, ашуыңызды басыңыз. Біздің балалар сіздің қандай асты ұнататыңызды біледі, өзімізбен ала келдік. Аю:-О, қандай керемет! Рақмет сендерге, балақайлар. Балымды жалап, тәтті ұйқыға батайын. Логопед: -балалар, Бауырсақтың үйіне де жақындап қалған сияқтымыз. Алдарынан тағы бір аңның құйрығы көрінеді. -Балалар, бұл тағы қай аң болды екен? Түсі қызғылт-сары, құйрығы үлкен екен. Бірге айтайықшы: кі-кі-кі қу түлкі Түлкі шырша артынан бұлаңдап шығады.
Түлкі: - ах, бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ: - жемеші мені. Түлкі: - онда мен сендерге жұмбақ жасырамын. Шешуін тапсаңдар мен сендерді босатамын. Тауықтар қашып жасқанған, Қулығы артық басқа аңнан Түлкі:- сендер өзі ақылды екенсіңдер, менің сендерге тағы бір тапсырмам бар, егер дұрыс орындасаңдар, Бауырсақтың үйіне апарар жолды көрсетемін. Логопед: - түлкі сен бізді алдамайсың ба? Біз сенің сөзіне сенейік, балаларға қандай тапсырма бермекшісін? Дидактикалық ойын: «Көлеңкесін тап» Шарты: Орман жануарларының көлеңкесін табу. Түлкі: -Ой жарайсыңдар, балалар! Сендер өте білімді екенсіңдер, менде сөзімде тұрамын, менің соңымнан еріңдер. -Міне, бауырсақтың үйіне де келдік. Логопед: -бірақ үйдің есігінде құлып тұр ғой. Балалар барлығымыз бірге саусақ жаттығуын орындасақ, құлып ашылуы мүмкін. Орманда бір үй тұр, Есігінде құлып тұр. Есік ашылады. Бауырсақ ата-әжесімен қауышады. Балаларға рақметін айтады.
Логопед: -Түлкіжан, сен айтқан сөзіңде тұрдын. Біз саған алғыс айтамыз. Біз саған сенің сүйіп жейтін азығың - балықты береміз. Логопед: -балалар, біраз жол жүрдік, енді бой сергітіп алайық. Көлбең, көлбең, көлеңкем Көлбең деген көлеңкем Кім көрсетіп береді Қоян қалай секіреді. Қасқыр қалай жортады Түлкі қалай бұлаңдайды. Аю қалай қорбаңдайды.
Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?» Шарты: Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырату.
Ата мен әже: - Жарайсыңдар, балалар! Сендер тапқыр екенсіндер. Билингвизм: Жабайы жануарлар - дикие животные Үй жануарлары – домашние животные Логопед: Балаларды мадақтап, «Жарайсың!» деген смайликпен бағалап, мадақтайды. Топқа шанамен қайтады. |
Балалар шеңбер бойына тұрады, қонақтармен амандасады. Балалардың қызығушылығы артады. -Сәлеметсіз бе, бауырсақ. Айнаға қарап орындау. Тіл ұстарту жаттығуын қайталады.
(елестету арқылы сырт киімдерін киеді) Шанамен Балалар бауырсақты шанаға отырғызып, әндетіп жолға шықты Таңырқап қарайды Орман үлкен, аппақ әрі әдемі екен. Таза, салқын «Ауа» сөзін дұрыс айтып жаттығады Мұрынмен терең дем алып, ауызбен ұзақ дем шығарады. Жұмбақтың шешуі – қоян. «Қоян» сөзін дұрыс айтып жаттығады. Балалар қызығып қарайды Тақпақты дауыстап, таза айтып
береді. Балалар қоянға сәбіз береді. Жұмбақтың шешуі - қасқыр «Қасқыр» сөзін айтып жаттығады. Балалар қасқырға ет береді. Жұмбақтың шешуі – аю. «Аю» сөзін дұрыс айтып жаттығады. Ия, білеміз. Аю балды ұнатады. Бұл түлкі ғой «Түлкі» сөзін дұрыс айтып жаттығады. Жұмбақтың шешуі-түлкі Алдарындағы тапсырманы жеке-жеке орындап шығады. Саусақ жаттығуын орындайды. Балалар түлкіге балық береді.
Балалар жабай жануарлардың қимыл-қозғалысын көрсетеді. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды екіге бөліп, ажыратады. Логопед соңынан қайталап айтып, естерінде сақтап алады. |
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ТАЛАС АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
«МИРАС» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ МКҚК

Логопед: Г.Б.Махашева
Қаратау қаласы – 2023 ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Жабайы жануарлар"

шағым қалдыра аласыз