Ұйымдастырылған іс-әрекет: "ЖАЗҒЫ ОРМАН" (коммуникация, таным, шығармашылық)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған іс-әрекет: "ЖАЗҒЫ ОРМАН" (коммуникация, таным, шығармашылық)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ұйымдастырылған іс -әрекеттің конспектісі барлық тәрбиешіге қосымша ретінде қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші: Сатан Айнагул

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Жазғы орманға саяхат» (коммуникация, шығармашылық, таным)

Мақсаты: жаз мезгілі туралы түсінік қалыптастыру

Міндеттері:

БМ: жаз мезгіліне сай қоршаған ортаны танып-білу дағдыларын қалыптастыру.

ДМ: қызығушылықтарын оятып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

ТМ: табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу

Қолданылған әдіс-тәсіл: квест әдісі, АК , технологиясы ӨТШТ әдістері , «Танграм», «Колумб жұмыртқасы», В.Воскобович ойыны, көрнекілік, ,сөздік,схема арқылы әңгіме құрау.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, кеспе суреттер фломастер, майлық

Билингвальды компонент: аңдар-животные, құстар-птицы, жәндіктер-насекомы


Барысы

I.Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Жылулық шеңбері.

Сәлеметсіңбе Аспан ,ата!

Сәлеметсің бе, жер ана!

Сәлеметсің бе, барша табиғат!

Сәлеметсіңдер достарым!

Сөздік ойын: «Сөйлемді жалғастыр!»

Педагог сөйлемді айтады, балалар оны жалғастырады

Жылдың төрт мезгілі бар: …,

  Бір жылда  … ай бар

  Ең ыстық жыл мезгілі: … .

Жаз айлары: …, …, … .

Қазір жаздың алғашқы айы....

-Жаз несімен қызықты?

-Балалар, біреу бізге хат әкеліп тастапты.(педагог хатты оқиды»

«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Сиқыршымын! Мына сызбаның жауабын дұрыс тапсаңдар сендерге ,орманға саяхатқа жол көрсететін бағыттар ашылады.

Педагог интерактивті тақта арқылы мнемосызбаға балалардың назарын аудартады.

-Өте жақсы, бұл сызбаның жауабы жаз мезгілі екен.

- Орманға саяхатқа бару үшін орман ережелерін есімізге түсірейік.

Балалар орман ережелерін айтып береді.

-Орманға немен барайық?

-Машина, автобу, ұшақ, пойыз.

-Тағы қалай баруға болады?

-Иә жаяу барайық. (Сиқыршының тұрлі бағыттар көрсетілген сызбасына назар аударту)

Сызба. Алға қарай бес қадам жүру, оңға қарай үш қадам жүру, алға қарай 5 қадам жүру, солға қарай 4 қадам жүру.

II.Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең

-Балалар, міне орманға да жеттік. Жазғы орманның ауасы қандай керемет еді. Ағаштар ылғал бөлгендіктен орман іші өте салқын екен.

Ойын: «Жақсы –жаман»

Ағаштың пайдасы мен зиянын айтады.

-Ағаштар ауаны тазартады, жазда көлеңкесінде демаламыз, аулаға сән береді т.б

- күзде жапырақтаы түседі, көктемде пухтары ұшады, бөлмеге күн түсуіне кедергі жасайды т.б

Кенет қасқырдың ұлыған дауысы естіледі. Педагог балалармен ормандағы аңдар жануарлар туралы сөз қозғайды.

Ойын : «Жасырылған аңдарды тап!»

Балалардың назарын ағаш түбінде отырған қоянға аудартады.

Қоянды сипаттайды (жүні сұры, құлақтары ұзын т.б)

-Қазір ғалымдар жаңа қоян ойлап тауыпты ,

- Қалай ойлайсыңдар ол қандай қоян деп ойлайсыңдар

-Сендер ғалым болсаңдар қандай қоян түрін ойлап табар едіңдерТ.б

«Танграм» ойыны

Барысы: пішіндердің бөліктерінен балалар өздері қалаған аңды құрастырады.

Сергіту сәті: «Көңілді күн» (видео)

-Балала, естіңдерші ,ненің дауысы? Бұл қандай құс деп ойлайсыңдар?

Құс дегенде алдымен қандай сөз естеріңе түседі?

Орман құстарысен таныстырады. (Тоқылдақ, үкі, сарышымшық)

Педагог баларға ағаш басына орналасқан сарышымшықтың ұясын көрсетеді.

-Сарышымшықтың балапандарын санаңдар?

-Олар орманға не үшін керек?

-Қандай пайда әкеледі?

-Егерде сарышымшық балапандары жоқ болса , онда не болар еді?

Сөздік ойын: «Сәйкестендір»

Шарты: Педагог орман иелерінің жақсы жақтарын айтады, балалар-қарамақайшылықтарды атау керек. Мысалы: еңбекқор-, қамқоршы-, пайдалы-

Дидактикалық ойын : «Не артық?»

Шарты: Тақтаға ілінген суреттерден орманға қатысы жоқ суретті табу керек. Демек заттарды ортақ белгілеріне қарай топтастырады.Артық затты түіндіреді.

-Қызанақ неге орманда өспейді? Неліктен?

-Балық неге орманда тіршілік етпейді ?Неліктен?

Топпен жұмыс

Педагог балаларға көптеген қима суреттердің ішінен тек орманда кездесетін жәндіктерді тауып берілген ағаш сұлбасына ілуді ұсынады. (шегіртке, құрт, құрбақа, қоңыз

-Зиянды болса онда олар орманға не үшін керек? «Колумб» жұмыртқасы:

Шарты: Түрлі пішін қиындыларынана жәндіктерді бенелеу

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қасқыр мен қояндар»

-Ой балалар, қараңдаршы бұл қандай жәндік?

Ол неге жұлдызқұрт деп аталады екен?..

Пайдасы мен зиянын сұрайды.

-Бұл жәндіктер пайдалы ма , зиянды ма?

Билингвальды компонент: аңдар-животные, құстар-птицы, жәндіктер-насекомы

III.Рефлекциялық –түзетушілік кезең

Балалар балабақшамызға қайтатын уақыт жетті.Жол қысқару үшін мен мақал айтамын сендер оны жалғастырыңдар!

Міне топқа да келдік .Балалар орманда сендерге не ұнады соны маған суреттеп беріңдерші!

Ойын : «Игровизор» В.Воскобович

Барысы: балаларға ламенатталған парақтар береді.Олар өздері орманда саяхатта есте қалған заттарын слады

Рахмет сендер өте тамаша балаларсыңдар менің сендерге азғантай сыйлығым бар.Көңіл-күйіміз қандай? 

-Тамаша!

-Жаз мезгілі қандай?

- Тамаша!.

-Ауа райы қандай? 

-Тамаша!

-Жазғы демалыс  қандай? 

-Тамаша!

-Ендеше көңіл-күйлеріңді смайликпен көрсетіңдер!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.00.2025
74
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі