400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Көліктер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың көлік туралы түсініктерін кеңейту. Көлік түрлерімен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған көрнекі іс – әрекет тақырыбы: «Сиқырлы қорап»

Мақсаты: Балалардың көлік туралы түсініктерін кеңейте отырып, зейінін тұрақтандыру. Дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру, сөздік қорын молайту, ұсақ моторикасы мен жалпы моторикасын дамыту.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекі модельдеу, кластер, триз, мнемотехника.

Ұйымдастырылған көрнекі іс – әрекет түрі: шағын топтық

Ұйымдастырылған көрнекі іс – әрекет барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең

Балалар шеңберге тұрып қонақтармен сәлемдеседі.

Артикуляциялық жаттығуды музыка ырғағымен орындайды.

2.Негізгі кезең

Қызықтыру сәті: Топқа аю сиқырлы қорапты алып келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мына қораптың ішінен түрлі дыбыстар шығып, менің ұйқымды бұзып қоймады. Көктем мезгілінің келуіне әлі бірнеше күн бар, ал мен қыс біткенше ұйқымды қандыруым керек. Мына қорапты сендерге қалдырып, әрі қарай ұйықтауға кеттім.

- Сау болыңдар, балалар!

Бұл қорап жәй қорап емес, сиқырлы қорап екен. Қорапты ашу үшін тапсырмаларды орындау керек.

1.Фонематикалық ойын: «Дауысқа құлақ асайық»

Шарты: магнитафоннан шыққан дауысты ажыратып, көлікті атап суретін тақтаға іледі.

Сурет бойынша көлік түрлерімен таныстыру жұмысы жүргізіледі.

Тіл ұстарту жаттығуы

-шақ-шақ-самғайды ұшақ

-лік-лік-зымырайды көлік

-ыз-ыз-ызғытады пойыз

-ме-ме-зуылдайды кеме

- Жарайсыңдар, балалар!

Тыныс алу жаттығуы: «Ұшақты үрлеп ұшыр»

3. Фонарик ойыны: «Машинада кім отыр?»

Шарты: Фонарик арқылы машинада кім отырғанын анықтап, сөйлемді толық айту.


Сергіту сәті

Көліктердің қимылын әуен ырғағына сай бейнелеу.

3. «Ұшақпен келге хат» ойыны.

Сурет арқылы көліктерге байланысты 2-3 сөзден байланыстырып сөйлем құрау.



Қорытынды.

-Балалар, бізге қонаққа не келді?

-Аю бізге не әкелді?

-Көлік түрлерін атап беріңдерші.

-Сиқырлы қораптың тапсырмалары сендерге ұнады ма?

-Жарайсыңдар, балалар!





ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ТАЛАС АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«МИРАС» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ МКҚК













Тақырыбы:

«Көліктер»






Логопед: Г.Б.Махашева











Қаратау қаласы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
31 наурыз
154
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі