"Әдемі гүлдер" Ұйымдастырылған іс әрекет. мектепалды даярлық тобы 5-6 жас

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әдемі гүлдер" Ұйымдастырылған іс әрекет. мектепалды даярлық тобы 5-6 жас

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл санды мектепалды даярлық топтарына математика негіздері бағытына дайын ұіә бар. Ойындарға qr-код, бағалау, көрнекіліктерімен берілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

КМҚК «Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасы













Тақырыбы:

«Әдемі гүлдер»





Педагог-психолог: Шаухым Лаура Елгелдіқызы











2024-2025 оқу жылы

Тақырыбы: «Әдемі гүлдер»

Тобы: 5-6 жас мектепалды даярлық тобы

Мақсаты-міндеті: Білімдік мақсаты: Балалардың гүлдерді санау, топтастыру қабілетін дамыту. Қағаз бетіне бағдарлай білу дағдысын тиянақтау.

Пән бойынша тәрбиелік мақсаты: Табиғатты аялауға, топ ішінде ұйымшылдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау мен зейінің дамыту, есте сақтау, қол маторикаларын дамыту.

Күтілетін нәтиже: Гүлдерді санау топтастыру дағдыларын біледі.

Ұйымдастырылған іс-әрекет барысы.

1.Кіріспе. 1.1. Таңғажайып сәт. Педагог-психолог: біздің тобымызға қонақ келген сияқты. Бұл Айша. Қонақпен амандасайық балалар, (Сәлеметсің бе, Айша). Балалардың назарын Айшаның қолындағы гүлге аудару.

-Балалар Айшаның қолында өзі өсірген гүлі бар екен. Гүлінің неше күлтешесі бар санайық. (5 күлтесі бар.)

Білесіңдер ме, балалар, бұл жай гүл емес сиқырлы гүл. Әр күлтенің астында тапсырма жазылған. Біз тапсырмаларды дұрыс орындасақ, Айшаның бізге берер сыйлығы бар. Тапсырмаларды орындауға дайынсындар ма?

1.2. Не қайда? Қағаз бетін бағдарлау. Педагог-психолог:

Балалар Айша табиғатты суретке түсіргенді жақсы көреді. Оның түсіріп алған фото суретіне мұқият қарандаршы.

- Балалар суреттің жоғарғы жағында не бейнеленген?

- Төменгі жағында не бейнеленген?

- Оң жағында не бейнеленген?

-Сол жағында не бейнеленген?

-Гүлдердің саны қанша? Жәндіктердің саны қанша?

Негізгі бөлім. «Араларды ретімен орналастыр» ойыны. Балалар Айшаның келесі тапсырмасын орындау үшін бізге qr-кодды сканерлеу керек.


2.1.Тізбекті жалғастыр. Көру мен зейін дамытуға арналған ойын.

Педагог-психолог қарандаршы балалар қандай әдемі гүлдер. Педагог балаға түрлі түсті гүлдер қатары әрі қарай гүлдер суреті бар үлестірмелі карточка береді. Тапсырма: төмендегі гүлдер тізбегіне қарай отырып, гүлдердің кезектесу заңдылықтарын байқап тізбекті жалғастырамыз.

2 .2. «Есіне сақта» есте сақтауға арналған сөздік. Балалар гүл қайда болса араларда сонда. Ара бізге не береді? (бал береді). Бал біздің денсаулығымызға пайдалы. Сондықтанда гүлді жұлуға болмайды, табиғатты аялайық.







3. Қорытынды. Материалды бекіту және қорытындылау.

- Бүгін сендер өте тапқыр еңбекшіл болдыңдар. Жарайсыңдар балалар. Айша бізге тапсырмалардың барлығын дұрыс орындағандарын үшін сыйлық әкеліпті.


Бүгін не жайлы

айттық?

Қандай тасырма

қиын болды? Не істедік?

Қандай тапсырманы

Қандай тапсырма жиі орындағыларын келеді

жеңіл болды?








3.1. Балаларды мадақтау. Айша бізге сыйға бал әкеліпті.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2025
176
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі