
«Балаби балабақшасы» ЖШС
«Менің Отаным –
Қазақстан»
«Сұңқар» мектепалды
тобы
Топ
тәрбиешісі: Жұматаева Гүлсая
Қамысбайқызы
2025-2026 оқу
жылы
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТ
ЖОСПАРЫ
Тақырыбы:
«Менің Отаным –
Қазақстан»
Білім беру дағдысы:
Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Іс-әрекет: тіл дамыту, көркем
әдебиет
Жас
тобы: 5 жас (мектепалды
тобы)
Ұзақтығы: 25 минут
Өткізу формасы: танымдық-ойын, цифрлық,
көркем сөз
МАҚСАТЫ:
Балалардың Қазақстан туралы
түсінігін кеңейту, сөздік қорын молайту,
Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру,
сурет бойынша әңгіме
құрастыру,
көркем мәтінді жатқа
айту,
цифрлық құралдар
арқылы қызығушылығын
арттыру.
МІНДЕТТЕРІ
Тіл
дамыту:
– «Отан», «Қазақстан», «Туған жер» сөздерін дұрыс қолдану;
– Сурет бойынша байланыстырып сөйлеу.
Көркем
әдебиет:
– Өлеңді мәнерлеп жаттау;
– Мақал-мәтел, жұмбақтарды түсініп айту.
Әлеуметтік:
– Ел рәміздеріне құрметпен қарау;
– Топта еркін пікір айту.
Цифрлық:
– Сандық тапсырмаларды орындау.
ҚАЖЕТТІ
ҚҰРАЛДАР
– Қазақстан
картасы
– Сюжеттік суреттер
– Презентация, қысқа бейнеролик
– Дидактикалық карточкалар
Әдіс-тәсілдері:
Көрнекілік, сөздік, практикалық, танымдық-ойын әдісі, әңгімелеу,
сұрақ-жауап, сюжеттік сурет бойынша әңгіме құрастыру, көркем
мәтінмен жұмыс (өлең, мақал-мәтел, жұмбақ), мәнерлеп айту,
салыстыру және талдау, логикалық сәйкестендіру, дидактикалық ойын,
қимыл-қозғалыс (сергіту сәті), рефлексия, эмоциялық қолдау,
мадақтау, ынталандыру,тапсырмалармен
жұмыс.
ҰІӘ
БАРЫСЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ (Шаттық шеңбері)
Балалар шеңберге
тұрады.
Тәрбиешінің
сөзі:
– Балалар, біз қай елде тұрамыз?
– Біздің еліміздің аты қалай аталады?
– Бүгін біз
Қазақстан туралы сөйлесеміз,
– Туған жерімізді сөзбен, суретпен, өлеңмен
танытамыз.
СЮЖЕТТІК
СУРЕТ БОЙЫНША ӘҢГІМЕ ҚҰРАСТЫРУ
Тапсырма:
Балалар суретке қарап әңгіме құрастырады.
Б
ағыттаушы
сұрақтар:
– Суретте кімдер бейнеленген?
– Олар қай жерде жүр?
– Бұл жерді қалай атауға болады?
– Неге Қазақстанды Отан дейміз?
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ
1. Өлең жаттау
Өлең:
Отан – менің ата-анам,
Отан – досым, панам да.
Отан – туған жерім,
Қазақстан – анам да.
(Хормен,
2
.
Мақал-мәтелдер
– Отан – оттан да ыстық.
– Отансыз адам, ормансыз
бұлбұд
Түсіндіру:
– Бұл мақалдар нені білдіреді?
3.
Жұмбақ
1
-жұмбақ
Көк аспанда желбірейді,
Алтын күнге қол созады.
Елдің белгісі бұл қандай?
Жауабы: Қазақстанның туы
2
-жұмбақ
Кең даласы, биік тауы,
Өзен-көлі мол екен.
Біз тұратын туған ел
Қай ел екенін білесің бе?
Жауабы: Қазақстан
3-жұмбақ
Үлкен қала, әсем қала,
Ел басқарған бас қала.
Барша халық
мақтанатын
Бұл қай қала, айтшы маған?
Жауабы: Астана
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН
«Бұл не? Қайда тиесілі?»
Мақсаты:
Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсінігін бекіту,
суреттерді сәйкестендіру арқылы логикалық ойлауын және сөйлеу
дағдысын дамыту.
С
уретпен
жұмыс
Суретте: үш негізгі ұғым
көрсетіледі:
Қазақстан, Ел, Туған жер.
Төменгі бөлігінде әртүрлі суреттер ретсіз орналасады.
Суреттер:
– Мемлекеттік ту
– Қазақстан картасы
– Табиғат көрінісі (дала, тау, өзен)
– Қала бейнесі
– Киіз үй
Ойын барысы:
Тәрбиеші кезекпен балаларды шақырады.
– Балалар, суретті мұқият қара.
– Бұл не деп ойлайсың?
– Ол қай ұғымға тиесілі?
Балалар тақтадағы суретті тиісті орынға
апарады.
Сәйкестендіру үлгісі:
– Ту → Қазақстан
– Карта → Ел
– Табиғат → Туған жер
– Қала → Ел
– Киіз үй → Туған жер
Сұрақтар арқылы бекіту:
– Неге бұл суретті осы жерге қойдың?
– Қазақстан бізге не береді?
– Туған жерді қалай қорғауымыз керек?
Қорытындылау:
– Барлық суреттер өз орнын тапты.
– Қазақстан – біздің Отанымыз.
– Туған жерді сүю – әр адамның парызы.
Мадақтау:
– Жарайсыңдар, балалар!
– Сендер өте мұқият және белсенді болдыңдар.
ҚИМЫЛДЫ СЕРГІТУ
СӘТІ
«Мен Қазақстанның
баласымын»
– Қолды жоғары көтереміз – кең дала
– Қолды жан-жаққа жайамыз – бейбіт ел
– Жүрек тұсына қол қоямыз – Отанды сүйеміз
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ (Рефлексия)
–
Бүгін не туралы айттық?
– Қазақстан қандай ел?
– Отанды не үшін жақсы көреміз?
Тәрбиешінің қорытынды
сөзі:
– Сендер Отан туралы әдемі сөйлей алдыңдар.
– Қазақстанды сүю – әр баланың міндеті.