400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған іс-әрекет Тақырыбы: Жыл мезгілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру, табиғаттағы өзгерістерді байқай білуге үйрету, ойын арқылы ойлауын, сөйлеуін дамыту және “Адал азамат” құндылықтарын қалыптастыру Міндеттері: Жылдың 4 мезгілін ажырата білуге үйрету. Әр мезгілдің ерекшелігін айту (ауа райы, киім, табиғат). Сөздік қорын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Бозой селосы

“Ертөстік”бөбекжай-бақшасы”

Тәрбиеші :Сарсенкулова Айнур Нурлыбаевна


Тақырыбы: «Жыл мезгілдері» Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру, табиғаттағы өзгерістерді байқай білуге үйрету, ойын арқылы ойлауын, сөйлеуін дамыту және “Адал азамат” құндылықтарын қалыптастыру

Міндеттері: Жылдың 4 мезгілін ажырата білуге үйрету. Әр мезгілдің ерекшелігін айту (ауа райы, киім, табиғат). Сөздік қорын дамыту.

“Адал азамат” құндылықтарын енгізу:

Адалдық – дұрыс жауап беру, алдамау;

Қамқорлық – табиғатты, жануарларды қорғау;

Жауапкершілік – тәртіп, ережені сақтау;

Құрмет – досын тыңдау.

Ресурстары: ЖИ.,суреттер, төрт жыл мезгілдердің көрнекілігі,ағаш макеті, құрастыру ойыншығы.

Шаттық шеңбер:

Сәлеметсіздер ме! Көңіл-күлерің жақсы ма? Табиғатпен амандасайық.

Сәлем көктем!

Сәлем жаз!

Сәлем күз!

Сәлем қыс!

Біз адал баламыз,

Бір-бірімізді сыйлаймыз!

-Жарайсыңдар! Ендеше мен сендерге «Тыңда да, тап» деген дыбыс ойынын ұсынғым келіп түр. Дыбыс арқылы қай мезгілге жататының табуларың керек.

  • Құстардың сайрауы – көктем

  • Жаңбыр – күз

  • Боран – қыс

  • Теңіз, жел – жаз

Балалар дыбысқа қарап мезгілді табады

-Бүгін біз Ұ.І.Ә.-де табиғат поезына отырып, жыл мезгілдеріне саяхаттап қайтайықшы. Табиғат поезына мінгенде тәртіп сақтауымыз керек,әйтпесе түсіріп кетеді.Бірақ ,балалар, бірінші қандай аялдама екенін білмейміз ғой, ендеше ақылды қояннан сұрап көрейік.

Ақылды қоян : (ЖИ қолдауымен)

-Сәлем достар! Мен ақылды қоянмын.Сендер менен бірінші аялдаманы сұрадыңдар ма? Айтамын… Бірақ менің шартым бар!

Егер пойызға мінсеңдер:
Тәртіп сақтайсыңдар, бір-біріңді итермейсіңдер, сонда мен сендерге бірінші аялдаманы айтамын! Келістік пе, балалар? пауза (Балалар: Иә!) — Дайынсыңдар ма? Онда бірінші аялдама —
Көктем! Көктем өте әдемі мезгіл, өздерің барып көріп қайтындар.стоп

Тәрбиеші: – Көктем мезгілінде қандай табиғат құбылысы болады? Немен ерекшеленеді? -Көктемде күн жылына бастайды. Қар еріп жылғалардан су ағады. Жыл құстары өз мекендеріне ұшып келе бастайды. Келе сала ұя салып, балапан басып шығарады. Ағаш бұтақтары бүршік жарады. Құрт-құмырсқа, аралар оянады. Егіншілер егін егеді, көшет отырғызады.

Shape1 Shape2 Shape3

-Қараңдаршы ағашта бүршік жарған, бірақ әлі гүлдері ашылмаған.Гүл ашуға көмектесеміз бе?

Дид ойын: «Бүршік жарған ағаштар»

Шарты: Дайын бүршік жарған ағаш макетіне гүл жапсыру.

Мақсаты: Балаларды шығармашылықпен айналысуға және табиғатқа қызығушылығын арттыруға үйрету, макеттегі бүршік жарған ағашқа гүлдер жапсыру арқылы гүлдердің құрылысын және өсудің алғашқы кезеңдерін көрсету.

Дид ойын: «Жақсы мен жаман» (ЖИ қолдауымен) Мақсаты:Жақсы қасиет болса қолдарын шапалақтайды, жаман қасиет болса тыныш отыру.

1) Көшет отырғызу.
2) Ағаштарды сындыру.
3) Құстарға жем шашу.
4) Құстың ұясын бұзу.
5) Ағаштарға су құю.

6) Гүлдерді жұлу.

7) Құстарға ұя жасау.

Балаларды мадақтау.

-Келесі бізде қандай аялдама екен, ақылды қояннан сұрайық.

Ақылды Қоян:

-Дұрыс айтасыңдар, қандай ақылды балаларсыңдар! Көктемде күн жылынады, қар ериді, гүлдер өседі.Құстар ұшып келеді. Табиғат оянады.

Сендердің ағашқа гүл жапстыруларын көктемнің алғашқы бүршігі сияқты әдемі шықты! Көктемгі ағашқа гүл қосқандарың тамаша болды! Табиғатты қорғауды жақсы біледі екенсіңдер. Келесі аялдама «Жаз» деп аталады.Жаз мезгіліне барып көңіл-күйлеріңді көтеріп қайтындар.

Тәрбиеші:

– Балалар, бұл қандай мезгіл? Неше ай болады?Жазда қандай белгілер болады?

Дид ойын: «Жаз көрінісі»

Шарты: Жаз мезгілінің белгілерін құрастыру. Shape4 Shape5

Дид ойын:«Керісінше айт»

- жазда ыстық күн, қыста суық күн

- жазда күн ұзақ, ал қыста - (қысқа)

- жазда күн жылынады, ал қыста - (жылынбайды)

- жазда жұқа киім киеміз, ал қыста - (қалың)

Shape6 Shape7

Ақылды қоян : (ЖИ қолдауымен)

-Сенер қандай білгір балаларсыңдар. Иә,жазда күн ыстық болады. Жаз бойы балалар демалады ,тауға шығады,отбасымен теңізге барады . Жаз мезгілінде жеміс-жидектер пісе бастайды, айнала жасыл желекке еніп, әртүрлі гүлге толады.

Келесі аялдамаға баруға дайынсыңдар ма? Жаз мезгілден кейін күз келеді, сондықтан келесі аялдама «Күз»деп аталады.Жақсы саяхаттап қайтыңдар.


Тәрбиеші:

-Бұл қандай мезгіл? Неше ай болады? Қандай өзгерістер болады?


Дидактикалық ойын: «Жапырақпен құрастыру»

Мақсаты: жапырақтарды пайдалана отырып, балаларды композиция құрастыруға үйрету, олардың шығармашылық ойлауын, қол икемділігін және табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Ақылды қоян: (ЖИ қолдауымен)

-Жарайсыңдар балалар, тамаша! Күз мезгілінде жаңбыр жиі жауады, ағаштардың жапырақтары сарғаяды, егін піседі. Егінді адамдар жинайды.Күзде барлық жеміс-жидектер пісіп, жерге түседі. Жан-жануарлар да қысқа азық жинайды.

Shape8 Shape9 Shape10 Shape11

Жапырақтан құрастырған суреттерің өте әсем шықты! Қиялдарың керемет екен.Соңғы «Қыс» аялдамасы қалды.Қыс мезгілді де өз кереметтері бар, барып тамашалап қайтыңдар! Shape12 Shape13



Shape14 Shape15

Тәрбиеші: Ал, қыста қандай құбылыс болады? Қандай айлар бар? Немен ойнаймыз? Не жауады?

Дид ойын: «Бұл қай кезде болады?»

Шарты: Жыл мезгілдерін бейнеленген орманның макеті тұр.

Осы макетте төрт мезгілдің өзіне тән белгілері шатастырылып қойылған. Сол қатені түзеулері керек.

Ақылды қоян : (ЖИ қолдауымен)

«Жарайсыңдар, кішкентай білгірлер! Төрт мезгілді де дұрыс атадыңдар!Мен сендермен мақтанамын! Табиғатты жақсы біледі екенсіңдер. Көктем, жаз, күз, қысты шатастырмадыңдар! Тамаша! Барлық белгілерді толық айтып шықтыңдар!»



Рахмет, ақылды қоян, бізге көмектескен үшін.Ал,балалар,табиғат поезына мініп шығармашылық орнымызға барайық.Жыл мезгілдеріне саяхаттап барғанымыз ұнады ма?Қандай мезгілдерге бардық, атап өтейікші.


Шығармашылық жұмыс: Жыл мезгілдердің белгілерімен құрастыру.

Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту, әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктерін (қар – қыс, жапырақ – күз, гүл – көктем, күн – жаз) ажырата білуге үйрету, табиғатқа деген қызығушылық пен сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.

Ақылды қоян қолында сыйлығы бар : (ЖИ қолдауымен) Секіріп-секіріп (секіреді) қуанып тұрмын,тапқыр балалар екенсіңдер! Жыл мезгілдерін керемет білесіңдер! Бүгін сендер менің ең ақылды достарым болдыңдар!Сол үшін сендерге сыйлығым , қағып алындар.

Балаларды мадақтау.


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 сәуір
48
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі