Материалдар / Ұйымдастырылған іс-шара Ару қалам - Астана
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұйымдастырылған іс-шара Ару қалам - Астана

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған іс-шара Ару қалам - Астана, балабақшаға арналған сценарий. мектепке дейінгі мектеп алды даярлық тобы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2021
370
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ару қала – Астана


-Балалар, биыл Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?

-Дұрыс 30 жыл болды.

-Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай бізді Нұрсұлтан қаласына саяхатқа шақырып жатыр. Саяхатқа ең тәртіпті, ең өнерлі, ұқыпты балалар барады.

-Саяхатқа немен барғанымыз дұрыс?

-Өткенде автобуспен барған болатынбыз. Бұл жолы поездбен барайықшы.

-Жоқ, ұшақпен барайықшы, тез әрі жылдам барамыз. Сосын онда тамақ береді.

-Жақсы олай болса, ұшақпен барайық.

Ұшу сәті:

Құрметті жолаушылар? Қызылорда қаласынан ұшатын Эйр Астана ұшағына отырғызу басталды. Қауіпсіздік белдіктьеріңізді тағып, арқаларыңызды кеңге салып отырыңыздар.

«Стюардесса» биі.

Қону сәті:

-Құрметті жолаушылар, біздің ұшағымыз Нұрсұлтан әуежайына келіп қонды. Саяхаттарыңыз сәтті болсын!

-Саламатсыздар ма балалар, сендер Нұрсұлтан қаласына қайдан келдіңдер?

-Біз Ақай ауылынан «Балдәурен» бөбекжай-бақшасынан келдік.

-Олай болса, елімиіздің астанасы Нұрсұлтан қаласына хош келдіңіздер. Менің есімім Хадия. Мен сендерді Нұрсұлтан қаласының керемет жерлерімен таныстырамын. Жүріңіздер.

Мынау «Думан» ойын-сауық кешені.

«Думан» ойын-сауық кешені – күмбезді кеңістік, океанариум. Керемет акватеатрда қызықты жыртқыш балықтарды бақылауға болады. Арнайы дайындалған көзәйнектер арқылы экранда болып жатқан оқиғаның ортасында жүргендей сезінесің. «Мұхит аралында» (океанариумда) 3 млн литр су бар. Қалыңдығы 7 см-лік акрил шынысынан жасалған. 70 метрлік дәліз бен түрлі мөлшердегі 11 аквариумнан тұрады. Мұнда түрлі балфықтардың тіршілігіне жақыннан қарауға болады. Бұл аквариумдағы «Мұхит аралдың» ең ірі тұрғындары – акулалар, алып алабұғалар, тәкаппар губандар – Наполеондар және өзге де балықтар тіршілік етуде. Балалар енді осы аялдамаға тоқталып, ішін жақсылап аралап, танысып шығайық. Арнайы дайындалған көзәйнектеріңді киіп, керемет көріністі тамашалауға шақырамын.

«Кит дауысы»

-Балалар сендерге «Думан» ұнады ма?

-Ұнады балықтар өте көп екен.

-Біз одан үлкен балықтарды көрдік.

«Азан дауысы»

-Балалар мына естіліп жатқан дыбысқа құлақ түрейікші.

-Апай, құран оқып жатыр.

-Дұрыс айтасыцңдар, азан шаөырып, құран оқылып жатыр.

-Балалар олай болса мен сендерді Нұрсұлтан қаласындағы үлкен мешітке апарайын.

-Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешіті «Нұр Астана» мешітіне саяхат жасаймыз.

Алтынмен апталған күмбезінің биіктігі – 43 м, одан өзге 25 кіші күмбедері бар. Биіктігі 63 метрлік 4 мұнарасы бар имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10000 адам намаз оқи алады.

-Саламатсыңдпар ма балалар!

-Саламатсыз ба ата!

-Хош келдіңдер! Әқашан ата-аналарыңмен мешітке келңп, жақсы сөздер естіп отырған дұрыс, сонда сендер ата-анасын құрметтейтін, Отанын шексіз сүйетін адал ұрпақ болып өсесіңдер.

-Ата мен жазда әкеммен жұма сайын мешітке бардым.

-Ата, біздің балалар Нұрсұлтан қаласына құрқол келген жоқ. Өздерімен бірге өнерлерін де ала келді.

-Ата, мен сізге Тәуелсіздік туралы тақпақ айтып берейінші.

-Жарайсыңдар, өте жақсы тәрбиеленген балалр екенсіңдер, мен сендерге ақ батамды берейін, қолдарыңды жайыңдар.

-Амин!

-Ата сау саламатта болыңыз!

Келесі баратын жеріміз – Пирамида.

-Ежелгі Египет пирамидаларының мақсаты перғауындар мүрдесін мәңгі сақтау болған. Ал қазақ пирамидасының мақсаты не? Іргетасы дүниенің төрт бұрышына теңдей қарап, адамзатқа шапағат сыйлайтын, ұшарбасы алтын күнге ұмтылған пирамида қазақ елін көзге елестеді екен.Алыстасаң аласырап, жақындасаң биіктей беретін, ал ішіне кірсең, жан дүниең мейірленетін бұл пирамиданың бүкіл болмысы қазақ халқының биік болмысы мен достыққа адалдығын көрсметеді екен.

Балалар мына жерде бізден де бюасқа саяхатшылар жүрекен. Олармен танысып, суретке түссек қалай қарайсыңдар?

-Танысайықшы апай!

-Hello! -Hi!

-What is your name? -My name is Sandra. And what is your name?

-My name is Inabat. –Nice to meet you!

-Oh me to, where are you from? -I am from Austria.

-Cool! Did you like Nursultan? -I really like Nursultan.

-Very good! May I take a picture with you? -Yes, of course

-Thank you! -Good by, children!

Музыка «Қанекей фотоға түсірші»

-Балалар, енді біз Бәйтерекке баарйық.

Есіл өзенінің сол жағалауындағы зәулім «Бәйтеректің» биіктігі – 97 м. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Нұрсұлтан қаласының орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» - қазіргі Қазақстанның символы, қазақ хылқының қайта қрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орынтепкен. Олай болса «Аялы алақан» композициясына алақанымызды қойып тілегімізді айтайық.

Ата-анамыз аман болсын!

Балабақшамыз гүлдене берсін!

Аспанымыз ашық болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Әрқашан туымыз биікте желбіресін!

Деніміз сау болсын!

Жүзымызден күлкі кетпесін!

Бейбітшілік заман болсын!

Біз аман болайық!

-Рахмет балалар, енді біздің әлі де уақытымыз бар екен. Олай болса, «Ханшатыр» ойын-сауық орталығына барып қыдырайық!

-«Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығының ғимараты Орта Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архитектуралық жоба болып табылады. Бұл кешеннің биктігі 200 м құрайды. «Хан Шатырдың» ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін 7 және 4 м-лік су сырғанақтары жабдықталған.

-Олай болса «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығына қош келдіңіздер!

Перде ашылады.

«В гостях у сказки»

«До ре ми»

-Бар жақсылық балалар үшін, бар жақсыны балаларға сыйлайық! Бала біздің бақытымыз. Бұлар – біздің болашақ жұлдыздарымыз.

Сабыр «Бір жұлдызың боламын мен де»

-Балалар, сендерге «Хан Шатыр» ұнады ма? Нұрсұлтанның қызықты саяхатының естелігі ретінде өздеріңе арналған сыйлықтарды алуды ұмытпайық!

-Енді балалар, біздің ауылға қайтатын уақытымыз таяп қалды, ұшаққа отыруға аз қалды. Енді біз әуежайға барып, ауылға қайтамыз.

Ұшу сәті

Хор

-Міне, біздің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарамыз ойдағыдай өтіп, балаларымыз жақсы қатысты. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын! Балаларымыз бақытты болсын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!