400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқі әс-әрекетінің технологиялық картасы "Дұрыс тамақтану"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке жасына дейінгі балаларға қазақ тілін оқыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Топ: Ересек тобы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: Дұрыс тамақтану

Қазақ тілі мұғалімі: Смаилова Әлия Әбутәліпқызы

Мақсаты: Балаларға дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы мәлімет беру. Балалардың ойлау қабілеттерін, ауызекі сөйлеу тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту. Дұрыс тамақтану әдебі туралы айтып, балаларды өз денсаулықтарын күтуге баулу.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, суретті сөздіктер, кластер

Сөздік жұмыс: тамақ-еда-food, тамақтану-питаться-to eat, дұрыс-правильно-healthy, пайдалы-полезно-useful, зиян-вредно-unuseful


Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Шаттық шеңберіне тұрып, «Сәлем достар! Hello friends!» әнін қазақ және ағылшын тілдерінде айту

Балалар сәлемдеседі


Әнді екі тілде айтады

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

«Дұрыс тамақтану» кластерімен жұмыс:

– Мына кластерге қарайықшы, не көріп тұрсыңдар?
– Балалар, бұл тағамдар адам ағзасына пайдалы ма?

-Ал, қандай тағамдардың зияны бар?
–Деніміз сау болу үшін біз қалай тамақтану керекпіз?



Жаңа сөздермен жұмыс:

тамақ-еда-food

тамақтану-питаться-to eat

дұрыс-правильно-healthy

пайдалы-полезно-useful

зиян-вредно-unuseful

-сөздерді үш тілде оқып, түсіндіру;

-дауыстап қайталау;
-«Баспалдақ» әдісі бойынша сөйлемдер құрастыру

Дұрыс.

Дұрыс тамақтану.

Мен дұрыс тамақтанамын.

Кластерге сүйеніп дыбыстық жаттығу өткізу:

Ақ-ақ-ақ – тамақ-

Кө-кө-кө – көкөніс

Ық-ық-ық – балық

Іс-іс-іс – жеміс

Ақ-ақ-ақ - жаңғақ


Сергіту сәті:

Оңға қарай түзу тұр

Солға қарай түзу тұр

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық


«Пайдалы/зиян тағамдар» дидактикалық ойын:

– Балалар, мына қораптағы пайдалы және зиян тағамдарды топтап жинайықшы. Бірінші бағанаға пайдалы, екінші бағанаға зиян тағамдарды іліп қоямыз (суреттердің атауларын үш тілде айту)

Пайдалы тағамдар

Зиян тағамдар

сәбіз-морковь-carrot

нан-хлеб-bread

су-вода-water

шырын-сок-juice

алма-яблоко-apple

ет-мясо-meat

балық-рыба-fish

жаңғақ-орех-nut

кәмпит-конфета-candy

coca-cola

балмұздақ-мороженое-ice-crem

гамбургер-hamburger

шоколад-chocolate

торт-cake

қуырылған картоп-жаренная кортофель- fried potatoes


Өлеңмен жұмыс:

Өлеңді оқып, түсіндіру

– Балалар, қане, мұқият тыңдайық
Дәрумендер тірегің,
АВСДЕ деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.

– Балалар, сондықтан да пайдалы тағамдарды пайдаланып, дұрыс тамақтануды ұмытпайық

Кластерге сүйеніп сұрақтарға жауап береді






-Жемістер, көкөністер, азық-түлік, т.б.


-Иә, пайдалы


-Тәтті тағамдар, газдалған сусындар

-Дұрыс тамақтану керек



Сөздерді жеке-жеке, топппен қайталайды








Сөздермен сөйлемдер құрастырады




Буындарды, сөздерді қайталайды







Тақпақты дауыстап қайталап, қимылдарды орындайды




Пайдалы және зиян тағамдарды топтастырады

Суреттердегі тағамның атауын үш тілде айтады
























Өлеңді тыңдап, қайталайды

Рефлексиялық-түзетушілік

«Денсаулық – зор байлық» деген, олай болса, кластерде көрсетілген дәрумендерге толы жеміс-жидек, көкөністерді, пайдалы тағамдарды жеп жүрсеңдер ешқашан ауырмайсыңдар

-Осымен, сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!

Мақалды қайталап, мағынасын түсінеді






Үш тілде қоштасады


Күтілетін нәтиже:

біледі: зиян, пайдалы, дұрыс тамақтану сөздерін қазақ тілінде дұрыс айтуды және күнделікті өмірде қолдануды;

игереді: қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуды;

меңгереді: пайдалы, зиян тағамдар туралы мағлұмат алады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі