400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу - қызметі "Жабайы жануар. Аю"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Таным» білім беру саласы бойынша жаратылыстану ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні, айы, жылы:________________

Білім беру саласы:Таным

Тақырыбы: Жабайы аңдар .Аю

Мақсаты:

1.Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік беріп,оның ішінде аюмен жақын таныстыру.

2.Аюдың не себепті жабайы аңдардың қатарына жататындығын түсіндіру,оның тіршілігі туралы әңгімелеу.

3.Аңдарға қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға баулу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу ,ойын.

Көрнекіліктер:Аңдардың түрлі түсті суреті,логикалық тапсырмалар ұлестірмелі материалдар.

Әрекеттердің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Ұйымдас тырушылық қозғаушылық

Балалар бір-біріне тілек тілеп шаттанады.

Кел, балалар күлейік,Күлкі менен түлейік !

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Балалар дөңгелене шаттақ шеңберіне тұрады.

Балалар педагогпен бірге қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

1.‹‹Қандай аңның жүрісі»ойыны

Шарты:әр аңның жүрісін әуен ырғағымен келтіру. Балалар жүрісін салған аңдарды атап шығарады.

2.Жұмбақ шешу.

Тәтті көрсе бас салар,Айнымайды баладан

3.Әңгіме жүргізу.

-Орманды мекендеп,өз бетімен тіршілік ететін аңдарды жабайы аңдар деп атамыз.Олар:қасқыр, аю,түлкі,тиін.Жабайы аңдар азықтарын орманнан тауып жейді.Қыста қардың көп түсуіне байланысты аңдардың азық табуы қиындыққа соғады.Осы кезде аңдар адамдардың көмегін қажет етеді.

Сендер жабайы аңдарды қайдан көрдіңдер?

-Иа ,балалар аңдарды,теледидардан,хайуанаттар бағынан көрдік.

Хайуанаттар бағында аңдарға арнайы күтім жасалады,онда жұмыс істейтін мамандар жануарларды қоректендіреді.Ал аңдарды көруге келген адамдардың тамақ беруіне рұқсат етілмейді,өйткені аңдар өте қауіпті

4.Сергіту сәті.

Қораңдаған аюдыңҚұлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайықҚалтамызға салайық

5.Суретпен жұмыс.

-Суретте қандай аң бейнеленген?

-Иә, балалар дұрыс айтасыңдар аю екен.Аю-жабайы аңдардың бірі.Жазда аю кез келген жерде өзінің қорегін таба алалады.Сонымен бірге аю араның балын да жақсы көреді. Аш кезінде шөп пен ағаштың тамырымен қоректенеді.Ол қысқы ұзақ ұйқы алдында жақсылап қоректеніп,денесіне май жинап алады.Аюлардың түстері қоңыр,ақ болып келеді.Аюдың баласын қонжық деп атайды

-Аю қалай жүреді?

-Міне балалар жабай аңдар оның,оның ішінде аюлар туралы көп нәрселер білдік .Сондықтан да аңдарға қамқорлық көрсету керек. 6.Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Шарты: қалған бөліктерін жабыстыру.

Балалар педагогпен бірге ойнайды.

Балалар суретке қарап ,жұмбақтың жауабын айтады

-Шешуі:аю







Аю,түлкі,қоян жабайы жануарлар .



Түлкінің суретін кітаптан кордім.

-Теледидардан көрдім.





Балалар сұрақтарына шамаларына карай жауап берді бір-бірінің жауаптарын толықтырды.

Балалр аюдың қимылын келтіріп, олеңді қайталап айтады.

-Аю,- деп жауап береді.







Педагог көмегімен бірге жауап береді.



-Қорбаңдап (аюдың жүрісін салады)

-Аюдың баласы қонжық

Балалар педагогтің көмегімен жапсырманы жапсырады.


Рефлекциялық түзетушілік

Сұрақтар:

1.Жабайы аңдарға нелер жатады екен

2.Аюдың баласын не деп атайды екенбіз?

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата біледі;

Аюдың тіршілігі туралы білімді игерді;

Аюдың тіршілік ортасы туралы білімді меңгерді;

Толтырған тәрбиешінің аты-жөні: _________________



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
580
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі