«Бэйби Бум» ЖШС-ң
қарамағындағы «Аққу» балабақшасы
Ұйымдастырылған оқу
әрекетінің ашық қаралымы
Тақырыбы: «Ұлттық
құндылықтар-біздің байлығымыз»
№8 «Балбұлақ» ересек
тобы

Тәрбиеші: Акпарова
З.М
Көкшетау
қ.
2024-2025жж.
Білім беру
саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді
дамыту
Тақырыбы: «Ұлттық
құндылықтар біздің байлығымыз»
Мақсаты:
1.Білімділік: Топпен заман талабына сай
жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру.
Балаларды ұлттық
құндылықтармен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және
зерттеушілік әрекеттердің қарапайым дағдыларын меңгерту. Сұрақтарға
жауап беруді үйрету.
2.Дамытушылық: Жағымды ой, ішкі сезімін
қалыптастыру, адамның ішкі мүмкіндіктері туралы ұғымды кеңейту, өз
күшіне сену және өз - өзіне баға беруді
дамыту.
3.Тәрбиелілік: «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»
негізінде ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Шапшаңдыққа,
ептілікке, жылдамдыққа, сабырлылыққа, зейінін тұрақтандыруға
тәрбиелеу.
Керекті
құралдар: интерактивті тақта, асықтар,
оюлы текше, оюлы кілем, гольф таяқшасы.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру ,сұрақ-жауап,
бақылау.
Билингвальді компонент:
жасыл-зелёный-green, көк-синий-blue.
Ұйымдастыру
кезеңі:
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бүгін безде
ерекше сабақ болғалы жатыр, біздің сабағымызға қонақтар келді.
Алдымен қонақтарымызбен амандасып
алайықшы.
Балалар: Сәлеметсіздерме!
Шаттық
шеңбері
Сәлем,
сәлем
Шапалақ
соғайық,
Сәлем,
сәлем
Шапалақ
соғайық,
Өте
керемет!
Аяқты
ұстайық,
Айналып
тұрып,
Сәлем
жолдайық!
Барысы:
Есік тарсылдатқан дыбыс
шығады
(ортаға әже
кіреді)
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы
қонақтарымызбен қатар әжеміз де келіп қалды.Балалар әжемізге
өнерімізді, білгенімізді көрсетейік. Төрлетіңіз, Әже! Қонағын
ойлаған кісі төрге шығады.
Тәрбиеші: Балалар бәріміз үстелдерге
жайғасайық.
1 - топ. «Асықтарды сурет
бойынша ретімен орналастыру»
Мақсаты: Ептілікке, ұқыптылыққа, сергектікке
баулу, төзімділікке тәрбиелеу.
Шарты: суреттегі асықтардың реттілігі
және түстері бойынша, ретімен орналастырып
қою.

2 - топ. «Оюлардан пазл
құрастыру»
Мақсаты: Балаларды ұшқыр ойлауға,
логикасын дамытуға көмектеседі, ұсақ қол моторикасы дамиды, ойлану,
зейін тұрақтылығы қалыптасады. Топтық жұмыс арқылы баланың
белсенділігін арттыру.

3 – топ. «Планшет»
эксперименті
Мақсаты: Балалардың танымдық
белсенділігін арттыру. Зерттеуге деген қызығушылықтарын
ояту.
Керекті
жабдықтар: сусабын, су, трубочкалар,
балық суреті.
Шарты: Трубочкадан жасалған планшетте
балалар балықтарды жүзгізеді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!
Тапсырмаларды жақсы орындап шықтыңдар. Енді келесі тапсырмамызға
тоқталайық.
Әже: Балалар қандай керемет!
Тапсырмаларды жақсы орындайды екенсіңдер! Енді менен бір ән тыңдап
көріңдерші.
Ән «Қазағымның дәстүрлері
ай»
Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы, бұл әнде
қандай қазақтың дәстүрлері аталып кетті?
Балалар
жауабы
Тапсырма: «Гольф алаңында»
ойыны.
Мақсаты: Балаларды қимыл-қозғалысты
іс-әрекеттер арқылы шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа
үйрету.
Шарты: 1-10ға дейін сандар және
олардың сұрақтары берілген. Гольф таяқшасымен допты соғады. Қай
санға доп түседі, сол санның сұрағына жауап
береді.

Сергіту сәті: «Қара
жорға»
Тапсырма: «Оюлы текше»
ойыны
Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық
оюларын ажырата білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін, көру,
ажырату қабілеттерін дамыту.
Шарты: Оюлы кілемше және оюлы текше
берілген. Балалар текшені лақтырып, қай ою түседі, сол оюдың
атауын, түсін атап соның бойымен секіреді.

Қорытынды: Балалар, бүгінгі ойындарымыз
сендерге ұнады ма? Біз қандай ойындар
ойнадық?
Балалар: Жауап береді не ойнағандарын,
қандай тапсырма орындағандарын айтады.
Тәрбиеші: Ендеше бүгінгі сабағымызды
бағалап кетейік балалар.
Бағалау. «Баскетбол»
әдісі
Жасыл
түс: ұнады
Қызыл
түс: ұнамады

Тәрбиеші: Балалар, сендер бүгін сабаққа
жақсы қатыстыңдар ,жақсы жауап бердіңдер. Жарайсыңдар!
Тапсырмаларымды орындағандарың үшін менен сендерге кішігірім
сыйлық.
Тәрбиеші: Балалар, кәнеки
қонақтарымызбен қоштасып топқа
барайық!
Балалар: Сау
болыңыз!
Күтілетін
нәтиже:
Біледі: Түстерді атауды, 1-5 ке дейін
санауды біледі.
Игереді: «Гольф алаңы», оюлардың атауын
игереді.
Меңгереді: Ұлттық құндылықтарды
құрметтеуді меңгереді.